Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет15/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
есеп және шығару жолдары

Есептер жинағынан есеп шығару. № 1-158есеп.
Жұмыс дәптерінен № 82 есеп (1 минут)

9 - 10 сабақ
Электролит ертінділері
7.1. Әлсіз электролиттер. Диссоциациялану константасы және дәрежесі 
Электролиттердің иондарға ыдырау қабілетін сандық
жағынан диссоциациялану дәрежесін анықтайды. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі α дегеніміз иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы ерітілген молекулалар санына қатысы.
Ал еріткенде иондарға толық ыдырамайтын заттарды әлсіз электролиттер деп атайды. Оның ертінділерінде диссоциацияланбаған молекулалар мен оның өнімі – диссоциациялану ионы арасында тепе-теңдік орнайды. Мысалы, сірке қышқылының ертіндісіде мына тепе-теңдік орнайды:
СН3СООН ↔ Н+ СН3СОО-
Мұның константасы сәйкес бөлшектердің концентрацияларының қатынасымен байланысты:
К = [Н+][СН3СОО-] / [СН3СООН]
АХ электролиті А+ және Хиондарына диссоциацияланғандықтан, диссоциациалану дәрежесі мен константасы мына қатынаспен байланысты (Оствальдытың сұйылту заңы):
К = α2См / (1- α)
Мұндағы См – электролттік мольдік концентрациясы, моль/л.
Әлсіз электролиттедің диссоциациялану дәрежесі өте аз болғандықтан, 1– α ≈ 1. Сондықтан диссоциациялану константасы мынадай болады:
К = α2См, бұдан α=√К / См.
Бұл теңдеу электролит ертіндісінің концентрациясының азаюына, яғни сұйылуына байланысты оның диссоциациялану дәрежесінің артатынын көрсетеді.
Егер ертіндідегі АХ электролитінің диссоциациясы α тең болса, онда ертіндідегі А+ және Х- иондарының концентрациясы бірдей:
+] = [Х-] = αСм
мұнда жоғарыдағы қатынасқа α мәнін қойып, анықтаймыз:
+] = [Х-] = См√К/См =√КСм
Қышқылдың дисоциациясы мен байланысыт есептеулерде көбінесе К константасынын емес константасының диссоциациялану көрсеткішін қолданған қолайлы, олл мына қатынаспен анықталады:
рК = lgК
1-мысал. 0,1 М ертіндідегі сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,32 · 10-2 тең. Қышқылдың диссоциациялану константасы мен рК мәнін анықта.
Шешуі. Берілген есепті, сұйылту заңының теңдеуіне қойып:
К = α2См / (1 – α) = (1,32 · 10-2)· 0,1 / (1 – 0,0132) = 1,77 · 10-5
Бұдан рК =­lg(1,77 · 10-5) = 5 ­ lg1,77 = 5 – 0,25 = 4,75
К = α2См теңдеуіне жақын есептеу К мәніне әкеледі:
К = (1,32 · 10-2)· 0,1 = 1,74 · 10-5
Бұдан рК = 4,76.
2-мысал. Цианосутектің (синиль қышқылы) диссоциациялану константасы 7,9 · 10-10 тең. 0,001 М ертіндідегі НСN диссоциациялану константасын анақта.
Шешуі. НСN диссоциациялану константасы өте аз болғандықтан, есептеу үшін мына теңдеуді қолдануға болады:
α =√К/См = √7,9 ∙ 10-10 / 10-3 = 8,9 · 10-4
3-мысал. 0,1 М НОСІ хлордау қышқылы ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын есепте (К = 5 · 10-8).
Шешуі. НОСІ диссоциациялану дәрежесін анықтаймыз:
α = √ К/См = √ 5 ∙ 10-5 / 0,1 = 7 · 10-4
бұдан: [Н+] = α См = 7,4 ∙ 10-4 · 0,1 = 7 · 10-5
+] = √ КС қатынасын пайдалана отырып, есепті басқа әдіспен де шешуге болады. Онда [Н+]= √ 5 ∙ 10-8 · 0,1 = 7 · 10-5 моль/л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет