Химия пәні сабақтарында оқушы білімін бағалаудағы жаңА Әдістер алибеков Мурат Сабирович Дарынды балаларға арналған



жүктеу 125.84 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі125.84 Kb.
ХИМИЯ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР
Алибеков Мурат Сабирович

Дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

ПАВЛОДАР қаласы
Соңғы жылдарға дейін оқушы білімі басқа оқушы білімімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Қазіргі күндеде көпшілік мектептерде төрт балдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді. Бір және екі деген баға бар болғанымен, іс жүзінде қолданылмайды. Оқушы білімін бағалауда субъективтілік және бағалаушыға тәуелділік бар.

Оқу нәтижелерін бағалау – оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы үрдісті басқаруда негізгі орын бағалауға беріледі.

Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретсе соны бағалайды. Мектептегі оқушының алған барлық білімі оның болашағына қажетті өмірлік қоры болмақ, сондықтан оқушы жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы ерекше болмақ.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасаңыз, бағалау үдерісіне қатысты белгілі бір жүйенің (классификацияның) жоқтығын байқайсыз.

Осы уақытқа дейін оқушының білім деңгейі мен білім сапасын - тест, тексеру жұмысы, жазба жұмысы, әртүрлі диктанттар, өздік жұмыстар, ғылыми жобаның орындалуы олимпиадаларда қатысуы немесе тоқсан қорытындысы бойынша өзара салыстыру арқылы өлшеп, бағалап келгеніміз шындық.

Жұмыстың осылай ұйымдастырылуы оқушылардың өз оқу-әрекеттерін дұрыс бағалай алмауына, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізе алмайтындығына әкелді. Қазіргі күндегі көпшілік «оқу озаттарымыздың» күннен-күнге қарқыны арта түскен ақпараттар ағымына ілесе алмай, оларды сараптай алмай, дұрыс талдауға мүмкіндігі болмай, бүгінгі күнде бел алған бәсекелестікте қабілетсіз болып отыруы – шындық.

Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы оқушылардың білім, білік, дағдысын бағалаудың бес балдық жүйесін өзгерту және жаңарту мәселесінің туындауына Республикамыздың білікті, білімді, жаңашыл (новатор) ұстаздарының пікірінше мынадай қайшылықтар себебші:


  • бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

  • білім саласындағы және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар;

  • білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар;

  • қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі т.б.

Қазіргі таңда мектептегі бағалауды жаңартудың мақсаты – оқушылардың бағаларын мазмұнды, объективті, дифференциалды ету. Білім алушының құзыреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Білімді тексеру, бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушы білімін бағалау процессінде, өз жұмысындағы жетістіктер мен олқылықтарға (кемшіліктерге) баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, өз жұмысына корректировка жасайды.

Заманауи мектептің оқушысы ұтымды ұйымдастырылған сабақ барысында шығармашылық импульс алады, дүниені, қоршаған ортаны, қоғамды танып-білуге, өз қабілеттерін дамытуға ұмтылады.

Оқушы білімін бағалаудың критериалды жүйесін өз оқу процессіне енгізген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің осы уақытқа дейін қолданыста болған бақылау және бағалу жүйесін елеулі түрде түрлендіруі және оны сапалы деңгейге көтеруі, Республикамыздың басқа мектептерінеде үлгі болды.

Елімізде химия саласының қарқынды дамуына қарамай, оқушылардың аталған пәннен білім деңгейін жоғары деп айта алмаймыз.

Оқу процесінде, айналамызда болып жатқан түрлі реформалар барсында – «Химия пәнінен нені оқытуым керек?», «Қалай, қай үлгіде оқыту керек?» деген сұрақ туындауы заңдылық. Осыған орай өз мақаламды «Химия пәні сабақтарында оқушы білімін бағалаудағы жаңа әдістер (немесе тәсілдер)» деп атасамда, бұл жаңа әдіс пе әлде басқа мұғалімдер баяғыдан қолданып жүрген ұстанымба деген сұрақ ойымда туындайды.

Химия пәні мұғалімдері назарына - мен оқытуда жаңалық ашып тұрған жоқпын, тек өз жұмыстарыммен әріптестеріммен пікір бөліскім келеді.

Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжәірибенің бүгінгі даму деңгейінің ең тиімдісін таңдап алу және үйлесімді қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі .

Мұғалім сабағының сәтті өтуі - оның түрін дұрыс таңдай білуіне, мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне байланысты. Сабақты ұйымдастыруда:


  • өтілетін тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау;

  • тақырыпқа тиімді болатын сабақ түрін, әдіс-тәсілін қарастыру;

  • сабаққа тиімді болатын қосымша материалды іріктеп алу;

  • дидактикалық электронды оқулықтарды мақсатқа сай пайдалану керек.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның оқушы білімін бағалаудағы критерийлік бағалау жүйесімен таныса және өзім үшін талдай отырып бұл жүйенің мұғалім үшін ыңғайлы екенін түсіндім.

Бұл жүйе білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың қалыптастырушы және қорытындылаушы формалары қарастырылған.

11-сыныпта «Органикалық химияға кіріспе», «Қаныққан көмірсутектер» тараулары бойынша тоқсан соңында оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін бағалаудың қорытындылаушы формасымен жұмыс істедім. Тексеруді тест түрінде өткізіп, бағалауға мына тақырыптарды енгіздім:







Тақырыптар

Бағалау критерилері

ұпай


А

білу


В

түсіну


С

қолда-ну


D

талдау


Е

жинақ-тау



1

Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы

1

1

1

-

-

3

2

Изомерия

1

1

1

1

-

4

3

Гомологтар

1

1

1

-

-

3

4

Алкандардың номенклатурасы

1

1

1

1

-

4

5

Алкандар мен циклоалкандардың құрылысы

1

1

1

1

-

4

6

Алкандар мен циклоалкандардың физикалық қасиеттері

1

1

1

-

-

3

7

Алкандардың химиялық қасиет-тері

1

1

1

1

1

5

8

Циклоалкандардың химиялық қасиеттері

1

1

1

1

1

5

9

Алкандар мен циклоалкандардың алыну, қолданылуы

1

1

1

-

-

3

10

Алкандар мен циклоалкандардың номенклатурасы

1

1

1

1

-

4

11

Алкандар мен циклоалкандардың химиялық қасиеттері

1

1

1

1

1

5

12

Сандық есептер

1

1

1

1

1

5

Жалпы ұпай

48

Ұпайлар

1-24

25-34

35-41

42-48

Баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Тест тапсырмаларын орындауға 45 минут уақыт бөлінеді. №1-8 тапсырмаларды орындауда оқушы бір дұрыс жауапты таңдауы керек, №9-10 тапсырмада оқушы тапсырмаға талдау жасап екі немесе үш дұрыс жауапты анықтап, жауаптарды сандардың өсу ретімен орналастырады, №11-12 тапсырмалардың жауаптарын оқушы жазба түрде, теңдеулерді аяқтап, коэффициентерін қойып, есептердің шешілу жолдарын толық жазбаша түрде береді. Төменде тапсырмалардан нұсқалар берілген:

Нұсқа 1

1. Органик қосылыстардың «химиялық құрылыс» теориясының негізін қалады:



A) М.В.Ломоносов

B) К.В.Шееле

C) Л.Полинг

D) А.М.Бутлеров

E) М.Фарадей

2. Қаныққан көмірсутектердің изомерленуі ... басталады.

A) C4H10

B) C5H12

C) C3H8

D) C6H14

E) C2H6

3. Мына заттардан гомологтарды анықтаңдар:

1) C7H16

2) C3H8

3) C2H5Br

4) C9H20

5) C2H2Br4

6) C2H4

A) 2,6

B) 3,5,6

C) 1,3

D) 1,2,4

E) 4,5,6

4. Құрылымдық формуласы мынадай C2H5–C(C2H5)–CH3 алканның аталуы:

A) 2-этилпропан

B) 2-этилбутан

C) изобутан

D) 3-метилпентан

E) 2,3-диметилбутан

5. sp3 – гибридтелудегі электрон бұлттары осьтерінің арасындағы бұрыш:

A) 119o 28

B) 120o

C) 109o 38

D) 109o 28

E) 360o

6. Алкандар гомологтық қатарының алғашқы төрт өкілі кәдімгі жағдайда -

A) суда ерігіш заттар.

B) сұйықтықтар есептеледі.

C) қиын балқитын қосылыстар.

D) қатты заттар.

E) газдар.

7. Вюрц реакциясы бойынша қай заттан бутан алуға болады ?

A) бромэтан

B) хлорметан

C) йодпропан

D) метилйодит

E) 2-хлорпропан

8. 1,3-дихлорбутанға мырышпен әсер етіп ... алады.

A) циклобутан

B) метилциклопропан

C) 1,1-диметилциклопропан

D) циклопропан

E) метилциклобутан

9. Мына реакцияларда алкандар түзіледі:

1) CH2=CH2 + HCl →

2) CH3Br + Na →

3) CH≡CH + HBr →

4) CH≡C-CH3 + 2H2

5) CH3CH2COONa + NaOH

6) CH4

Жауабы__________________

10. Гексанның изомерлері:

1) 2-метилпропан

2) 2,3-диметилбутан

3) 3-метилгексан

4) 3-метилпентан

5) 2-метилпентан

6) 2,2-диметилпропан

Жауабы__________________

11. Реакция теңдеулерін жазыңдар:

1) CH3CH2CH3 + HNO3 … + … + …

2) циклопропан + бромсутек →

3) 1,3-дихлорбутан + мырыш ... + ....

12. Ауа бойынша тығыздығы 1,04-ге тең алкан жанғанда 3,3 г су және 2,02 г су түзілді.

Алканның формуласын анықтап, изомерлерінің құрылымдық формулаларын түзің-

дер.
Нұсқа 2

1. Молекуладағы атомдардың байланысу ретін көрсететін формула ... деп аталады.

A) молекулалық

B) электрондық

C) құрылымдық

D) эмпирик

E) иондық

2. Пентанның ... изомері бар.

A) екі


B) алты

C) бір


D) үш

E) төрт


3. Гомологтық қатардағы заттарда :

A) қасиеттері мен құрылысы ұқсас болады.

B) молекулалық массалары бір түрлі.

C) агрегат күйі бір түрлі болады.

D) тығыздықтары бір түрлі.

E) қайнау температуралары бірдей болады.

4. Қаныққан көмірсутектердің атын атауда қолданылатын жұрнақ:

A) -ил


B) -диен

C) -ан


D) -ин

E) –цикло

5. Алкандар молекуласының кеңістіктегі пішіні:

A) тетраэдр

B) октаэдр

C) тригонал-пирамидал

D) гексаэдр

E) пентаэдр

6. Алкандардың молекулалық массаларының өсуіне қарай олардың ... .

A) суда ерігіштігі артады.

B) қайнау, балқу температуралары артады.

C) қайнау температурасы артады, балқу температурасы кемиді.

D) электр өткізгіштігі артады.

E) қайнау, балқу температуралары төмендейді.

7. Метанды хлорлау реакциясының үшінші сатысында түзілетін зат:

A) 1,1-дихлорметан

B) трихлорэтан

C) тетрахлорметан

D) трихлорметан

E) хлорметан

8. 3 моль циклопропан жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының мөлшері (моль):

A) 7,00


B) 4,00

C) 11,00

D) 9,00

E) 8,00


9. Мына реакцияларда алкандар түзіледі:

1) CH2=CH-СH3 + H2

2) CH4 + O2

3) CH≡CH + H2

4) CH≡CH + 2H2

5) CH3CH3 + HNO3

6) Al4C3 + H2O →

Жауабы__________________

10. Циклопентанның изомерлері:

1) 2-метилбутан

2) 1,2-диметилциклопропан

3) 2,2-диметилпропан

4) этилциклопропан

5) 2-метилпентан

6) метилциклобутан

Жауабы__________________

11. Реакция теңдеулерін жазыңдар:

1) CH3CH(Cl)CH3 + 2Na … + …

2) …C3H6 + …O2 → … + ….

3) циклопентан + хлор ... + ....

12. Ауа бойынша тығыздығы 1,52-ге тең гәз күйіндегі алканның 2,24 л жанғанда 13,2 г

көмірқышқыл газы мен 7,2 г су түзілді. Алканның қарапайым формуласын табың-

дар.
Қорытындылаушы бағалау:


  • бағалау белгілі бір тарауды (модульді) қорытындылау мақсатында орындалады;

  • әрбір тарау соңында бақылау жұмысы, тест сұрақтары, сұрақтарға жазбаша жауап беру, талдау т.с.с формада өткізіледі;

  • оқушыларға модуль бойынша өз білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді;

  • мұғалімге оқушылардың модульді қай дәрежеде игергені туралы пікір жасауына және қорытынды бағаны қоюына мүмкіндік береді;

  • мұғалімге қай тақырыпты қайталап, коррекциялық жұмыс өткізу керектігін анықтауға мүмкіндік береді;

Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалім оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттайды, дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтайды, түрлі формадағы бақылау жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тапалова Ә.С. «Бейорганикалық химия», Астана, 2008 ж.

  2. Днепров Э.Д, Аркадьев А.К. «Сборник нормативных документов», М.; Дрофа, 2007.

  3. Каверина А.А., Добротин Д.Ю., Медведев Ю.Н., Снастина М.Г. «Оптимальный банк заданий для подготовки учащихся», М.; Интелект-Центр. 2012.


АҢДАТПА

Критериалды бағалау оқушы жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде ақпарат береді және кері байланыс міндетін орындайды. Мақалада қорытынды бағалауда қолданылған модуль тақырыптары, бағалау критерилері және тест тапсырмалары нұсқалары берілген.



АННОТАЦИЯ

Критериальное оценивание позволяет не только объективно оценивать достижения учащихся, но и активизировать процессы саморазвития и самообучения учащихся, что особенно актуально при формировании учебно-познавательной компетентности школьников. В данной статье представлены элементы содержания модуля, проверяемые заданиями, критерии оценивании, образцы тестовых заданий.



ANNOTATION

The criteria evaluation lets assess students’ achievements correctly, and force the processes of self-development and self-study of students. This is especially important when learning and cognitive competencies are formed. In this article elements of module’s content, evaluation criteria, samples of tests are presented.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет