Хх ғ.Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі



Дата11.04.2023
өлшемі20.36 Kb.
#472070
түріҚұрамы
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. ы


ХХ ғ.Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды.

Аштықтың демографиялық салдарлары - Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері және олардың қуғындалуы - Мәдениетте большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы және рухани қасіреті. 6 Екінші дүниежүзілік оғыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындаңы Қазақстан (1939-1945жж.) Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен себеп-салдарлары Қазақстандықтардың фашистік агрессорларға қарсы майдандағы және тылдағы ерліктері. Соғыс жылдарындағы ғылым, білім және мәдениет - Фашистік агрессорларға қарсы соғыстың басталуы және Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу. - Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар. Жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. - Соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі соғыстың қорытындылары мен сабақтары 7 Кеңестік Қазақстан. Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы (1945-1965жж) - Партиялық бақылаудың күшеюі, тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру (Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың,Б.Сүлейменовтың т.б еңбектері) - Н.Хрущевтың «жылымығы» және экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалары. - Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және рухани тоқырау. Экономикалық проблемалар (1965-1985жж). - Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылығы мен қиыншылықтары. - Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстарың тереңдеуі.

2. Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.


Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне назар аудара отырып, олардың ізденістері бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты бейнелесе, екінші бір жағдайларда онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен «тағы бір ілгешекті айтып қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

3. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.


Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

4. 1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сыяқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.


Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н. Беда, И. Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет