Хіх ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар туралы айтыңыз


-сұрақ ХІХғ. әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға, қоғамға сын туралы айтыңыз



бет3/15
Дата26.12.2022
өлшемі93.08 Kb.
#467952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
отаршылдық жауаптары

5-сұрақ
ХІХғ. әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға, қоғамға сын туралы айтыңыз

Қоқан хандығы Ферғана жазығында 18-19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан қаласы. Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. 1808-1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды.. 1876 жылы ақпанда Әндіжан мен Наманган арасында болған ұрыста көтерілісшілердің негізгі күші талқандалды. Сол жылғы 18 ақпанда Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Түркістан генерал-губернаторлығына бағынатын Ферғана облысы құрылды.


Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі. Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған. Шығыстың классикалық әдебиеті мен фольклорын көп оқып, он бес жасынан лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдер шығара бастайды. Әзіл-қалжың өлеңдерін айта жүріп, суырыпсалма ақындық өнерге де төселеді. Мәделі әдеби мұрасы- толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. Мысалы, «Батырбек пен Байзаққа», «Әбділда қожаға», «Айналайын, Әзірет», «Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!», «Датқа-еке, мен осында туып едім», «Қанайға», «Шәріпке», «Кетпейді бастан бұлт күн жайланыпә, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында әлеуметтик ортаның қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. ұұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі фәнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу жасалады. Ақынның айтыстарында «Ұлбике мен Мәделі», «Айым қызбен жұмбақ айтысы”» тағыда басқа айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған. «Бес ғасыр жырлайды», 1-т., 1989. Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде «Түркістан уәлаяты», 1875, 1878; «Жас Қайрат», 1924; «Оңтүстік Қазақстан», 1973, хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы» 1967; «Бес ғасыр жырлайды», 2-том, 1984, 1989, 1991, жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған. Ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы, тағыда басқа зерттеген.
Құлыншақ Кемелұлы-ақын. Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға» дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. «Шырын-Шекер» дастанында, «Оңдыбайға», «Майлыға», «Мөделіге», т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. «Алпамыс» эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған.
Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.
Майлықожа әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.
Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.
Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Ақының бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.
«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды.
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы жұғымсыз мінездерді сынайды.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма.
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс.
Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам өмірін жан-жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы, «Бұлбұл» өлеңінде ақын еңбек үшін табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп алмаудың керек екенін қатты ескертеді.
Ақын өзінің «Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңінде тіршілік өмірдің баянсыздығын, дүниеге келген адамның өлмесі де қақ болатынын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды, қызғылықты өткізе білуге шақырады.
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық – ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол – адамды ілгері жетелеп отыратын күш.
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоя жыр шертеді.
Майлы шығармалары — өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, өлеңнің осы бір түрінен шеберлік танытады. Өзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп, мысалдап, нақылды сөз айтып, өз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат етеді.
Бұдабай Қабылұлы- 1842 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жөлек ауылында туып, 1912 жылы сонда қайтыс болған. Айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Кейбір нысапсыз, парақор ел басшыларын сынай отырып, бұрынғы өткен әділ би, кемеңгер шешендердің үлгілі істерін көлденең тартады, сөйтіп, оларды дұрыс жолға салмақ болады («Әлмәмбетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», тағы да басқа). Оның есімі жоқтау жырлаумен де белгілі болған. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Бұдабайның «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмәмбеттің жалғыз баласы өлгенде» атты туындылары да жұртқа мәлім. Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», тағы да басқа өлеңдері белгілі.

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің,сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласы Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет