«Химия» пәні бойынша дәріс тақырыбы


Термодинамика төрт постулатқа негізделген. Оларды термодинамиканың бастамасы, заңы немесе принципі деп те атайды



бет4/7
Дата15.10.2022
өлшемі6.17 Mb.
#462787
1   2   3   4   5   6   7
лекция 1 -Хим термодинамика

Термодинамика төрт постулатқа негізделген. Оларды термодинамиканың бастамасы, заңы немесе принципі деп те атайды.

  • Термодинамиканың нөлінші заңы басқаша жылу тепе – теңдігінің өтпелігі туралы заң деп аталады. Оны 1931 жылы Р. Фаулер ұсынған.
  • Термодинамиканың бірінші заңы басқаша энергияның сақталу заңы ретінде де белгілі. Ол заңды жалпы ең алғаш 1748 жылы М. В. Ломоносов ұсынды.
  • Кеиінірек Г. И. Гесс, Р. Майер, Д. П. Джоуль, Г. Гельмгольцтердің еңбектерінің нәтежесінде ол заң одан әрі зерттеліп, қазіргі түсініктемесіне ие болды.
  • Термодинамиканың екінші заңы энтропияның өсу заңы ретінде мәлім. Ол әр түрлі энергиялардың жылуға толық айналуын, ал жылудың жұмысқа толық айналмайтынын көрсетеді.
  • Термодинамиканың үшінші заңы Неристің жылулық пастулаты ретінде белгілі. Ол дене температурасының абсолюттік нөлге жетпейтіндігін көрсетеді.

Термодинамиканың бірінші заңы немесе бірінші бастамасы негізінен энергияның сақталу заңы болып есептеледі. Оны былай тұжырымдауға болады: энергияның түрлері бір-біріне эквивалентті және бірдей қатынаста (мөлшерде) ауысады.

  • Термодинамиканың бірінші заңы немесе бірінші бастамасы негізінен энергияның сақталу заңы болып есептеледі. Оны былай тұжырымдауға болады: энергияның түрлері бір-біріне эквивалентті және бірдей қатынаста (мөлшерде) ауысады.
  • Бұл изоляцияланған жүйеде энергияның жалпы қоры тұрақты болатынын аңғартады. Термодинамиканың бірінші заңы жұмыс, жылу және жүйенің ішкі энергиясының өзгеруінің арасындағы байланысты көрсетеді.
  • Жүйе күйінің соңғы өзгерісі үшін термодинамиканың бірінші заңы келесідей теңдеумен көрсетіледі:
  • =∆U+A
  • Q– жүйеге берілген немесе жүйеден шығарылған жылу
  • ∆Uішкі энергия өзгерісі
  • A – жүйемен істелген жалпы жұмыс
  • Бұл теңдеу термодинамиканың 1-ші заңының математикалық өрнегі болып табылады. Жүйеге берілген немесе жүйеден шығарылған жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісіне және жұмыс жасауға кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет