І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
же вечер Адылхан, знающий много
оргинальных стихов Абая, спел нам
несколько его переводов из Лер-
монтова, пояснив при этом, что
Лермонтов был недоволен жизнью,
а Пушкин относился к кей как
мудрец», – деп жазуының ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің даму жолы
үшін үлкен мәні бар [16, 5]. Бұл біз
жоғарыдағы тарауда сөз еткен 1903
жылы Петербургте «Ресей. Біздің
Отанымыздың толық географиялық
сипаттамасы» деген көп томдық-
тың ХVІІІ томындағы Абай туралы
ғылыми пікір білдіріп, оны жазба
әдебиетінің көш басшысы деп ба-
ғалаған тұжырымның иесі бұрын
айтып жүргендей А. Н. Седельников
емес, Ә. Бөкейханов еді деген ойы-
мызды дәлелдей түседі. Онда Ә. Бө-
кейханов Семей әншілерінің аузы нан
«Татьянаның хатын» тыңдауға бо-
лады деп атап тұрып жазған болатын.
Ә. Бөкейхановтың Көкен болысын да
болдым деуінің өзі қызық дерек. Ол
Абай мен Әлихан кездеспеді ме екен
деген ойға жетелейді.
Ә. Бөкейханов мақаласын ғасыр
басындағы әдеби-тарихи бағыттағы
ой-пікірдің көріну дәрежесіне сай
бағаласақ, бұл еңбектер – шын мә-
ніндегі ғылыми зерттеу. Қазақ әде-
биеті тарихында ерекше орын ала-
тын дарындар туралы алдыңғы та-
рауда сөз еткен ғұмырнамалармен
салыстырғанда, бұлардың салма-
ғы өзінің ғылымилық сипатымен
ерекшелене түсетіні сөзсіз. Бұл тұр-
ғыдан келгенде мақала мен аудар-
маның ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірдегі жаңашылдық сипаттарына
көңіл аудару қажет. Ол үшін бұрын
сөз еткен ғалымдарды қайталамай,
тек негізгі проблемалық мәселелерді
ғана атап өтсек те болады.
1. Ұлы ақын Абайдың ата-тегі
мен өмірбаяны естелік деректер кел-
тірілген үлгіде тұңғыш рет жазылып
шығып, әдебиет тарихын зерттеуге
бастама жасалды.
2. Қазақтың халық ауыз әдебие-
тінің, XVІІІ-XІX ғасыр басын дағы
қазақ поэзиясы мен шығыс ақын-
дарының, әсіресе озық үлгі дегі
орыс әдебиет өкілдерінің Абай дың
өнер паздық тұлғасының қалып та-
суына тигізген игі әсерін, өнерге
деген эстетикалық көзқарасын қа-
лып тастырудағы ықпалының мәнін
ашуға деген ұмтылыс көрініс тапты.
3. Абай поэзиясының құдіретін
таныту,ақындық әлемін жан-жақты
көрсету мақсатында К. Ысқақов пен
Ә. Бөкейханов жинақтағы өлеңдерді
17 түрлі тақырыпқа бөліп жүйе лей
отырып құрастырады. Академик
М. Әуезов: «Жинақтағы жасалған
жіктеулер дәл, дәлді емес» деп атап
өткендей онша сәтті шықпаса да, осы
жинаққа дейінгі қазақ кітаптарын-
да бұл сипаттағы тақырыпқа бөліп
құрастырудың кездеспейтініне көңіл
аударсақ, жинақтың жаңашылдығы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|