Хх ғасырдың 30 -40 жыларында Сыр өңірінде мамандардың даярлануы



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі410.04 Kb.
#138181
  1   2   3
ХХ ғасырдың 30 -40 жыларында Сыр өңірінде мамандардың даярлануы.
Абдразакова А.У.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты
Оңтүстік өңірі қазақ мәдениетінің тарихы мен тағдырында өшпес терең із қалдырды. Сыр бойы Қорқыт Атаның тағдырына қатысты аңыз - әңгімелерге толы болса, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби рухани тарихымызда орны ерекше Отырардан шыққанын әрбір қазақстандық жақсы біледі. Бұл аймақ қазақ әдебиеті мен өнеріне, ғылымына Тұрмағанбет Ізтілеуов, Саттар Ерубаев, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетов, Бауыржан Момышұлы, Шахмардан Есенов сияқты әйгілі тұлғаларды дүниеге әкелді. Осынау тұлғалардың әрқайсысының шығармашылық жолы мен отан алдындағы еңбегі бір – бір монографияға арқау болатын тақырып екеніне ешқандай күмән болмаса керек.

Кеңестік дәуірдегі ұлттық интеллигенцияның қалыптасу тарихын қозғаудан бұрын «интеллигенция», «зиялылар», «мамандар» деген ұғым-терминдердің мән-мағынасын ашып алайық. Бұл турасында Хангелді Махмұтұлы Әбжәнов өзінің ойын былай деп білдіреді: «Біздің ойымызша, интеллигенция әлеуметтік қауым ретінде зиялылардан (интеллектуал) және мамандардан тұрады. Зиялылар деп интеллектуалдық ізденісі арқылы таным мен практиканың жаңа көкжиектерін ашқандарды атасақ, мамандарға әртүрлі деңгейдегі ой еңбегі міндетін терең ізденусіз-ақ кезінде алған кәсіби білімі ауқымында атқарушыларды жатқызуға болады.» [1, 178 б.]. Егер Оңтүстік Қазақстанның кеңес дәуіріндегі интеллигенциясында интеллектуал топты кімдер құрайды деген сұрақ қойылса, әдебиетте Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Қалмақан Әбдіқадыров, өнерде Нартай Бекежанов, Серке Қожамқұлов, саясатта Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Сүлеймен Есқараев,Темірбек Жүргенов тағы басқалар ауызға ілінер еді. Интеллектуалдар бірін-бірі қайталамайды, қалдырған мұраларын шатастырып алу да мүмкін емес. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда маман даярлау ісі негізгі және басты мәселелердің бірі ретінде танылды. Өйткені білікті мамандарға деген қажеттіліктің өтелмеуі социалистік қайта құруларды бірден аяқтан шалған еді. Мұғалімдер, дәрігерлер, механиктер, агрономдар, басқа да мамандық иелері жетіспегендіктен 1920 жылы 24 желтоқсанда Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі Түркістан кәсіптік білім беру комитетін ұйымдастыру туралы қаулы шығарды. Бұл жылдары әсіресе жастарды өндіріске жаппай даярлау қолға алынды. Осы орайда кәсіптік – техникалық училищелер жұмысшы кадрларды дайындайтын тұңғыш оқу орнына айналды. Сонымен қатар фабрика – заводтық оқу орындары мен әр түрлі курстар жүйесі құрылды. Кәсіптік оқу орындары желісінің кеңеюі барысында жалпы біліми дайандығы әлсіз жергілікті жастардың жоғары оқу орындары мен техникумдарға арналған бағдарламаны меңгеруге шамасы келмейтіні анық байқалды. Студенттердің осы санаты үшін жұмысшы факультеттері ашылды.

1923 жылы 22 маусымда Тұрар Рысқұловтың төрағалық етуімен өткен халық комиссар кеңесінің Үлкен кеңесінің мәжілісінде республикадағы ауыл шаруашылығы мектептерінің жағдайы қаралды. Онда, Тұрар Рысқұлов былай дейді: «Мен ауыл шаруашылығы мектептері туралы мәселе біз үшін аса маңызды деп ойлаймын. Егер біз мәдени – ағартуды іспен жақсартқымыз келсе, онда техникалық соның ішінде ауылшаруашылық біліміне ерекше көңіл бөлуіміз қажет» [2, 379 б.].

