«Химия» пәні бойынша дәріс тақырыбы


Айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады



бет2/7
Дата15.10.2022
өлшемі6.17 Mb.
#462787
1   2   3   4   5   6   7
лекция 1 -Хим термодинамика

Айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады.

  • Айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады.
  • Термодинамиканың зерттейтін негізгі нысаны жүйе.
  • Жүйе деп, қоршаған ортадан ойша немесе шын мәнінде оқшауланған жеке немесе топталған денелер жиынтығын айтады.
  • Қоршаған орта дегеніміз жүйемен тура немесе жанама байланыста болатынның барлығы. Қоршаған ортамен әрекеттесу сипатына орай ашық, жабық және оқшауланған жүйелер түрлері болады.
  • Ашық жүйе деп, қоршаған ортамен энергиясымен де, затымен де алмаса алатын жүйені айтамыз.
  • Жабық жүйе деп, қоршаған ортамен затымен алмасуы жоқ, бірақ энергиясымен, жұмысымен алмаса алатын жүйені айтамыз.
  • Оқшауланған жүйе деп, сыртқы ортамен затымен де, энергиясымен де алмасуы жоқ жүйені айтамыз.
  • Термодинамиканың да өз түсініктері, терминдері және шамалары болады. Солардың негізгілері:

Жүйенің барлық физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығын жүйенің күйі дейді. Жүйенің күйі термодинамикалық параметрлермен (температура, қысым, көлем, концентрация) сипатталады.

  • Жүйенің барлық физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығын жүйенің күйі дейді. Жүйенің күйі термодинамикалық параметрлермен (температура, қысым, көлем, концентрация) сипатталады.
  • Жүйе күйінің параметрлері экстенсивтік және интенсивтік болып екіге бөлінеді. Экстенсивтік параметрлер жүйедегі заттардың мөлшеріне пропорционал болады. Оларға көлем, масса т.б. жатады. Интенсивтік параметрлер жүйедегі заттардың мөлшеріне байланыссыз болады. Оларға температура, қысым, тұтқырлық, концентрация және т.б. жатады.

Жүйе күйінің қандай болса да параметрлерінің өзгеруін процесс деп атайды. Мынадай процестер жиі-жиі қарастырылады:

  • Жүйе күйінің қандай болса да параметрлерінің өзгеруін процесс деп атайды. Мынадай процестер жиі-жиі қарастырылады:
  • Тұрақты температурада (Т=const) жүретін процестер изотермиялық процестер деп аталады;
  • егер қысым тұрақты болса (Р=const)- онда изобаралық процесс,
  • ал көлем тұрақты болса (V=const), онда изохоралық процестер жүреді.
  • Егер жүйе мен айналадағы орта арасында жылу алмасуы болмаса, онда жүретін процесс адиабаттық процесс деп аталады.
  • Егер әрі көлем, әрі температура тұрақты болса, онда изохорлық-изотермиялық процестер туралы сөз болады,
  • егер қысым мен температура тұрақты болса, онда процесс изобаралық–изотермиялық болып есептеледі.
  • Изохора-изотермиялық процесте (V = const, T = const) ▲V = 0 болғандықтан, реакция жылуы ▲U болады, яғни жүйенің ішкі энергиясының өзгеруіне тең: Qv = ▲U. Qp және Qv жылу эффектілері. Термодинамика – энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуын зерттейді, сонымен бірге осы ауысулардың заңдылықтарын және сол жағдайлардағы әр түрлі процестердің өздігінен жүретін бағытын көрсетеді. Термодинамикада химиялық реакция кезінде жылу бөліну (-), жылу сіңірілу (+) деп белгіленеді. Түзілу жылуы – берілген жағдайларда жай заттардан 1 моль химиялық қосылыс түзілгендегі бөлінген не сіңірілген жылуайрылу жылуы – 1моль химиялық қосылыс жай заттарға айрылғанда бөлінген не сіңірілген жылу; жану жылуы – 1моль зат жанғанда бөлінетін жылу. Стандартты жағдайда (25°С не 298К және 1,013×105Па) осы көрсетілген мәндерді былай белгілейді: ▲U°, ▲H°1 моль заттар үшін оларды «Анықтамалардан» алады. Термохимиялық есептеулерде көбінесе Гесс заңынан шығатын салдарлар қолданылады: химиялық реакцияның жылу эффектісі реакция нәтижесінде шыққан заттардың жылу эффектілерінің қосындысынан реакцияға түскен заттардың жылу эффектілерінің қосындысын алып тастағанға тең және сол заттар формулалары алдындағы коэффициенттер ескерілуі қажет:
  • ▲Нх.р = ∑ ▲Н°түз. - ∑ ▲Н°түс. , түз. және түс. – түзілген, түскен заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет