ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ды. Сын «ескі» және «жаңа» өлең
туралы мәселе көтеріп, бұрынғы
«Зар құм», «Сал-сал» сипатындағы
өлең дер мен «керекті-керексіз сөздің
бәрін өлең қылып терген, кейіп жоқ,
келісім жоқ» «қатын ойбайды» қатты
сынап, үлгі-өнеге алатын бағыт ұлы
Абай салған жол деп көрсетіп берді.
Міне, осы кезде өзінің туу дәуіріне
қадам басқан ұлттық әдебиеттану
ғылымының алдында «бізде ұлттық
әдебиет қандай деңгейде? Оның өт-
кен тарихы қандай? Ол қай кезең-
дерден басталды және көрнекті
ақын дары кім?» деген міндетті түрде
ше шіп алуға тиісті өзекті сұрақтар
қойылды. Жалпы қандай да болсын
елдің әдебиеттану ғылымы өзінің
туу жолын осы секілді сұрақтарға
жауап беруден бастайды. Өйткені,
бұл сұрақтарға жауап беріп алмай,
ұлттық әдебиеттің тарихи даму жолы
мен негізгі ерекшеліктерін, басты
кезеңдерін зерттеу мүмкін емес. Бұ-
лар секілді проблемалық сұрақтарды
шешу кейде жалпыдан жалқыға не-
месе жалқыдан жалпыға қарай да-
му заңдылығына орай жүргізіледі.
Өзінің туу дәуіріне дейінгі тарихи
алғы шарттарға толы дайындық кезе-
ңіндегі қол жеткізген дәрежесіне сай
әр ұлттың әдеби-тарихи бағытта ғы
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірі бұл
сұрақтарды өз деңгейінде шешеді.
Мысалы, орыс әдебиеттану ғылымы
бұған өлеңтану саласындағы әдеби-
теориялық бағыттағы зерттеулер
жүргізу арқылы келді. Бұл секілді
маңызды сұрақтарға жауап бере ал-
ған әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір ұлттық әде-
биет туралы ғылымның туа бастаға-
нын дәлелдеп шығады да, қалып-
тасу дәуіріне дейінгі ізденістер мен
іркілістерге толы сапарын бастайды.
Бұл секілді күрделі сұрақтарды
ғасыр басындағы әдеби-тарихи ба-
ғыт тағы ой-пікірдің оңтайлы шешіп
алуына, сол кездегі қоғамдық ойдың
қазақ халқының шығу тегі және та-
рихы туралы ғылыми-танымдық ма-
ңызы зор мәселені көтеруі өз ықп-
алын тигізді. Баспасөз бетіндегі ғы-
лыми публицистикалық сипаттағы
мақалалар халық тарихын, тұрмыс-
тіршілігін, шығу тегіне байланысты
аңыздар мен шежірелерді, дүние-
танымдық көзқарасын, этногра фия -
сын сөз етуінің әсері болмай қал
-
мады. Себебі, авторлар халық та-
рихы туралы жазу барысында оның
мәдениеті мен әдебиеті туралы өз
ойларын да айтып қалып отырған.
«Айқап» журналындағы К. Бәтеш-
ұлының «Қазақ шежіресі» (1911,
№3), С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ
жа йынан» (1915, №14, 15), М. Қазақ-
ұлының «Ғылым бабынан» (1911,
№1), Қ. Жастабановтың «Тағы да
қа зақ жері жайынан» (1912, № 4,
5, 6), Д. Қашқымбайұлының «Кел,
қазақ, ел болайық!» (1911, №6), «Қа-
зақ халқы тарихын уә шежіресін сұ-
раушыларға» (1912, №11), Ғ. Мұ-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|