Оңтүстік өңір мәдениетінің тарихында ХХ ғасырдың 30-40 жылдары айрықша орын алады. Орта Азия республикаларын ұлттық – территориялық межелеу нәтижесінде Қазақ республикасына қосылған Сырдария облысының территориясындағы кәсіптік білім беру мекемелерінен тек Шымкенттегі педагогикалық техникумы қазақ республикасының меншігіне өткен еді [3, 21 п.]. Ал Ташкенттегі ауылшаруашылық техникумы барлық жабдығымен Өзбек республикасының құзырында қалған соң, онда оқитын қазақ жастары Шымкентте ашылып жатқан ауылшаруашылық техникумына ауыстырылды [4, 176 п.].

Ауылшаруашылық техникумы ресми түрде 1925 жылғы 30 мамырда ашылғанымен 15 тамызға дейін техникумды орналастыру әрі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте қаржы тапшылығы жұмысты өрге бастырмады.Өйткені халық комиссариаты сметасында ауылшаруашылық техникумын ашуға ешқандай қаржы бөлінбегендігі белгіліболды. Бұл ұйымдастыру жұмыстарына көп кедергілерге келтірді. Техникумға қажетті баспана табу, оқушыларды жатын орындарға орналастыру қиыншылықтар тудырды. Оқу құралдары, жиһаз, оқулықтар, оқытушылар жетіспеді. Губерниялық атқару комитетінің, халыққа білім беру бөлімінің көмегімен баспана мәселесі өз шешімін тапты. Ауылшаруашылық техникумы фарфор – фаянс заводының ғимаратына орналастырылып, өз жұмысын бастауға мүмкіндік алды.

Техникум әлі қалыптасу үстінде, әрі контингенті шағын болғандықтан халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Оның үстіне жастардың мамандандырылған оқу орындарындағы оқуға жеткілікті даярлығы жоқ екені кешікпей-ақ анықталды.

Студенттер арасында жергілікті халықтың өкілдері тым аз болды. Өйткені жергілікті халықтың негізгі бөлігі әлі де болса ауыл – селоларда тұратын. Ал, ауылда орталау мектептер жоқтың қасы еді, орта мектептер атымен болған жоқ. Ауыл балаларының тек бастауыш біліммен ғана қаруланғаны себепті, кәсіби оқу оқу орындарында білімдерін тереңдетуге мүмкіндіктер болмады.

Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін 1924-25 оқу жылынан бастап жер – жерлерде шаруа жастар мектебі ашыла бастады. Мектеп жанынан жатақханалар ұйымдастырылып, киім – кешекпен, жататын орынмен қамтамасыз ететін болды. Мектепке жер танабы мен ауылшаруашылық жабдығын бөлу қолға алынды. Әрбір мектеп аудандағы ауылшаруашылық ерекшелігіне байланысты егіншілік бағытын немесе егіншілік – мал шаруашылық бағытын ұстанды. Мектепте негізінен өндірістік оқуға негізгі көңіл бөлініп, оқу жоспары маусым бойынша жасалынды. Қыста – жалпы білім беретін теориялық сабақтар жүргізілсе, жазда – шаруашылық жұмыстарына көбірек мән берілді. Шаруа жастар мектебінде оқу әдетте 10 қазан – 1 мамыр аралығында жүргізілді [5].

Отызыншы жылдарда Сыр өңірінде педагогикалық оқу орындарының мынадай жүйесі қалыптасты:


  1. Жоғары педагогикалық оқу орындары, мұнда екінші басқышты мектептерге, техникумдарға, жұмысшы факультеттеріне, 7жылдық мектептерге оқушы дайындады.

  2. Педагогикалық техникумдар мен педагогикалық бағыттағы екінші басқыш мектептері, бұлар бірінші басқыш мектептерге оқытушылар дайындады.

3. Педагогикалық курстар[6].

Тастанов Ш.Ю. «Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов» деген еңбегінде педагог мамандарды даярлауды, ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруды екі кезеңге бөледі: бірінші – 1917 жылдан – 1927 жылға дейін, екінші – 1928жылдан -1940 жылға дейін. [7].

Бірінші кезеңнің ерекшелігі мұнда мұғалімдер алғашқы жылдары қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру және көптеген орта педагогикалық оқу орындары – техникумдар мен ағарту институттары арқылы даярланды. Бұл курстар 1940 жылға дейін өз маңызын сақтап қалды. Екінші кезең(де (1928-1940) бастауыш, орта мектепке мұғалім кадрларын даярлаумен қатар жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары үшін де педагог мамандар даярлап жетілдіру мақсатында педагогикалық техникум, училищелер, жұмысшы факультеттерін, жоғарғы оқу орындарын жеделдете дамытуға көңіл бөлінді.

Мәселен кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығының соңына қарай республикада маман кадрларды 24 техникум дайындады, соның ішінде 14-і педагогикалық және 7-і ауылшаруашылық мамандығы бойынша еді. Бұлардағы 3,5 мың оқушының 37,8 %-ы қазақ жастары болды [8, 267 б.]. Бұл өсу кейінгі жылдары да толастамады. Оны төмендегі кестеден байқауға болады [9, 211 б.].

Кесте 10 – Жамбыл, Қызылорда, Шымкент қалаларындағы орта арнайы оқу орындары







Оқу орындары

Оқушылар




1932

1933


1937

1938


1938

1939


1939

1940


1932

1933


1937

1938


1938

1939


1939

1940


Жамбыл

4

4

4

5

531

758

863

818

Қызылорда

11

8

8

8

812

1808

1900

1567

Шымкент

6

10

12

12

638

1927

2174

2563

Сонымен 1932-33 оқу жылында 21 техникумдар мен басқа орта оқу орындарында 1981 оқушы болса, 1939-1940 оқу жылында орта арнайы оқу орындарының саны 25-ке, оқушылар контингенті 5 мың адамға жуықтады. Осындай қарқынмен өсу өңір тарихында бұрын соңды болмағаны белгілі жайт. Бұл әрине көңіл қауантатын сандар болды.

Мектеп пен орта арнайы білім беру саласындағы ілгерілеу жоғары оқу орнын ашуға мүмкіндік туғызды. 1937 жылы Қызылордада педагогикалық институт шаңырақ көтерсе, Шымкент қаласындағы Мұғалімдер институты алғашқы студенттерін қабылдады. Қазақ «жаман айтпай жақсы жоқ»дейді. Қызылорда педагогикалық институтының тарихы осыған айғақ - дәлел. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам кәріс Қызылорда жеріне зорлықпен қоныс аударғаны белгілі. Сол жылы Корей педагогикалық институты Қызылорда қаласына қоныс тепкен еді. Тұтас жоғары оқу орнын қуғын - сүргінмен келген аз халыққа беріп қоюды мүмкін санамаған большевиктер Корей педагогикалық институтын Қызылорда педагогикалық институты етіп қайта құра салды. 1939 жылдың қарсаңында институттағы физика - математика, тарих, жаратылыстану, филология факультеттерінде 400-ге жуық студент оқып жатты. Ал, Шымкент Мұғалімдер институтындағы студенттер саны 250 адамға жуық еді [10]. Алайда саусақпен санарлықтай жоғарғы оқу орындары өңірдің мамандарға деген сұранысын өтей алмағаны ақиқат. Сондықтан Оңтүстікке Республикадан тыс жерлердегі оқу орындарын бітірген жас мамандар жіберілді. Жоғары оқу орындары мен техникумдардағы біраз оқытушы – профессорлар мен студенттнр сталиндік жеке басқа табынудың құрбаны болды. Әсіресе өңірге қоныс аударған кәріс ағайындар жапон тыңшылары деп жаппай айыпталып жатты. Бұл әрине жығылғанға жұдырық сияқты болды. Туған жерінен күштеп бір қуылса, келген жерінде де тыныштық бермей қудаланды.

Мектеп пен орта арнайы білім беру саласында ілгерілеу жоғары оқу орнын ашуға мүмкіндік туғызды. 1937 жылы Қызылордада педагогикалық институт шаңырақ көтерсе, Шымкент қаласындағы мұғалімдер институты алғашқы студенттерін қабылдады. 1939 жылдың қарсаңында институттағы физика-математика, тарих, жаратылыстану, филология факультеттерінде 400-ге жуық студент оқып жатты. Ал, Шымкенттегі мұғалімдер институтындағы студенттер саны 250 адамға жуық еді. [11]. . Алайда, саусақпен санарлық жоғары оқу орындары өңірдің мамандарға деген сұранысын өтей алмағаны ақиқат.

