Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет8/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
есеп және шығару жолдары

4 – сабақ
Сабақтың тақырыбыЗаттың эквивалентті массасы
Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы дейді, ал ол г/моль арқылы көрсетіледі.
1-мысал.  Мына қосылыстардағы HBr, H2O және NHэлементтерінің эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта.
Шешуі. Берілген қосылыстардағы сутегі атомының 1 молі, бром атомының 1 молімен, оттегі атомының ½ молі, азот атомының 1/3молімен қосылады. Яғни, соған сәйкес бромның, оттегінің, азоттың эквиваленті 1 мольге, ½ және 1/мольге тең. Бұл берілген элемент атомдарының мольдік массасы нәтижесінде бром, оттегі, азот —эквиваленттік массалары — 79,9 г/моль, 16 ∙ ½ = 8 г/моль, 14 ∙ 3/1 = 4,67 г/мольге тең екені анықталды.
Элементтің эквивалентін немесе эквиваленттік массасын анықтағанда, оның сутегімен қосылыс түзуі міндетті емес. Қосылыстағы элементтерді талдау арқылы анықталған массалық мөлшерлері және біреуінің эквиваленті белгілі болса, екінші элементтің эквивалентін табуға болады.
2-мысал. 5,6 г темір күкіртпен қосылғанда 8,8 г темір сульфидін түзеді. Күкірттің эквиваленттік массасы 16 г/мольге тең екені белгілі болса, темірдің эквиваленттік массасын ЭFe және оның эквивалентін есепте.
Шешуі. Берілген есептің шарты бойынша, темір сульфидіндегі 5,6 г темірге 8,8 - 5,6 = 3,2 г күкірт келеді. Эквивалент заңына сәйкес, әрекеттесетін заттардың массалары олардың эквиваленттік массаларына пропорционал болады. Демек,
5,6 г Ғе эквиваленті 3,2 г S
ЭҒе г/моль — 16 г/моль
Бұдан, ЭҒе = 5,6 ∙ 16/3,2 = 28 г/моль
Темір атомының мольдік массасы, санды түрде оның салыстырмалы молекулалық массасы (28 г/моль), оның атомының мольдік массасынан 2 есе кем болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар. Демек, темірдің эквиваленті ½ мольге тең (1:2).
Эквиваленттер заңы негізінде күделі заттардың эквиваленттік массаларын мына формулалармен өрнектеуге болады:
Эоксид = Моксид / элемент атомының саны ∙ элемент валенттігі;
Эқышқыл = Мқышқыл / қышқыл негізділігі;
Энегіз = Мнегіз / негіз қышқылдығы;
Этұз = Мтұз / металл атомының саны ∙ металл валенттілігі;
мұндағы, М – қосылыстардың мольдік массасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет