«Химия» пәні бойынша


Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері



бет20/48
Дата03.10.2023
өлшемі2.1 Mb.
#479588
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Khimia leksia

Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері.
Химиялық реакциия жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі әрекеттесуші массалар заңымен анықталады: Заңды 1867 жылы Норвегияның екі ғалымы К.Гульдберг пен П.Вааге тағайындаған.
Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал. Егер А және В заттары әрекеттесіп С заты түзілсе (А+В=С), осы реакцияның жылдамдығы мына теңдеу арқылы жазылады;
V=KּCAּCB; мұнда ,К- жылдамдық тұрақтысы, СА және СВ әрекеттесуші А мен В заттарының концентрациясы, моль/л.
Жылдамдық тұрақтысы нақты берілген реакцияны ғана сипаттайды. Реакцияласушы заттар өзгерсе К-нің мәні де өзгереді.
Жылдамдық тұрақтысы К әрекеттесуші заттарға , температураға тәуелді, концентрацияға тәуелді емес.
Химиялық реакция теңдеуінде әрекеттесуші заттар алдында стехиометриялық коэффициенті болса
mA+nB=pC,
онда реакцияның кинетикалық теңдеуінің түрі мынадай болады:
V=KּCAmּCBn;
Реакция теңдеуіңдегі стехиометриялық коэффициент кинетикалық теңдеуде концентрацияны дәрежелейді.
Әрекеттесуші массалар заңы тек қана гомогенді ортада жүретін реакцияларға тән. Мысалы, мына реакциялар үшін:

Гетерогенді реакция жағдайында қатты заттардың концентрациясы уақыт аралығында өзгермейді, тұрақты деп қабылданады. Сондықтан, ол кинетикалық теңдеуге кірмейді. Химиялық реакция қатты заттың беткі қабатында жүреді. Мысал ретінде келесі реакцияны қарастырайық:

Реакция жылдамдығы тек газ күйіңдегі не сұйық заттың концентрациясына тәуелді болады. Мысалы, көміртегінің жану реакциясының С + О2 = СО2 жылдамдығы V=KּO2 болады. Яғни , реакция жылдамдығы оттегінің концентрациясына пропорционал.
Атом – молекулалық ілім бойынша температура артқан кезде әрекеттесуші заттардың қозғалысы күшейеді, соқтығысуы артады, соның нәтижесінде реакция жылдамдығы да артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет