Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
1. Комплекстүзуші атомдар электрон бұлттары құрылысының қандай ерекшеліктері болуы керек?
2. Тірі ағзада кездесетін комплексті қосылыстарға мысалдар келтіріңіз. Металлоферменттер мен
басқа да биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл т.б.) құрылыстарының ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
3. Хелаттар дегеніміз не? Медицинада хелаттардың қолданылуы. Ауыр металдар тұздарының
улылығы немен түсіндіріледі? Ауыр металдар тұздарымен уланғанда антидот ретінде қандай
қосылыстар қолданылады?
4. Келесі берілген комплексті қосылыстардың әрқайсысы үшін: (а) орталық атом (комплекстүзуші
-ион), оның тотығу дәрежесі және координациялық саны; (б) лигандтар және олардың
дентанттылығы; (в) біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеуі; (г) тұрақсыздық
константасы үшін ӛрнегін жазып сипаттаңыз. Комплексті қосылыстар: (1) K
2
[Ni(CO
3
)
2
(H
2
O)
4
]; (2)
[Cu(NH
3
)
4
](NO
3
)
2
; ; (3) диакватетраамминникель (II) нитраты.
5. *Медициналық және аналитикалық тәжірибеде ЭДТА (этилендиаминтетраацетат) лигандасы
және оның тұзы -трилон Б (Na
2
H
2
T) қолданылады. Берілген катиондардың қайсысымен ол әлсіз
комплекс түзеді: Со
3+
(К
н
=3∙10
-41
), Мg
2+
(К
н
=8∙10
-10
), Fе
2+
(К
н
=6∙10
-15
), Fе
3+
(К
н
= 6∙10
-25
)?
Комплекстерді олардың беріктігінің тӛмендеуіне қарай орналастырыңыз.
6. *Темірдің Fe
2+
комплексті қосылыстарының қайсысы – глицинмен немесе гистидинмен
биолиганда ретінде берігірек болып табылады? Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық
константасы сәйкес 1,58
.
10
-8
және 5,0
.
10
-10
-ге тең.
7. *Диамминдихлороплатинаның (цисплатин) екіншілік диссоциациялану теңдеуін жазыңыз. Бұл
қосылыстың медицинада қолданылуын сипаттаңыз. Бұл реакцияның тепе-теңдік күйіне қандай
факторлар әсер етуі мүмкін? Бұл ерітіндіге натрий хлоридін қосқанда; ерітіндіден аммиакты алып
тастағанда қандай ӛзгерістер жүреді?
Достарыңызбен бөлісу: |