Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет399/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
отырады. Өйткені көркемдіктен ләз-
зат алу, әсемдік пен сұлулықты ар-
дақтау, озық үлгі-өнеге бастап, жа-
мандықтан жирендіріп отыру – ха-
лықтық талап-талғамның жемісі, 
сыншылдық көзқарастың нышанда-
ры», деген ойды аңғаруға болады. 
Ғалым көркемдік даму мен 
сыншылдық-эстетикалық ой-пікір-
дің өркендеу процесін сөз ету бары-
сында ғылыми-зерттеушілік, әдеби-
теориялық сипаттағы көзқарастар-
дың ғылыми бағалаушылық мәнде 
алғаш айтылу мәселелерін де қоз ғай 
отырып, ұлттық әдебиеттану ғы-
лымының бастаулары мен қайнар 
көздері турасында тың зерттеулерге 
жетелейтін ойлар білдіреді. Негізін де 
сыншылдық-эстетикалық ой-пікір-
лер мен ғылыми-зерттеушілік, әдеби-
теориялық ой-пікірлер арасында 
қытай қорғанын қоюға болмайды. 
Зерттеу нысанасы бір көркем әдебиет 
болғандықтан да олар бір-бірін 
толықтыра отырып өркендейді. 
Бұл тұрғысынан келгенде, про-
фессор Т. Кәкішевтің қазақ әдебиеті 
сынының қайнар көздерінің бірі 
ретінде көне түркі жазба ескерт-
кіштерін алуы заңды. Олардың әде-
биеттану ғылымының арғы бастау-
лары ретінде біз сөз етіп отырған 
мәселеге де қатысы бар. Орыс әде-
биеттану 
ғылымының 
тарихын 
зерт теуші ғалымдар ұлттық ғылы-
ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық 
ой-пікірдің ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік, әдеби-теориялық ой-пікір-
дің арғы бастауларын «Игорь полкі 
туралы сөз» бен И. Федоровтың 
«Грамматика» оқулығымен байла-
ныстыра қарауларының ғылыми не-
гізі жоқ емес. Белгілі бір мұраның 
хатқа түсуі немесе тасқа қашалуынан 
көркем шығарманың ең тұңғыш 
бағалануы, яғни әдебиеттің адамзат 
қоғамындағы рухани азық ретіндегі 
өз орны мен ролін таныта бастауы 
деп ойлаған дұрыс болар. Арғысы 
әл-Фараби, Орхон-Енесей жазбала-
ры мен «Құдатұғу біліктен» баста-
лып, бергісі алғашқы қазақ баспасөзі 
бетіндегі ғұмырнамалық мақалаларға 
ұласатын төңкеріске дейін уақыт ты 
қазақ әдебиеттану ғылымының туу 
дәуіріне дейінгі пайда болу кезе ңі 
(возникновение) немесе тарих ал-
дындағы кезең деп атау керек секілді.
Т. Кәкішев қазақтың жазба әде-
биет сынының түп-төркінін көне 
замандағы түрлі ескерткіштерінен, 
орта ғасырлық жазбалардан, қазақ 
хандығы тұсындағы би-шешен дер-
ден, ақын-жыраулардан, қазақ же-
рінен шыққан ғұламалардың ең бек-
терінен көреді. Қорқыттың қазақ 
жерін аралап, әр өңірге берген баға-
ларына, әл-Фарабидің өнер жайлы 
пікірлеріне, Жүсіп Баласағұнның 
«Құтты білігіндегі» терең ойларға, 
Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат 
ат-түркідегі» қанатты сөздерге, Қожа 
Ахмет Иассауидің «Хикметіндегі» 
көркем толғаныстарға, т.б. тоқталып, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


423


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет