«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 79.74 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі79.74 Kb.



Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы «___»_______ №___ бұйрығымен бекітілген

«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

7) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

10) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

1) ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;

2) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

3) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

4) КС – кәсіби стандарт;

5) ҰБЖ – ұлттық біліктілік жүйесі.



2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару».

5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттауды кәсіп бойынша көрсету.

6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тіркеуші, жазушы және реттеуші аспаптарымен және құрылғылармен жабдықталған қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процесті жүргізу.

7. Негізгі топ: химия өндірісінде өнімдер өндіру;

Кәсіби топ: Химия өндірісінде техникалық процестерді басқару.

3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:

химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы, СБШ бойынша 2-4 біліктілік деңгейі.

Кәсіптер карточкасының характеристика сипаттамасы осы кәсіби стандартқа қосымшада көрсетілген.
«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару»

кәсіби стандартқа қосымша




КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы»

Кәсіп коды

Жаңа

Кәсіп атауы

Химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

2-4

БТБА бойынша біліктілік деңгейі

4-6

Кәсіби білім деңгейі

Жалпы орта білімі, бірақ негізгі орта білімінен төмен емес болса практикалық тәжірибе және/ немесе кәсіби даярлық (білім беру ұйымының базасында қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Жалпы орта білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім базасында жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіби білім болса практикалық тәжірибе және/ немесе кәсіби даярлық (бір жылға дейін кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе.

Еңбек функциялары

1) Қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процесті басқару

Шеберлігі мен дағдылары

СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2 (4-ші разряд)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (5-ші разряд)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (6-шы разряд)

1. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті басқару

2. Басқару пультінен технологиялық режимнің параметрлерін реттеу.

3. Электрлік схемада бағдарлай білу, электр қозғалтқыштар, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жұмысына қосылу.

4. Өлшеуші және реттеуші блоктарды жөндеп күйге келтіру.

5. Датчиктер, өңдеуіштер мен өлшеуіш аспаптарын реттегішке қосу.


1. Берілген өндірістік режимге сәйкес технологиялық процесті реттеу.

2. Процесті қолмен және қашықтықтан реттеудің практикалық тәсілдерін игеру.

3. Технологиялық процесс барысын түзету.

4. Қашықтықтан басқару пультінен күрделі көп фазалы технологиялық процесті орындау.

5. Пультте орнатылатын бақылау өлшегіш, тіркеуіш және реттегіш аспаптар мен автоматтық құрылғыларға қызмет көрсету.

6. Сигнал беретін құрылғылар бойынша технологиялық процестін бұзылуларын және жабдықтар жұмысында олқылықтарын жою дағдылары.

7. Қашықтықтан басқару пультінен қолмен басқаруға көшу шеберлігі.

8. Құрал-саймандар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану.

9. Аспатарға, манометрлік термометрлерге сигнал беретін құрылғыларды, деңгей сигнализаторларын, аралық элементтерді, сигнал шығаратын құрылғыларды, қысым сигнализациясы датчиктерін ретке келтіру.

10. Қол немесе электрлік сорғы немесе құбырлардың көмегімен импульстік желілерді және бөліп көрсететін ыдысты бөлгіш сұйықпен толтыру.



1. Өндірістің барлық сатылары бойынша шикізат, материалдар, жартылай дайындалған өнімдер, дайын өнімнің шығуының шығындарын есептеу және есепке алу, оның ішінде шикізаттың химиялық талдауы бойынша шихталық материалдарды есептеу.

2. Бақылау-өлшеу аспаптар мен автоматиканың көмегімен негізгі шикізат, қосалқы материалдар, электр қуат, температура, қысым және процестің басқа көрсеткіштерінің шығыстарын реттеу.

3. Шикізат және өнімдердің сапалы құрамын бағалау және талдау.

4. Шикізат, қосалқы материалдар, электр қуат шығысын бақылау және реттеу.

5. Технологиялық процесті бақылау және реттеу жүргізу.

6. Технологиялық регламент және жұмыс құжаттамасының талаптарына сәйкес технологиялық процесті жүргізу.

7. Басқару пультінің барлық автоматты құрылғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

8. Пневоэлектрлік сигналдық құрылғылар бойынша жабдықтар жұмысындағы олқылықтар, технологиялық режим нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою.

9. Өндірістің ағылмалы схемасын жасау.


Білімдері

1. Қашықтықтан басқару пультінің регламенті.

2. Негізгі және көмекші жабдықтар, басқару қалқан жұмысының қағидаты мен құрылысы

3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен реттеуші құрылғыларды пайдалану ережесі

4. Жүргізетін процестің технологиялық режимі және оны реттеу ережесі.

5. Өндірісті автоматтандырудың үлгілік схемалары, реттегіш жүйелерінің құрылысы, сигнал беру, қорғау мен оқшаулау элементтерімен.


1. Технологиялық регламент.

2. Көп фазалы технологиялық процесте температура, қысымның, кернеу, мөлшерлеу және басқа параметрлердің ауытқу шектері.

3. Өнеркәсіптік мақсаттағы электрондық есептеу машиналарының әрекет қағидаты:

- автоматты жинау;

- алғашқы өндеу;

- технологиялық процестің күйі туралы ақпаратты тіркеу;

- қолайлы жағдайларды есептеу;

- бақыланатын параметрлердің нормаларынан әр түрлі ауытқулар туралы мәліметтерді беру;

- экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

- реттеуіш құрылғыларға командаларды беру.

4. Жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптар мен автоматика жүйелерінің құрылысы, әрекет қағидаты.

5. Аспаптар мен автоматты жүйелер жұмысында болатын олқылықтар және оларды жою тәсілдері.

6. Бөлшектер мен түйіндердің тозуы мен деформациялану түрлері.

7. Құрал-саймандар мен бақылау-өлшеу аспатардың құрылысы және міндеті.



1. Пайдаланатын шикізат пен өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері, оларға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар.

2. Шикізат пен өнімнің шығуын есептеу әдістемесі.

3. Сынамаларды сұрыптау ережесі.

4. Шикізат пен қосалқы материалдардың шығыс нормативтері.

5. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарын пайдалану ережесі.

6. Автоматты құрылғыларға қызмет көрсету ережелері.

7. Автоматиканы бақылау және процесті оқшаулау схемасы.

8. Технологиялық режим және оны реттеу ережелері.

9. Бақылау-өлшеу аспаптардың, автоматика жүйесі мен жабдықтардың құрылысы және конструкциясы.

10. Қызмет көрсетілетін жабдық, іске қосылатын және бақылау-өлшеу аппаратураның міндеті және құрылысы, оларды күту ережесі.



Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Командада жұмыс істеу шеберлігі;

Талдамалық қабілеттері.



СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы

8159

Химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу аппаратшысы.

Кәсіби стандарттың техникалық деректері

Әзірленді

«Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық Ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік Қазыналық кәсіпорыны

Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы

1 нұсқа, 2014 жыл

Болжамды қайта қарастыру күні

2017 жыл


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет