«Химия» пәні бойынша


Азотты органикалық қосылыстар



бет46/48
Дата03.10.2023
өлшемі2.1 Mb.
#479588
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Khimia leksia

3. Азотты органикалық қосылыстар – молекуласында көміртегі, сутегі, оттегімен қатар азот атомы бар органикалық қосылыстар.
1) Аминоқосылыстар – құрамында амино – NН2 тобы бар азотты органикалық қосылыстар. Олардың негізгілері:
а) аминдер – аммиак молекуласындағы бір, екі немесе барлық үш сутек атомдары
органикалық радикалдарына алмасқан қосылыстар: СН3 – NН2, (СН3)2 – NН,
(СН3)3 – N ;
ә) аминоқышқылдар – карбон қышқылында көмірсутек радикалындағы бір сутек
атомы амино топқа алмасқан қосылыстар;
б) аминоспирттер – спирттің көмірсутек радикалындағы бір сутек атомы амино топқа
алмасқан қосылыстар H2N – R – OH;
в) амид қышқылдар – карбоксилдегі гидроксил тобы амино топқа алмасқан
қосылыстар R – CONН2.
2) Нитроқосылыстар – молекуласында органикалық радикалдармен байланысқан нитро – NО2 топтары бар қосылыстар.
3) Нитрозоқосылыстар – молекуласында органикалық радикалдармен байланысқан нитрозо – NО топтары бар қосылыстар.
4) Нитрилдер – молекуласында органикалық радикалдармен байланысқан циан – С ≡ N топтары бар қосылыстар.
Элементорганикалық қосылыстарға: фосфорорганикалық, құрамында күкірті бар, галогентуынды органикалық, кремнийорганикалық, металлорганикалық және т.б. қосылыстар жатады.
Бұл оқу құралында бірінші принцип жіктелуіндегі ациклды (алифатты) қосылыстарды қарастырады.
Қышқылдар
Қышқылдар - металл емес оксидтердің гидраты, сутегі атомы және қышқыл қалдығынан тұратын химиялық қосылыстар.
Қышқылдар құрамында оттектің болу-болмауына қарай оттексіз және оттекті қышқылдар болып бөлінеді, оттексіз қышқылдар құрамында оттегі болмайды. Оларға НҒ, НCL, НBr, НJ, H2S, H2Sе т.б. жатады. Оттексіз қышқылдардың аттары олардың сутекті қосылыстарының аттарына қышқыл деген сөз қосылып айтылады, мысалы: НCL-хлор сутек, ал оның судағы ертіндісі-хлор-сутек, Күкіртсутек- H2S, ал оның судағы ертіндісі күкіртсутек қышқылы деп аталады.
Құрамында оттек атомдары бар қышқылдарды оттекті қышқылдар дейді. Мысалы: НNО3, H2SO4, Н3РО4, Н3СО3, т.б.
Егер қышқылдар құрамындағы орталық атомның тотығуы дәрежесі периодтық жүйедегі, өзі тұрғын топтық номіріне тең болса, онда қышқыл атын атау үшін әлементтің атына "қышқылы" деген сөзді қосып атайды.
Мысалы: НNО3-азот қышқылы, H2SO4,-күкірт қышқылы, HMnO4 –марганец қышқылы.
Егер қышқылдың құрамындағы орталық атомның тотығу дәрежесі перриодтық жүйедегі өзі тұрған топ номерінен кем болса, онда қышқыл атын атау үшін элемент атына "ті", "ты" жұрнақтарына жалғап "қышқыл" деген сөзді қосып айтады. Мысалы: H2SO4,-күкірт қышқылы, НNО2-азотты қышқылы, H2MnO4- марганецті қышқыл.
Галогендер бірнеше оттекті қышқыл түзетіндіктен ол қышқылдар аттары орталық атомның атына тиісті жалғаулар жалғау арқылы айтылады. Мысалы: НCLО4-хлор қышқылы, НCLО3-хлордау қышқылы,
НCLО2-хлорлы қышқыл, НCLО-хлорлылау қышқылы.
Тотығу дәрежесі бірдей бір элемент қышқылдарын бір-бірінен ажырату үшін кейде орта –мета-пиро-деген сөздерді элементтің атына қосып айтады. Мысалы: Н3РО4-ортофосфор қышқылы. НРО3-мета фосфор қышқылы, Н4Р2О7-пирофосфор қышқылы.
Оттекті қышқылдарда кездесетін аниондардың аттары:
CLО-гипохлорит Р2О7-дисфосфор BО3-ортоборат
CLО2-хлорит АsО3-арсенит SiО3-силикат
CLО3-хлорат АsО4-арсенат СrО4-хромат
CLО4-перхлорат НSО3-гидросульфит MnO4-манганат
BrО-гипобромит NО3-нитрат MnO4-перманганат
BrО3-бромат SО3-сульфат SО4-сульфат
СО3-карбанат IО3-иодат Сr2О7-дихромат
РО3-метафосфор NО2-нитрит B4О7-тетраборат
РО4-ортофосфор BО2-метаборат НСО3-гидрокарбонат
НРО4-гидрофосфат Н2Р2О7-дигидродифосфат
НSО4-гидросульфат Н2РО-дигидрофосфать
Құрамындағы металға алмаса алатын сутек санына қарай қышқылдар:
Бірнегізді: НCL, НBr, НҒ, НJ, НNО3, НCLО4, СН3СООН.
Екінегізді: H2SO4, H23, H2S, НСО3, Н2 SiО3, Н2 СrО4,.
Үшнегізді: Н3РО4, Н3ВО3, Н3АsО3, Н3АsО4. болып бөлінеді.
Алынуы: а) оттексіз қышқылдарды сутегі металл еместермен тікелей әрекеттесу арқылы, түзілген затты суда ерітеді:
Н2+CL2=2НCI
Н2+S= H2S
б) қышқылдық оксидтердің сумен әрекеттесуі арқылы:
СО2+ H2O=Н2СO3
3+ H2O=Н2SO4
в) төздармен қышқылдардың алмасу реакциясы арқылы:
Na2 SiO3+2НCI=Н2SiO3+2 Na СL
Химиялық қасиеттер
1.Кернеу қатарында сутегіне дейін орналасқан металдар қышқылдан сутегін ығыстырады:
Zn+2НCL=ZnCI2+ H2
2.Қышқылдар гидроксидтермен әрекеттеседі (нейтралдау реакциясы)
Н2SO4+2NaOH= Na2SO4+ 2H2O
3.Қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
СаО +Н2SO4= СaSO4+ H2O
4.Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі:
Н2SO4+Ва (NО3)2= ВaSO4+ H2O
5.Оттекті қышқылдар қыздырғанда оксидке және суға ыдырайды:
Н2SiO3=SiO2+ H2O
Тұздар
Тұздар-қышқылдардағы сутегінің металға толық және жартылай алмасу өнімі.
Тұздар аттары
Оттекті тұздардың халықаралық аттары металл аттарынан және латын тіліндегі металл емес аттарына-ат, ит, деген жалғаулар жалғанып айтылады. Мысалы:
КCIО-калий гипохлориті LiBrO-литий гипобромиті
КCIО2-калий хлориті MgCLO4-магний хлораты
КCIО4-калий перхлориты KМnO4-калий перманганаты
Са(NО2)2-кальций нитриті LiBrO3-литий бромиті
Са(NО3)2-кальций нитраты ALAsO3-алюминий арсениті
Са SO3-кальций сульфиты ALAsO4-алюминий арсенаты
Са SO4-кальций сульфаты KBO2-калий метабораты
KBO3-калий бораты Na2CO3-натрий карбанаты
KРO3-калий метафосфаты ALРО4-алюминий фосфаты
K2МnO4-калий манганаты
Ал оттексіз қышқыл тұздарының аты металл аты мен металл емес атына″иді″ деген жұрнақ қосу арқылы аталады. Мысалы:
NaBr-натрий бромиді NaJ-натрий иодиді
NaCL-натрий хлориді NaҒ-натрий фториді
Na2S-натрий сульфаты
Егер металдың тотығу дәрежесі айнымалы болса, онда оның валенттілігі метал атынан кейін рим сандарынан көрсетіледі, мысалы:
FeSO4-темір (ΙΙ) сульфаты
Fe2(SO4)3-ntvih (ΙΙΙ) секmafns
Қышқыл тұздар қышқылдардың сутегі иондар металдарға толық алмаспауынан шыққан заттар. Сондықтан олардың құрамында металл болады. Қышқыл тұздарды көп негізді қышқылдар (Н2СО, Н2SO4, Н3РО4, Н2SiO3, Н2S т.б.) түзеді.
Қышқыл тұздардың халықаралық аттары сәйкес орта тұздардағы металл еместің латын тіліндегі аты алдына ″гидро″ деген сөзді қосып айтудан шығады. Егер тұздың құрамында бір сутегінің ионы болса ″гидро″ екі сутегі ионы болса ″дигидро″ деген сөздер қосылып айтылады. Мысалы:
NaH2PO4-натрий дигидрофосфаты
Na2HPO4-натрий гидрофосфаты
Негіздік тұздар көп қышқылды негіздің (Cu(OH)2, Fe(OH)2, Fe(OH)3, AL(OH)3 т.б.) гидроксид тобы қышқыл қалдықтарымен толық алмаспауынан түзіледі. Сондықтан олардың құрамында металл катиондары мен қышқыл қалдықтары аниондарынан басқа гидроксид иондар болады.
Негіздік тұздардың халықаралық аттары сәйкес оттекті тұздардағы металл еместің латын тіліндегі атының алдында ″гидроксо″ деген сөз қосыоып айтылады. Егер негіздік тұздар құрамында бір гидроксид-ион болса ″гидроксо″ , ал екі гидроксид ион болса ″дигидроксо″ деген сөздер қосылып айтылады. Мысалы: ALOHCL2 –алюминий гидроксохлориді AL(OH)2CL-магний дигидроксохлориді, MgOHCL- магний гидрокхлориды.

KAL(SO)4 –калий –алюминий сульфаты


KNaCO3-калий –натрий карбанаты
KNaC4H4O6-калий-натрий тартраты

Алынуы: 1. Металл және металл еместердің әрекеттесуі:


2Na+ CL2=2 NaСL
Ғе+S=FeS
2. Металдар қышқылдармен әрекеттесуі:
Zn+2HCL=ZnCL2+H2
3. Негіздік оксидтері қышқылдық оксидпен әрекеттесуі:
СаО+СO2=СаСО3
СаО+ SiO2=СаSiO3
4. Негіздік оксидтердің қышқылдармен әрекеттесуі:
СаО+2HNO3=Ca(NO3)2+H2O
5. Гидроксидтердің қышқылдық оксидтермен әрееттесуі
Са(ОН)2+СO2=СаСО3+H2O
6. Гидроксидтердің қышқылдармен әрекеттесуі
2NaOH+Н2SO= Na2SO4+H2O
7. Металдардың тұздармен әрекеттесуі
Zn+ CuSO4=Cu+ZnSO4
8. Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі
HCL+AgNO3=AgCL+HNO3
9. Амфотерлі гидроксидтер сілтімен әрееттесуі
Zn(ОН)2+ Са(ОН)2=СаZnO2+2H2O
10. Амфотерлі гидроксидтер қышқылдармен әрекеттесуі
Zn(ОН)2+2HCL=ZnCL2+H2О


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет