Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау,
тапсырмаларды орындау. Ауызша/жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу)
ҚО режимінде бағалау-суммативті, dis. kaznmu (Moodle)/Google Classroom платформаларында
(жазбаша түрде/тестілеу)
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Мысалдар келтіріңіз: (а) физикалық және химиялық адсорбцияға; (б) беттік активті және беттік
активті емес заттарға; (в) дифильді молекулаларға (гидрофильді және гидрофобты бӛліктерін
кӛрсетіңіз). Гомологтық қатарларда беттік активтілік қалай ӛзгереді?
2. Пропанол, гексанол және бутанол ерітінділері үшін беттік керілу изотермаларын схема түрінде
бейнелеңіз. Су-ауа және бензол-су бӛліну беттері аралығында қаныққан адсорбциялық қабатта
БАЗ молекулаларының бағытталуын схема түрінде бейнелеңіз.
3. Концентрациясы 1М-ге тең: а) қанттың; б) сірке қышқылының; в) натрий сульфатының; г)
натрий стеаратының ерітінділері бар. Ерітінділерді олардың беттік керілуінің артуы бойынша
орналастырыңыз. Беттік активті заттарды дәлелдеу арқылы айқындаңыз.
4. Күшті электролиттер адсорбциясының ерекшеліктері неде? Таңдамалы адсорбция қандай
ережеге бағынады?
5. (а) Күміс хлоридінің; (б) кальций фосфатының кристалл торын жетілдіре алатын иондарға
мысалдар келтіріңіз.
6. Берілген концентрация аумағында пропион және май қышқылдарының сулы ерітінділеріндегі
беттік активтіліктерін салыстырыңыз:
С, моль/л
σ, мН/моль
Пропион қышқылы
Май қышқылы
0,0312
69,5
65,8
0,0625
67,7
60,4
7. Новокаин мен кокаиннің ерітіндідегі концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін
тӛмендегенде новокаин ерітіндісінің беттік керілуі 6,9∙10
-2
Н/м-ден 7,1∙10
-2
Н/м-ге, ал кокаин
ерітіндісінікі 6,5∙10
-2
Н/м-ден 7,0∙10
-2
Н/м-ге дейін артты. 25
о
С температурада берілген
концентрация аумағында осы екі заттың беттік активтілік және адсорбция мәндерін
салыстырыңыз.
10. Берілген температурада ерітінді концентрациясы 0,2 моль/л БАЗ қандай да бір адсорбентпен
2,96∙10
-3
моль/г мӛлшерде адсорбцияланады. Адсорбенттің адсорбциялық сиымдылығын (моль/л)
есептеңіз, егер константа мәні 0,07 моль/л құраса.
11. Қант диабетімен ауыратын науқастардың қанында бір тәулік ішінде жиналатын кетон
денелерінің концентрациясы 0,2 моль/л-ге жетеді. Егер адсорбенттің сыйымдылығы 3·10
-3
моль/г,
ал Лэнгмюр тұрақтысы 6·10
-2
моль/л тең болса, гемосорбция кезінде қаннан кетон денелерінің
қандай мӛлшері адсорбцияланады?
13. Ионалмасу хроматография әдісі арқылы суды тазалау процесінің мәнін түсіндіріңіз. Реакция
теңдеулерін келтіріңіз.
[Введите текст] [Введите текст] [Введите текст]
Достарыңызбен бөлісу: |