Химия және халық тәлімі. Кіріспе



Дата23.02.2016
өлшемі49 Kb.
#10552
Химия және халық тәлімі.

Кіріспе:
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы бастан кешкенін үлкен тәжірибе ретінде жинақтап , оны күнделікті өмірде , тұрмыста тиімді пайдалана білген. Ата – бабаларымыз ертеден металдарды қорытып, қоспалар дайындап, сабын жасап, күнделікті өмірде , т.б. химиялық үрдістерді қолдана білген. Қазақ халқы металдарды өңдеу тәсілдерін жақсы білген,қақтап ,созып, зер салып әшекейлеп,қалыпқа құйып, салмақты үлкен бұйымдар жасаған.Халық шеберлері әр металдың физикалық қасиеттерін – иілгіштігін,балқыту температураларын оңай қолдана білген.Жиі қолданылған металдар: алтын, күміс, мыс, қорғасын. Қамшының сабына дейін алтын, күміспен әшекейлеген. Одан халқымыздың сал-серілігін көруге болады.Ертеде белдік,ілгек-қапсырма,білезік, жүзік салмайтын қыз-келіншек сирек кездескен. Әсіресе, күмістен жасалған бұйымдарға үлкен мән беріп, емдік қасиетін білген.

Ескендір Зұлқарнайын бүкіл дүние жүзін жаулап алмақ болып, қаншама әскері іш ауруынан қырылады. Сонда офицерлер ғана тірі қалады. Өйткені, жауынгерлердің тамақ ішкен ыдысы қалайы да, ал офицерлер күмістен жасалған ыдыспен тамақ ішкен. Күмістің ерекшелігі – судағы бактерияларды қырады, сөйтіп офицерлер тірі қалған. Қазақтар да күмістің бұл қасиетін біліп, қыз – келіншектердің күмістен жасалған әшекейлер тағуын қадағалаған және күміс бұйымдарын ішетін суға салып қоятын болған. Әшекей бұйымдарын жасауда алтын кеңінен қолданылған және алтын байлықты көрсеткен.

Кеңінен қолданылған металдардың бірі – қорғасын.Балалар асық ойнағанда, сақа ауыр болуы үшін балқытып қорғасын құйған.

Қорғасыннан оқ – дәрі жасаған. Ол үшін қорғасын кенін қазып жылқы тезегіне қойып, оған қойдың майын құйған. Содан соң пешке салып қорытқан. Күкіртті терек көмірімен араластырып селитра есебінбе ескі бейіт топырағын қосып, қазанға салып қайнатады. Қоспаға су бүркіп отырады. Қоспаны тарының үлкендігіндей майда дөңгелек қорғасын оқ – дәрі болғанша араластырады.

Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола XVI ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды ...егер металдар болмаса ... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.»

Тас ғасырында – ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен мыс болатын. «Металдар » деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта алынса келесі III мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды. Біздің заманымыздың бас кезінде не бары 7 металл белгілі болса, қазіргі кезде Периодтық жүйеде 90 – нан астам әр түрлі металл бар. Өнеркәсіпте көбінесе таза металдарды емес, олардың қоспаларын – құймаларды қолданады. Құймада бір құрауыштың қасиеттерін екінші құрауыштың қасиеттері жақсы толтырады. Мысалы, мыс жұмсақ металл және конструкциялық металл ретінде ыңғайсыз, ал мыс пен мырыш құймасының (жез) қаттылығы жеткілікті және машина жасауда кең қолданылады.

Алюминий жақсы иіледі және жеңіл . Алюминийден , негізінде, құрамында мыс, магний, және марганец бар дюралюмин (дюраль) құймасын алады.

Әрі жеңіл, әрі қатты дюралюмин авиация техникасында қолданылады. Темірдің көміртекпен құймалары (басқа металдар қосылған) – белгілі шойын мен болат береді.

Қазақстан аумағында көптеген металдан жасалған бұйымдар табылды. Бұл қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың металдарды өңдіру және өңдеу әдістерін жақсы білгендерін көрсетеді.Мысалы , тайқазан 1399 ж. Түркістанда құйылған.Оның диаметрі -2,45 м, салмағы-2 т. Тайқазан 7 металдан құйылған: темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс күміс және алтын.Қазан үш қатар әшекеймен және нақышты араб жазуымен өрнектелген. Лотос гүлі тәрізді , әдемі 10 тал құлағы бар.

Екінші табылған құнды дүние – «Алтын адам».

«Алтын адам»- Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері (б.з.д. V ғ.). Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тау ешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі. Бас жағындағы алтын сырға асыл тастармен әрленген. Бас киімі шошақша келген үшкірлеу, мойнында алтын әшекей, жағасы мен жеңінде алтын салпыншақтар бар.Қолында екі алтын жүзік.Оң жақ қапталында ұзын алтын жалатқан қылыш,сол жағында темір қанжар.Саптама етігі де ұсақ алтыннан жасалған әшекейлермен көмкерілген.

Батыс Қазақстан облысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекей заттар (II-IVғғ.б.з.д.).

халқымыздың асыл металдарды өңдеу әдістерін жақсы меңгергендерін көрсетеді.Басқа металдарды алу үшін ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің дамуы қажет еді.Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасып келеді.Мәселен,ядро-

лық реакциялардың көмегімен табиғатта кездеспейтін көптеген радиактивті жасанды элементтер алынды.Қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы орасан зор.Бүгінгі күндері таңғажайып қасиеттері бар синтетикалық заттардың сан алуан түрі өмірге келгеніне қарамастан, металдар осы заманға техникаға қажетті ең маңызды конструкциялық материал болып қалып отыр. Олар автомобильдердің, ұшақтардың, ракеталардың, ста-

ноктардың, өте дәл құралдардың және электрондық техниканың негізі болып саналады.Металдар-құрылыстың технологиялық конструкциялардың, химиялық реактор-лардың, құбырлардың, мұнай өндіретін мұнаралардың ж\е

т.б. негізгі өзегі.Қазіргі кезде техникада 40-тан астам металдар кеңінен қолданылады.Металдар жай заттар ғана емес , олар химиялық элементтер.Осы элементтер тірі және өлі табиғаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Жердің беткі қабаты-литосфера:алюминий,те-

мір,кальций,магний,натрий,калий қосылыстарынан тұра-

ды.Бұл химиялық элементтер оттек пен кремнийді қоса алғанда Жер массасының 99℅-ін құрайды.Металдар биосферада да орасан зор қызмет атқарады.Кальций сүйек ұлпасының негізін құрайды,темір қандағы гемоглобиннің,

ал магний жасыл өсімдіктер хлорофилінің құрамына кіреді.
Қорытынды:

Осы жобаны қорытындылай келе,егер адамдар металдар-

ды қалай болса солай қолданса, олар пайданың орнына зиянын тигізетін болады. Көптеген металдардың қосылыс-

тары улы.Мысалы,қорғасын,сынап,стронций және кадмий тұздары.Өнеркәсіптердің, әскери және ғарыштық техноло-гияның қалдықтары металл қоқыстары,адамдарға және қоршаған ортаға зиян келтіреді.Сондықтан металдар да

адам қолымен жасалған басқа заттар тәрізді орынсыз қолданылса, абайламай жұмсалса аса қауіпті болып саналады.Олай болса, адамзат қоғамында металдардың орындары ерекше.

Туған жерім Қаражал қаласында да металдың бір түрі темір рудасы өндіріледі. Қаражал – Темір Марганец кені 1939 жылдан бастап барлана бастады. Рудалар жұқа қабатты қызыл түсті жыныстармен байланысты ендік бағытта созылған қабат түрінде қалыптасқан. Аталған жыныстар оңтүстікке қарай ұзындығ 6 метрдей руда қабаттары 1600- 1800 тереңдікке дейін кетіп, 40-45ْ бұрышпен құлайды. Батыс бағытта руда қабаттары төмен құлдилайды. Темір сапасы өте жоғары. Алынған руда Теміртауға жөнелтіліп, онда таза темір өндіріледі.

5 Қазақ орта мектебі.

Тақырыбы:


Химия және халық тәлімі.


Орындаған: Осажанова Жансая.

9- сынып оқушысы.

Жетекшісі: Сейлова Г.Р.

Химия пәнінің мұғалімі.


Мектебі: № 5 қазақ орта мектебі.


Бағыты: Жоба.

Әдістемілік бірлестік:Жаратылыстану.


Орындаған: Осажанова Жансая.
Резюме – Түйіндеме.

Осажанова Жансаяның жобасында «Химия және халық тәлімі» тақырыбында металдар туралы мәлімет ашып көрсетілген.

Адам баласы ерте кезден – ақ метелдардың қасиетін біліп кеңінен қолдана білгендігі айтылады.

Отзыв – Пікір.
Осажанова Жансаяның жасаған жобасы мектеп мұғалімдері мен оқушыларына қатты ұнады. Зерттеу

Жұмысы әдеби тілмен, тарихы терминдермен жазылған.Оқушының жан – жақты ізденгені көрініп тұр. Жобаның білімділік тәрбиелік маңызы бар.

Осажанова Жансаяның бойында өз еліне , Отанына,

туған жеріне деген сүйіспеншілігі, адамгершілігі, ізденімпаздық қасиеттері байқалады.



Мақсаты: Халық арасында химияның небір алуан сырларын оқып үйренуде Халық педагогикасын пайдалана отырып, қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы зор екендігін дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:Металдардың адам өміріндегі маңызын дәлелдеп , іс жүзінде көрсету.

Мазмұны: 1).Химия және халық тәлімі.

2).Металдар, олардың адам өмірінде маңызы.



Пайданаланылған әдебиеттер: Химия анықтамалық құрал.Алматы «Атамұра» 2008 ж.
Оқушы анықтамасы. (Химия).
«Орталық Қазақстан» газеті 2008 ж.
Химия. оқулық. 9 – сынып.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет