V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
тарихтың қоқысына лақтырып тас-
тап, жаңа пролетариат әдебиетін
жасаймыз» деп көркемдік дамудың
тарихи сабақтастығы принципін
жоққа шығарған пролеткультшыл-
дық нигилизмді жақтаушы ақын-
жазушылар
мен
сыншылардың
маркстік-лениндік ілімді үйрену
барысында В. И. Лениннің «әр
ұлттың мәдениетінде екі түрлі
мәдениет тің элементі болатыны ту-
ралы» қағидасына сүйеніп, әдеби
мұраны тек қана таптық тұрғыдан
бағалауды басшылыққа алған «тұр-
пайы со циологизм» теориясына ау-
ысу жолындағы ұзаққа созылған
қателіктері мен бұрмалаушылық-
тары, «бірыңғай ағым теориясының»
ғылыми зерттеу жұмыстарындағы
прогрессивті сипаттағы ізденістері
мен іркілістері Т. Кәкішевтің ұлттық
әдеби сын тарихын зерделеген ең-
бектерінде бұлтартпас мысалдармен
дәлелденді, әділ бағасын алды.
Әдебиеттану ғылымының қалып-
тасу тарихын ғылыми тұрғыда зерт-
теуде бұл концепциялардың ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдегі ық-
палы ыждаһаттылықпен қаралып,
жан-жақты шешіп алатын басты
мәселелердің бірі болса, оның өзекті
проблемалары профессор Т. Кәкішев
еңбектерінде болашақ зерттеулер-
ге негіз боларлықтай дәрежеде өз
ше шімін тапқандығын көруге бо-
лады. Сонымен қатар, ғалым аға-
мыз дың
соңғы
жылдарындағы
еңбектерінде тек өзіне ғана тән
қайсар батылдықпен айтып жүрген
тың бағыттағы ой-пікірлері де бар.
Ол – жетпіс жыл бойы маркстік-
лениндік идеология мен әдәснама
ықпалында жүргізіліп келген ғы-
лыми зерттеу жұмыстарымыздағы
жетістіктер мен кемшіліктерді жа-
ңаша саралау проблемасы. «Әзірге
тындырып жатқанымыз – кеңесті
жамандау, коммунистік идеология-
ны даттау. Тіпті ауыздағына ие бола
алмайтын даңғазашылдар «совет,
кеңес, әдебиет, оның көркемдік әдісі –
социалистік реализм болды» деу-
ге аузы бармайтыны былай тұрсын,
естігенде шошып тік тұратын,
іргесін алыс салатындар шықты», –
деген пікірінде үлкен шындық жа-
тыр. Кеңестік дәуірде жасалды екен
деп ғылыми-зерттеушілік, әдеби-
теориялық, сыншылдық-эстетикалық
ой-пікірдің бәрін қате деп тапсақ,
1920 жылдардың бас кезіндегі
пролеткультшылдықтың кебін киіп
шыға келетініміз анық.
Әдеби сын баспасөз бетінде өмір
сүреді. Сондықтан да әдеби сын-
ның дамуы баспасөздің дамуымен
тікелей байланысты. Қазақ дала-
сында «Түркістан уалаятының га-
зеті» (1870-1882), «Дала уалаятының
газеті» (1888-1902) газеттерінің
шыға бастауымен бірге олардың бет-
те рінде әдеби ой-пікірлер де көрі-
ніс тапты. Алғашқы аннотациялық,
ре цензиялық, әдеби шолу сипат-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
426
Достарыңызбен бөлісу: |