Қазақстанда медицина кадрларын даярлайтын оқу орындарының тарихы да Қазан төңкерісінен кейін бастау алады. Осы кезден бастап республиканың облыс орталықтарында және ірі қалаларында фельдшерлер, медбикелер, медлаборанттар, фармацевтер, тіс дәрігерлерін даярлайтын фельдшерлік – акушерлік техникум, училищелер ұйымдастырыла бастады.

Қазақ АССР Денсаулық сақтау комиссариатының 1928 жылғы арнайы бұйрығымен Қызылорда қаласында медициналық техникум ашылды. Алғашқы техникум (Охматмлад) ана мен баланы қорғау қызметкерін даярласа, 1933жылдан бастап педиатрлар көмекшілерін, 1934 жылғы 1 қаңтардан бастап венерологтар дайындай бастады.

Өңірдегі медицина қызметкерлерін даярлайтын тағы бір оқу орны 1930 жылы Шымкент қаласында ашылды. Техникум санитарлық дәрігерлердің көмекшілерін даярлайтын болды. Қызылордадағы техникуммен салыстырғанда Шымкент мед.техникумының оқу ғимараты мен жатақханасы сын көтермейтін жағдайда еді. [12] . Бұл оқу орындарына өңірдегі денсаулық сақтау мекемелеріне орта буын медицина мамандарын даярлау міндеті жүктелгенімен 1932 жылы Шымкент медицина техникумына қабылданған 36 студенттің тек 14-і ғана Оңтүстік Қазақстан облысынан болды. 21 студент Алматы қаласының, 1 студент Жетісу облысының үлесіне тиді. [13]. Енді осы оқуға қабылданған студенттерді мамандығына және ұлтына қарай жіктесек мынадай мәлімет аламыз: мед.техник-33, санитарлық дәрігер көмекшісі-3 [14], орыс-22, украин-11, еврей-1, беларусь-1, мордва-1.[15] Байқағанымыздай техникумға қабылданғандар арасында жергілікті ұлт өкілдері жоқ. Бұл жылдары елдегі ауыр жағдай әлі еңсесін көтере қоймаған оқу орындарының да жұмысын ақсатып, студенттер контингентіне соққы болып тиді. Тұрмыс жағдайының ауырлығы, қаражатының жоқтығынан, оқуды игере алмауынан оқуға қабылданғандардың көпшілігі оқуды тастауға мәжбүр болды. 1932 жылы Қызылорда медициналық техникумында 213 тыңдаушының 84-і оқудан шығып кетеді. Бұл жылы оқу курсын тек 8 адам ғана бітіріп шығыпты. Оқуда қалған 121 тыңдаушының 115-і қыздар үлесіне тиеді. Акушерлік бөлімде барлығы 104 оқушы болса, 1932 жылы оның 31-і оқуды бітіріп, 30-ы оқуды бітірмей техникумнан шығады. Ана мен баланы қорғау бөлімінде оқитын 36 оқушының 12-і оқуды тастап шықса, жаңа оқу жылында тек екі адам ғана қабылданады[16]. 1933 жылдың аяғында халыққа дәрігерлік қызмет көрсететін медицина қызметкерлерінің саны жоспардағы берілген көрсеткіштен төмен тұрды, яғни қажетті 653 қызметкердің орнына тек 307 қызметкер жұмыс істеген, 283 дәрігердің орнына 132, 250 фельдшердің орнына 121,120 акушерканың орнына 54-тен келеді екен. Көңілді жабырқататын тағы бір көрсеткіш мед.қызметкерлерінің арасындағы қазақтардың алатын үлес салмағының аздығы: 307 дәрігердің тек екеуі жергілікті ұлт өкілі болды. Сол жылдары медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарына 70 пайыз қазақ жастарын, 10 пайыз шығыс ұлт өкілдерін, тек 20 пайыз орыс жастарын қабылдау туралы ереже шығарылғанымен, қажетті білімі бар мұсылман қыздарының өте аз болуы себепті ауылдан келген қазақ қыздары алдымен сауатсыздықты жою тобына тіркелді. [17]. Өңірдің орта медицина қызметкерлеріне деген қажеттілігін өтеу үшін акушерлік, аяжан мектептері 1935 жылдан бастап ұйымдастырылды. Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Әулиеата, Арал қалаларында аяжан мектебі, Шымкент қаласында акушерлік мектеп ашылды. Алғашқы оқу жылында аяжан мектептеріне қабылданған 105 оқушының 67-і, акушерлік мектепке қабылданған 57 оқушының 35-і қазақ қыздарының үлесіне тиді. 1937 жылы акушерлік мектебіндегі 84 оқушының 55-і қазақ еді. [18]. Бұл мектептер өздерінің ашылған уақытынан бастап облыстық сақтау мекемелеріне орта буын медицина мамандарын дайындауда елеулі роль атқарды.

