V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
нында сынға партиялық бағытты
жүргізу міндеті жүктелді. Әдеби
сын компартияның идеологиялық
құралына айналып, әсіресе бел-
сенділік танытқан кездерде көр-
кемдік дамуға көмектесудің орны-
на үкім шығарушы қатал әміршіге
ұқсап кетті. Көркем әдебиеттің
құн дылығын оның идеясына, онда
ұсынылған ой, яғни жұмысшы табы,
компартия, социализм мүдделеріне
сәйкес келе ме, келмей ме деген
тұрғыдан бағалағанда әдеби сында
көптеген асыра сілтеулер мен солақай
сыншылдық орын алды.
Жалпы, Т. Кәкішевтің қазақ
әдебиетінің тарихындағы күрделі
кезең саналатын жиырмасыншы,
оты зыншы жылдардағы әдеби үде-
рістің жай-күйін жетік білгендігі
осы дәуірдегі әдеби сын мәселелерін
саралағанда анық көрінеді. Әдеби
сынның әлеуметтік сипаты оны сол
кездегі қоғамдық-саяси жағдайлармен
байланыстыра қарауды қажет етеді.
Сол себепті де әдеби сын сол дәуір-
дің саяси-әлеуметтік жағдайымен
тығыз байланыста қарастырылған.
Әсі ресе, Алашорда қозғалысы, оның
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, М. Жұмабаев сияқты
көрнекті қайраткерлерінің әдеби
пікірлеріне кеңірек тоқталып, сын-
шылдық ойдың дамуындағы биік бе-
лес ретінде бағаланады.
Сондай-ақ С. Сейфуллиннің, М.
Әуезовтің, Ә. Айсариннің, Ә. Бай-
ділдиннің, М. Көшековтың, Ж. Ай-
мауытовтың, Ғ. Тоғжановтың, Т. Арыс -
танбековтың, Д. Ысқақовтың, Ж. Сәр -
сенбиннің, К. Кемеңгеровтің, Ш. Тоқ -
жігітовтің,
С.
Садуақасовтың,
Ы. Мұстанбаевтың, І. Қабыловтың,
Ә. Мусиннің, Х. Жүсіпбековтің,
М. Қайыпназаровтың, Қ. Өтеповтің,
Р. Уалиахметовтің, т.б. сол кездегі
әдеби процеске араласқан көптеген
сыншылардың еңбектері талда-
нылды. Аумалы-төкпелі заманда
тұсаулы ғұмыр кешкен әдебиет сын-
шыларының қызметіндегі артық-кем
түсіп жатқан тұстарын да жасырмай
жайып салады.
«Қазақ әдебиеті сынының та-
рихы» оқулығында халықтық сын-
шыл дық эстетикалық көзқарасынан
бастау алып жатқан халық ауыз
әдеби мұраларынан басталып, қа-
зақтың тұңғыш газет-журналдары –
«Түркістан уалаяты», «Дала уалая-
ты», «Айқап», «Қазақ» сынды баспа
сөздердің сыни ой-пікірдің тууына
игі әсерін жан-жақты талдап, зерт-
теумен қатар әр кезеңдегі әдебиеттің
партиялығы, әдебиеттің таптығы
тұрғысынан баға беру және әр түрлі
әдеби ағымдар «тұрпайы социоло-
гизм», «бірыңғай ағым теориясы»,
«пролеткультшылдық»-тардың ара-
сын дағы
айтыс-тартыстар
мен
өрістес келіп жатқан ой-пікірлердің
ақ-қарасын айқындаумен құнды.
Ғалымның ғылыми еңбектеріне тән
сипаттың алғашқысы әдебиет пен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
428
Достарыңызбен бөлісу: |