V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
мен түсіндірмелерден, халық та-
рихынан нәр алатын деректер мен
мәліметтерден, ғұмырнамалық зерт-
теулерден басталатын қалыптасу
процесінде қиын да ұзақ жолды ба-
стан кешіреді. Ғалым А. С. Курилов
бұл турасында: «Вопрос о том, ког-
да и как возникла и сформировалась
литературная наука в той или иной
стране очень существен. Это вопрос
об исторических далях националь-
ного литературоведения, его само-
бытных истоках и источниках. Это
вопрос о времени и характере его
включения в региональный и всемир-
ный литературоведческий прогресс.
Это, наконец, вопрос о своеобразии
перехода определенного круга зна-
ний и представлений о литературе,
свойственных каждому народу, в на-
уке о литературе, когда данная ли-
тературоведческая мысль оставаясь
национальной в своем представле-
нии, понятии и форме выражения
приходит к достижениям и открыти-
ям, которые получают общенаучное
признание, становятся всеобщим до-
стоянием» деп жазды [4, 2]. Бұл пікір
қазақ әдебиеттану ғылымының туу,
қалыптасу тарихын зерттеу барысын-
да назар аударуды қажет ете отырып,
тың бағыттарда жұмыстар жүргізуге
жетелейді.
Өзінің қалыптасу тарихын жан-
жақты зерттей алмай тұрып, бірде-бір
ғылымның толық мәнде қалыптасып,
алға қарай дамуы мүмкін еместігі
жалпыға мәлім жай. Өйткені ол
зерттеулер сол ғылымның қол жет-
кізген жетістіктерін жақсылап мең-
геруіне көмектесумен қатар, өткен
жолындағы ізденістер мен іркілістерге
баға беріп, зерттеу әдіснамасының
негізгі принциптерін ашады, одан әрі
қарай дамуына ықпал жасайды. Бұл
айтылғандардың қазақ әдебиеттану
ғылымына тікелей қарым-қатынасы
бар. Егер орыс ғалымдары өздерінің
әдебиеттану ғылымының туып, қа-
лыптасу тарихын зерттеуде айтар-
лықтай табысқа қол жеткізген бол-
са, кейбір белорус, мордва, татар,
өзбек секілді ұлттардың әдебиеттану
ғылымы әдеби сын тарихын зерттеу-
мен байланыстылықта қарастыруда
тың қадамдар жасады.
Қазақ әдебиеттану ғылымын,
ондағы әдеби-теориялық ғылыми-
зерт теушілік ой-пікірдің даму үдері-
сін, әдіснамалық мәселелерін ғылы-
ми тұрғыда жүйелі тексерген күрделі
ғылыми зерттеу, монографиялық
еңбек болмағанмен, бізде бұл мә-
селені арнайы да, жанама түрде сөз
еткен мақалалар мен еңбектер бар-
шылық. Әдебиет туралы ұлттық
ғы лымның туу, даму жолдары мен
тарихының көптеген мәселелерін, ке-
лешек зерттеу жұмыстарына бағыт-
бағдар беретін соны көзқарастарды
қазақ әдебиеті сыны тарихын зертте-
ген еңбектерден көреміз.
Қазақ әдебиеті сыны тарихын
зерттеу дегеніміз – көптеген ғалым-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
417
Достарыңызбен бөлісу: |