Қорыта айтар болсақ ХХ ғасырдың 30 - жылдары институттар мен техникумдар, қысқа мерзімді курстар ашылып, мыңдаған қазақ жастары зиялылар мен мамандар қатарын толықтырып жатты. Әрине, большевиктік тура тартуларсыз болған жоқ. Халықтың педагогикалық жетістіктері мен талап - тілектері ұлттық мектеп тіршілігінен алыс қалды. Өңірдегі жоғары оқу - орындарына әлемдік озық тәжірибе жете бермеді. Жалпы адамзаттық құндылықтардан қол үзу білім беру жүйесіндегі оралымдылық пен икемділікті әлсіретті. Тұлғаның шығармашылық еркіндігін шектеу және мәдениеттегі жасампаздық әлеуетті кісендеу репрессиялық шаралармен жүзеге асқандықтан адамдар бойына үрей қоныстады, олардың өмір салтымен дүниетанымына бірізділік серік болды. Қазақстан бүкіл КСРО-дағы сияқты, әлемдік мәдени үрдістерден алшақтай берді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаева Г., Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих пен тағдыр. Мақалалар – Алматы: Кітап баспасы, 2003. -178 б.

2. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы: Қазақстан, 1994. - 349 б.

3. Сведения об зкономическом состоянии областей, отошедших Кирреспублике, список волостей бывшей ТССР отошедших к КССР по нацразмежеванию Средней Азии // ҚРОММ. Қ. 755; т 1, іс 74.-21 п.

4.Дополнительные сведения по Губполитпросвету // ҚР ОММ. Қ. 81; т.1, іс 1001. - 176-п.

5.Развитие народного образования и педагогической науки в Казахстане за

40 лет. - Алматы: Наука, 1968. - 121с.

6. Жаппай сауатсыздықтан оқу-білім шыңына. Алматы, «Мектеп», 1968ж. 304бет, 77 б.

7. Тастанов Ш.Ю. Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов. Алма-Ата, 1975, 50 б.

8. Культурное строительство в Казахстане: Сборник документов. - Алма – Ата: Наука, 1965. – 259 с.

9. Культурное строительство КазССР за 20 лет. - Алма –Ата: Наука, 1940. – 211. с.

10. Материалы о состоянии народного образования в КАССР // ҚР ОММ. Қ. 1692; т.1, іс 13. - 56-п.

11. ҚРОМА, 1692-қор, 1-тізбе, 13-іс, 56-п.

12.ҚРОМА, 82-қор, тізбе-2, 40-іс, 2-байлам, 3-п.

13.ҚРОМА, сонда, 14-іс, 1-байлам, 3-п.

14.ҚРОМА, сонда, 14-іс, 1-байлам, 2-п.

15.ҚРОМА, сонда, 14-іс, 1-байлам, 1-п.

16.ҚРОМА, сонда, 14-іс, 1-байлам, 11-п.

17.ҚРОМА, 82-қор, 81-іс, 5-байлам, 37-п.

18.ҚРОМА, 82-қор, 1253-іс, 88-байлам, 11-п.
Резюме

В статье рассматривается судьба национальной интеллигенции и подготовка кадров в 30-40 годы ХХ века в Южном Казахстане.


* * *
In this article the author is considered the peculiarity of forming of national intelligent in the South Kazakhstan in 1930 in XX century.


  1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.

ХХ ғасыдың 20 – 40 жылдары еліміздің тарихындағы аса күрделі кезеңдердің бірі болып табылады. Мұның басты себебі кеңестік әкімшіл -әміршіл жүйе тұсында аталмыш кезеңге қатысты ақиқатты және шындықты қаз - қалпында ашық айтуға ешбір мүмкіндік болмады. Ал бұл өз кезегінде ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы мәдени – саяси процестерді біржақты марапаттайтын және осы кезеңнің кемшіліктері мен қателіктерін жасыратын, яғни тарихи объективті шындық принциптеріне мүлде қайшы келетін ғылыми зерттеулердің көптеп өмірге келуіне жол ашты.

Тәуелсіздіктің арқасында құпия мұрағат қорларының ашылуы және олардың зерттеушілер игілігіне айналуы, тарихи ойлау еркіндігі ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы әлеуметтік – саяси процестерге байланысты тарихи таным мен тарихи білімді байыта түсті. Дегенмен, еліміздің тарихындағы ХХ ғасырдың аумалы - төкпелі 20 – 40 жылдары туралы соңғы кезде жарық көрген жаңа зерттеулерге қарамастан, әлі де тарихшылар назарын өзіне аударып отыр. Тарихи зерттеулерге ғылыми тұрғыдан баға беру, оны халықтың, ұлттың өміріне, дәстүрі мен дүниетанымдық көзқарасына қатынасы тұрғысынан көрсете білу – соңғы кезде тарих ғылымдарына қойылған басты талаптардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда кеңес өкіметінің 20 – 40 жылдардағы Қазақстанда зиялыларға қатысты жүргізілген тоталитарлық саясаты халыққа жасалған қиянат, дүниені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Әйтседе 20 – 40 жылдары қазақ қоғамының мәдени дамуына өзгерістер әкелді. Білім берудің, мәдени – көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың, әдебиет пен өнерді басқарудың, зиялылар қауымын даярлаудың жаңа жүйесін орнату сияқты мәдени шаралар тарихына тереңірек үңілсек, олрадың қалай, қандай жолдармен жүзеге асқаны, қазақ халқы үшін тарихи қажеттілігі және нәтижелері туралы жаңа зерттеулер ұлттық тарихты жаңғырту міндеттерінен туындайды.

Осылайша, «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941 ж.ж.)» тақырыпты диссертациялық жұмыстың ғылыми өзектілігі күмәнсіз деп есептейміз.

2. Диссертацияда баяндалған нәтижелерді алудағы автордың жеке үлесі.

Автор диссертациялық жұмысында баяндалған нәтижелерді алуда нақты мынадай үлес қосқан:



- ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы саяси жүйенің мәдениет құрылысындағы жүргізген реформалары өлке халқының рухани өміріне тигізген кері әсерін айқындады.

- Өңірдегі сауатсыздықты жою мәселесінің нәтижелері мен кедергілері, кеңестік білім беру ісінің дамуын зерделеуде мұрағат деректерін пайдалана отырып тарихи зерттеуді жан - жақты жүргізген.

- Мәселені жаңа методологиялық тұрғыда пайымдап, тақырыпты кешенді түрде зерттеп, теориялық мәселелерді талдаған.

- Кеңестік билік жылдарында міндетті ұстануға тиісті социалистік реализм принципіне қарамастан оңтүстік өңір ақын – жазушыларының қазақ ұлтының зердесінде тереңінен орын алатын шығармалар туындатқанын дәйектеген.

3. Диссертацияѓа ќойылатын (Ѓылыми дєрежелер беру Ережелерініњ 9, 10 тармаѓында жєне ѓылыми ќызметкерлердіњ тиісті мамандыќтарыныњ тµлќ±жаттарында) талап дењгейіндегі ѓылыми нєтижелері .

– Оңтүстік өнірінің мәдени даму ерекшеліктері мұрағат құжаттары негізінде айќындалѓан.

– Оңтүстік өңіріндегі сауатсыздықты жою науқанының жетістіктері мен кемшіліктері, барысы, сипаты ашылған.

– Оңтүстік өңіріндегі көркем мәдениет пен мәдени – ағарту жұмыстарының негізгі бағыттары аныќталѓан.

– кеңес өкіметінің әдебиет пен көркем мәдениеті саласында жүргізген шаралары тарихи дерек негізінде зерделенген.

– Оңтүстік өңірдегі қазақ зиялыларының өсуі және оларға қарсы бағытталған қуғын – сүргін саясатының мәнін ашып көрсетілген.



4. Ізденушініњ диссертацияда т±жырымдалѓан єр бір нєтижесініњ т±жырымдары мен ќорытындыларыныњ негізделу жєне шынайылыќ дєрежесі.

Зерттеу ж±мысыныњ деректік негізін м±раѓат ќ±жатары, єр уаќытта жарыќ кµрген ењбектер, зерттеулер мен єдебиеттер, жарияланѓан материалдар жинаќтары, мерзімдік басылымдар ќ±райды. Диссертант аталѓан деректерді жан – жаќты талдап, басќа да сол сияќты мєліметтермен салыстыра отырып пайдаланѓан. Б±л дегеніміз, зерттеу ж±мысыныњ нєтижелерініњ жоѓары дењгейде негізделгенін кµрсетеді. Нєтиженіњ негізделуі мен дєйектелуін былайша кµрсетуге болады:



1-нєтиже. Диссертант Оңтүстік өнірінің мәдени даму ерекшеліктерін Ќазаќстан Республикасыныњ Орталыќ Мемлекеттік м±раѓатыныњ, ¤збекстан Республикасыныњ Орталыќ Мемлекеттік м±раѓаттыныњ ќ±жаттарын жєне кµптеген ѓылыми – зерттеу ењбектерініњ мєліметтерін ѓылыми айналымѓа енгізе отырып дєйекті т‰рде ашып берген.

2-нєтиже. Мұрағат құжаттары, 1920, 1926, 1939 жылдардағы халық санақтары және статистикалық мәліметтер негізінде Оңтүстік өңіріндегі сауатсыздықты жою науқанының жетістіктері мен кемшіліктері, барысы, сипаты дәйектелген.

3-нєтиже. Оңтүстік өңіріндегі көркем мәдениет пен мәдени – ағарту жұмыстарының негізгі бағыттары Ќазаќстан Республикасыныњ Орталыќ Мемлекеттік м±раѓатыныњ атап айтќанда № 81-ќор “Қаз АССР Халық Ағарту Комиссариатының”, № 766-ќор “Сауатсыздықты жою қоғамының өлкелік кеңесі”, № 1692-ќор “ҚазССР Халық Ағарту министрлігі”, № 755-ќор “Орта Азиядағы ҚазССР өкілдігі” ќорларындаѓы материалдардыњ және тақырып аясында жазылған тарихи ењбектердіњ негізінде ѓылыми т‰рде зерделенген.

4-нєтиже. ЌР ОММ жєне ¤зР ОММ ќ±жаттары жєне мерзімді баспасµз “Еңбекші қазақ”, “Лениншіл жас”, “Советская степь”. “Социалды Қазақстан”, “Қазақстан большевигі”, “Ауыл тілі”, “Ақ жол”, “Оңтүстік Қазақстан” сияқты” мєліметтеріне с‰йене отырып, жан-жаќты баяндалѓан.

5-нєтиже. Зерттеуші тыњ ѓылыми деректер негізінде әкімшіл - әміршіл жүйе тұсындағы қазақ зиялыларына қарсы бағытталған шараларының зардаптарын ашып кµрсеткен. Б±л ѓылыми нєтиже м±раѓат ќорларыныњ ќ±жаттары мен тарихи еңбектерге негізделген.

5. Ізденушініњ диссертацияда т±жырымдалѓан єр бір нєтижесініњ (ќаѓидасыныњ), т±жырымдары мен ќортындыларыныњ жањалыќ дєрежесі.

1-нєтиже жања болып табылады. Себебі, 1917-1941 жылдардағы Оңтүстік өнірінің мәдени даму ерекшеліктері алғаш рет зерттеу объектісі ретінде қарастырылған.

2 - нєтиже ішінара жања болып табылады. Оңтүстік өңіріндегі сауатсыздықты жою науқанының жетістіктері мен кемшіліктері, барысы, сипаты мұрағат құжаттары мен баспасөз материалдары негізінде талданған.

3-нєтиже де жања болып табылады. Оңтүстік өңіріндегі көркем мәдениет пен мәдени – ағарту жұмыстарының негізгі бағыттары

4-нєтиже жања болып табылады. Кеңес өкіметінің әдебиет пен көркем мәдениеті саласында жүргізген шаралары тұңғыш рет тың деректер негізінде сипатталып, тұжырымдар қорытылған.

5-нєтиже ішінара жања болып табылады. Оңтүстік өңірдегі қазақ зиялыларына қарсы бағытталған қуғын – сүргін саясатының мәні, салдары жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан баға беріліп, ашып көрсетілген.

6. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер логикалық жүйеге келтіріліп, өзара үйлесім тапқан.



7. Диссертацияның теориялық және практикалық құндылығы.

Аталған жұмысты жоғары, орта оқу орындарының студенттері үшін оқу құралдарын құрастыру ісінде пайдалануға, сонымен қатар Отан тарихының қазіргі заман кезеңі бойынша оқытылатын дәріс сабақтарында қолдануға және мәдениет саласы мәселесі бойынша арнайы курс дайындауға болады.



8. Зерттеу жұмысының жарияланымда расталуы.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселелері бойынша тұжырымдалған ой – пікірлер әр түрлі ғылыми - әдістемелік, қоғамдық – саяси басылымдарда жарияланды.

1. Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі мектеп ісі // «Суверенный Казахстан в гуманитарном измерении: культура, политика, экономика»: халықаралық ғылыми – теориялық конференциясының материалдары, 25-26 мамыр 2001 жыл. – Алматы, 2001. – 2 – бөлім. – 17-20 бб.

2. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауаттылық үшін күрес // «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы» атты халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары, 11-12 мамыр 2001 жыл. - Қызылорда, 2001. – 256-260 бб.

3. Мұстафа Шоқайдың ұлттық мәдениетті орыстандыруға қарсы пікірлері // «Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы» атты республикалық ғылыми – теориялық конференция материалдары, маусым 2001 жыл. – Қызылорда, 2001. – 122-125 бб.

4. ХХ ғасырдың 20 – жылдары Оңтүстік Қазақстандағы жүргізілген мәдени – көпшілік жұмыстар (1919 - 1924) // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2003. - №2 (29). 94-96 бб.

5. Оңтүстік Қазақстандағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасу тарихынан // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2003. - № 3 (30). 126 - 128 бб.

6. Оңтүстік Қазақстандағы дәрігер мамандарын даярлау мәселесі (1920 – 1930 ж.ж.) // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2003. - № 4 (31). 157 - 159 бб.

7. Оңтүстік Қазақстанда мәдени – ағарту жүйесінің қалыптасуы (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары) // «Отан тарихы: ізденістер, мәселелер,болашағы» атты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 – жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары, 2006 жыл. – Астана, 2006. – 255-257 бб.

8. Оңтүстік өңірде мамандар қалай даярланды? // Қазақ тарихы. – 2006.- № 6. – 43-46 бб.



9. Диссертация мазмұнының мамандық төлқұжатына сәйкестігі.

Ізденуші Әбдіразақова Алмагүл Өмірзаққызының «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941 ж.ж.)» атты тақырыпта тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша қорғауға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс мазмұны мамандық бойынша сәйкес келеді.



10. Диссертация бойынша көрсетілген ұсыныстар мен ескертпелер.

  1. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігін күшейту.

  2. Әр бөлімінің соңындағы қорытындыларды нақтылау.

  3. Қорытынды бөлімінің соңына келешекте зерттелетін мәселелерді ұсыну.

  4. Стильдік және техникалық қателіктерді түзеу.

11. Диссертациялық жұмыстың ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелері» 2 - бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі.

Диссертациялық жұмыс ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелері» 9,10 баптарында көрсетілген талаптарға толық жауап береді.




ҚАУЛЫ:
1. Ізденуші Әбдіразақова Алмагүл Өмірзаққызының «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941 ж.ж.)» атты тақырыпта тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық жұмысы қорғауға ұсынылсын.

Аталған жұмыс бойынша Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының қорытындысы бекітілсін.

Дауыс беру нәтижесі: «қарсы емес» - бірауыздан, «қарсы» - жоқ, «қалыс қалған» - жоқ.

әл –Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

мәжілісінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет