Ерігіштік көбейтіндісі
Барий сульфатының қанық ертіндідегі қатты зат пен иондардың арасында мынадай тепе-теңдік орнайды:
ВаSО4 ↔ Ва2+ + SО42-
тұнбада ертіндіде
Электролит ертіндідегі ион күйі олардың активтілігімен анықталғандықтан, соңғы процестің тепе-теңдік константасы келесі теңдеумен өрнектеледі:
К = αВа2+ + αSО42- / αВаSО4
Келтірілген теңдеу нашар еритін электролиттің қанық ертіндісіндегі оның иондарының көбейтіндісі осы температура үшін тұрақты шама болады.
Бұл шама ерігштік көбейтінді деп аталады және оны ЕК әріптерімен белгілейді.
Бұдан Ва2+ мен SО42- иондарының активтілік көбейтіндісі мынадай:
αВа2+ + αSО42- = ЕКВаSО4
Егер электролит нашар еритін болса, онда оның қанық ертіндісінің иондық күші нөлге жақын, ал ионның активтілік коэффициенті бірден айырмашылығы аз (шамалы). Осындай жағдайларда ЕК көбейтіндідегі ион активтілік көбейтіндісін олардың концентрациясының көбейтіндісіне алмастыруға болады. ВаSО4 қанық ертіндісінің иондық күші 10-5 тең ретке ие және ВаSО4 ерігіштік көбейтіндісі келесі түрде жазылады:
ЕКВаSО4 =[Ва2+][SО42-]
Егер нашар еритін электролит ертіндісіндегі иондардың көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен артық болса, онда бұл аса қаныққан ертіндідегі иондар әрекеттесіп нашар еритін электролиттің тұнбасын түзеді. Мысалы, егер барий сульфаты ертіндіснідегі иондардың көбейтіндісі [Ва2+][SО42-] ерігштік көбейтіндісінен көп болса, онда ертіндіден белгілі мөлшерде ВаSО4 тұнбаға түседі.
1-мысал. Магний гидоксиді Мg(ОН)2 ерігіштігі 18ºС температурада 1,7 · 10-4 моль/л болса, Мg(ОН)2 магний гидроксиді ертіндісіндегі осы температурадағы ерігіштік көбейтіндісін анықта.
Шешуі. Мg(ОН)2 иондарының әр молі ерігенде Мg2+ ионының 1 молі мен екі есе көп ОН- иондарына ыдырайды. Демек, Мg(ОН)2 қанық ертіндісінде [Мg2+] = 1,7 · 10-4 моль/л; [ОН-] = 3,4 · 10-4 моль/л бұдан ЕКМg(ОН)2 = [Мg2+][ОН-]2 = 1,7 · 10-4 (3,4 · 10-4)2 = 1,96 · 10-11
2-мысал. Қорғасын иодидінің 20ºС температурадағы ерігіштік көбейтіндісі 8 · 10-9 тең. Көрсетілген температурадағы тұздың ерігіштігін (моль/л мен г/л) есепте.
Шешуі. Ізделініп отырған ерігіштікті s арқылы белгілейміз (моль/л). РbІ2 қанық ертіндісінің құрамында s моль/л Рb2+ ионы мен І- ионының 2s моль/л бар. Бұдан: ЕКРbІ2 =[Рb2+][І-]2 = s(2s)2 = 4s3
s =3√ ЕКРbІ2 / 4= 3√ 8 ∙ 10-9 /4 = 1,3 · 10-3 моль/л.
РbІ2 мольдік массасы 461 г/моль тең болғандықтан, РbІ2 ерігіштігі 1,3 · 10-3· 461 = 0,6 г/л құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |