V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
және ХХ ғасырдың жиырмасын-
шы жылдардағы қазақ әдебиетін
зерттеуші өзге де ғалымдар еңбегі
бүгінгі күн мүддесіне толық қызмет
етеді. Бұл орайда, өзге ғалым еңбегі
бір төбе де, әдебиетіміздің осы күр-
делі кезеңінде бар ғұмырын сарп
етіп келе жатқан Тұрсынбек Кәкішев
еңбегі бір төбе. Дәуір әдебиетіне түрлі
аспектіде келіп, жан-жақты зерттеген
ғалым еңбегі бірнеше ерекшелігімен
дараланады.
1960 жылы «Қазақ әдебиетінің
қа лыптасу дәуіріндегі идеялық-твор-
честволық мәселелер (1917-1929 жж.)»
деген тақырыпта кандидаттық дис-
сертация қорғады. Осы зерттеу ең-
бегін Т. Кәкішев 1962 жылы «Ок-
тябрь өркені» атты монографияға
айналдырады. Бұл кітап жас ғалым-
ның өткір де толымды ойларының
молдығына ғана емес, сонымен қатар
қазақ әдебиеттану ғылымында тари-
хи мұрағаттық деректерді пайдалану,
сөйтіп дәуір шындығын ашу үшін
ғылыми ізденімпаздық жолға түсу
мәселелерін күн тәртібіне қойды.
Сан-салалы ғылыми ізденістер дің
нәтижесінде әдебиет тарихында өзін-
дік орны бар, бірақ әртүрлі себептер-
мен айтылмаған, ұмтылуға жақын
қалған есімдерді уақыт тозаңынан та-
зартып, әдеби айналымға әкеп қос ты.
Мәселен, Жиенғали Тілепбергенов,
Елжас Бекенов сынды дарындар жа-
йында Т. Кәкішев арнайы мақала жа-
зып қана қоймай, олардың еңбектерін
жинау, жариялау ісімен шұғылда-
нады. 1957 жылы Саттар Ерубаевтың
мұраларын түгелге жақын жинап,
жеке кітап етіп шығарады. Оны
толықтырып 1979 жылы екінші,
1994 жылы үшінші рет жарияла-
ды. 1959 жылы Сабыр Шариповтің
екі томдығын Қ. Жармағанбетовпен
бірлесіп шығарса, С.Шариповтің
100 жылдығына бағыштап 1982 жы -
лы екінші рет жариялады. 1960 жыл -
дан бастап С. Сейфуллиннің алты
томдығын шығаруға белсене қа-
ты сып, 4. 5, 6 томдарын құрас ты-
рады. 1969 жылы Жиенғали Ті леп-
бергеновтің «Ізбасар» атты таң да-
малы жинағын шығарса, Елжас Беке-
новтің «Дала қоңырауына» алғы сөз
жазды.
Өз еңбегімен қатар өзгенің шы-
ғармаларын ескі газет-журналдардан
тауып алып, оған қайтадан өмір беру,
архив ақтару машығы ғалымның
өзіне ғана емес, ғылымға да олжа
салғанын көреміз. Ғалым зерттеулері
әменде практикалық қажеттілікпен
астарласып жатады. Профессор Т. Кә-
кішев қазақ әдебиетінің тарихын жа-
сау жолындағы ғылыми-әлеуметтік
мәні зор іске белсене араласуда
«Қазақ әдебиет тарихының» үшінші
томының І және ІІ кітаптарына ар-
наулы тараулар мен бөлімдер жаз-
ды. Екінші кітаптың жауапты ре-
дакторының бірі болды. Е. Ысмайы-
лов, М. Дүйсенов үшеуі бірігіп СССР
Ғылым академиясының М. Горький
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
430
Достарыңызбен бөлісу: |