Аралық бақылауға дайындалу үшін: Барлық ӛткен тақырыптар бойынша сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарды, ОСӚЖ және СӚЖ
тапсырмаларын қайталау.
Сабақты жүргізу форматы: тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру, талқылау және
шығару, органикалық реакциялар схемалары бойынша тапсырмаларды орындау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: Аралық бақылау.Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу,
теориялық сұрақтарға жауап беру, есептерді/тапсырмаларды шығару негізінде бағаланады).
ҚО режимінде – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу) арқылы dis.kaznmu (Moodle) немесе Google
Classroom платформаларында ӛткізіледі.
Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша): 1. Лактоза, мальтоза және сахарозаның түзілу реакциясын жазыңыз. Бастапқы моносахаридтерді
және реакция нәтижесінде түзілген гликозидтік байланыстарды атаңыз. Олар дисахаридтердің
қандай түріне жатады?
2. Лактоза мен сахарозаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар:1) күміс
гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен реакциясында «күміс айна» реакциясында; 2) мыс (II)
гидроксидімен суықта; 3) құрғақ НСl қатысында этанолмен гликозид түзу реакциясында ; 4)
гидролиз реакциясында? Мүмкін болатын реакцияларды жазыңыз.
3. Ӛзара α-1,4-гликозидтік байланыс арқылы байланысқан, α-D-глюкопираноза мен β-D-
глюкопиранозаның қалдықтарынан тұратын дисахаридтің құрылымдық формуласын жазыңыз.
Алынған дисахаридті атаңыз. Түзілген дисахаридтің Сu(OH)
2
суықтағы реакциясын жазыңыз
Түзілген дисахарид осы реактивпен қыздырғанда жүруі мүмкін бе? Мүмкін болатын реакцияны
жазыңыз.
4. Қай реакциялардың кӛмегімен келесі ӛзгерістерді жүзеге асыруға болады:
1) лактоза → галактоза → галактар қышқылы
2) сахароза → фруктоза → фруктоза-1,6-дифосфат
Сәйкес реакцияларды жазыңыз.
5. Келесі реакцияларды жазыңыз: а) сахароза → октаацетилсахароза; б) мальтоза →
этилмальтозид. Бұл реакциялар қандай реагенттер кӛмегімен жүреді?
6. Амилоза,
амилопектиннің
дисахаридтік
фрагменттін
жазыңыз.
Дисахаридтік
фрагменттердердегі байланыс типтерін анықтаңыз.