«Химия» пәні бойынша


Дәріс 10 Электролит еместердің ертіндісі. Освальд қосу заңы



бет27/48
Дата03.10.2023
өлшемі2.1 Mb.
#479588
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Khimia leksia

Дәріс 10
Электролит еместердің ертіндісі. Освальд қосу заңы.

ЭЛЕКТРОЛИТ ЕМЕС ЕРІТІНДІЛЕР.


Диффузия және осмос. Электролит сұйылтылған ерітінділерде еріген зат молекулаларының арақашықтықтары біршама болғандықтан бір-бірімен әрекеттесе алмайды. Мұндай ерітіндінің қасиеті иеал газдар қасиетіне ұқсас. Газдарға диффузия тән болса, электроит емес сұйытылған ерітінділерге де диффузия құбылсы тән. Еріген зат молекулаларының бүкіл ерітінді бойына өз бетімен таралу құбылысын диффузия дейді.
Су мен ерітіндіні бір-бірінен жартылай өткізгіш кеуек мембрана (коллоид пленкасы, целофан, малдың жарғағы ) арқылы бөлейік. Жартылай өткізгіш мембрана су молекуласын өткізеді, ал еріген затты өткізбейді. Бұл жағдайда диффузия тек бір жақты жүреді, су молекуласы ерітінді жаққа концентрация теңелгенше диффузияланады. Осындай жартылай өткізгіш арқылы, біржақты диффузияны- осмос деп атайды. Осмос құбылысы ерітіндегі екі жақтың концентрациялары тең болған кезде тоқтайды.
Осмосты тежеуге жұмсалатын қысымды осмос қысымы дейді. Осмос қысымы жай ерітіндіде болмайды. Ол ерітінді мембрана арқылы екіге бөінген кезде пайда болады.
Осмос құбылысының табиғатта, өсімдік жануар және адам өмірі үшін мңызы орасан зор. Өсімдік және жануар клеткасының қабырғасы жартылай өткізгіш мембрана қызметін атқарады. Ол тек суды өткізекді де клетка сөлдерін өткізбейді, сондықтан өсімдік, жануар организімінде қоректік заттар клеткада жинала алады. Организімнің қоректік затты сіңіру және зат алмасу процесі щсмщспен байланысты. әр организмнің (өсімдік, жануар, адам ) өзіне тән осмостық қысымы болады. Ол қысымның өзгеруі oрганизмдегі зат алмасу, сіңіру және басқа процестердің өзгергенін көрсетеді.
Осмостық қысымы бірдей ерітінділерді изотонды деп атайды.
Электролит емес сұиылтылған ерітінділердің идеал газбен ұқсастығына сүйене отырып голландтық химик Вант-Гофф мынадай заң ашты.
Сұйылтылған ерітіндінің осмостық қысымы, сол температурада газ күйінде болып, ерітінді көлеміндей көлем алатын еріген зат тудыратын газ қысымына тең.
Бұл заң Вант-Гофф заңы деген атпен белгілі.
Вант-Гофф идеал газ теңдңуін pv=nRT осмостық қысымды сипаттау үшін пайдаланып мынадай теңдеу алды:
πV=nRT (V.7)
Мұнда, π- осмос қысымы, V- ерітінді көлемі, n- еріген заттың моль саны, R- әмбебап газ тұрақтысы, Т- абсоют температура. Осы теңдеуден (V.7) π-ді табайық:
π=n/V RT
Мұнда, n/V=с болады. С- ерітінді концентрациясы, моль/л. Сонда:
π=с RT
Осмостық қысым еріген зат концентрациясы мен абсолют тамператураға пропорционал.
Вант-Гофф заңын тек электролит емес сұйылтылған ерітінділер үшін пайдалануға болады. Ерітіндінің концентрациясы артқан сайын бұл заңнан ауытқулар сезіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет