«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет2/34
Дата02.04.2024
өлшемі1.08 Mb.
#497357
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
11 тжб

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

11.1А «Ароматты қосылыстар қатары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

11.4.2.12 Бензол молекуласының құрылымын түсіндіру
11.4.2.13 Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру
11.4.2.15 Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
11.4.2.16 Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру
11.4.2.18 Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Бензол молекуласының құрылымын сипаттайды  Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизіміне сипаттайды

  • Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут

Тапсырмалар

  1. (а) Неміс химигі Кекуле бензол молекуласындағы алты көміртек атомы цикл жасап тұйықталады және көміртек атомдары өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық молекуласын ұсынған. ХХ ғасырдың басында бензол молекуласында көміртек атомдары теңбүйірлі алтыбұрышта орналасатыны түсіндірілді.


(і) Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазыңыз:
(іі) Бензол молекуласының құрылымын сипаттау үшін Кекуленің алтыбұрышты құрылымдық формуласына қарағанда электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш дәлел келтіріңіз.

  1. Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін аяқтаңыз:



  1. Бензол мен оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырыңыз. Реакциялардың жүруінің жағдайларын көрсетіп, түзілген өнімдерді атаңыз: (і) С6Н6 + Cl2

(iі) бензолдың толық гидрлену реакциясы:
(ііі) толуолдың толық гидрлену реакциясы:

  1. Барлық ароматты көмірсутектер орынбасу реакциясына жеңіл түседі, ал қосылу реакциясына қиын түседі.

(і) Нитрлеу реакциясының теңдеуін сатылы түрде аяқтап, реакцияның жүру механизмін
түсіндіріңіз:
НО – NO2 + 2H2SO4 ↔ NO2+ + H3O+ + 2HSO4-

(іі) Галогендеу реакциясының теңдеуін аяқтаңыз, реакцияның механизмін түсіндіріңіз:


  1. Бензол гомологтары С6Н5–R бензолмен салыстырғанда орынбасу реакциясына белсенді түседі. Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін төмендегі схема негізінде түсіндіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет