13-14 сабақтар
Электролит ертінділеріндегі алмасу реакциялары. Тұздар
гидролизі
Тұздар гидролизі деп тұз иондары мен әлсіз электролит түзілуі нәтижеснде ертіндідегі сутегі және гидроксид иондары өзгеру арқылы жүретін рекцияны айтады. Тұздар гиролизінің 4 түрлі жағдайы бар, оның жағдайында олар гидролизденеді, ал төртінші жағдайда гидролизденбейді.
Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз:
НСІО4 + NаОН = NаСІО4 + Н2О
2НNО3 + (ОН)2 = Са(NО3)2 + 2Н2О
ионды –молекулалық теңдеумен өрнектеледі:
Н+ + ОН-= Н2О
Сонымен күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз гидролиденбейді.
Ұқсас реакция теңдеуі:
ВаСІ2 + Н2SО4 = ВаSО4 + 2НСІ
Ва(NО3)2 + Nа2SО4 + 2NаNО3
1-мысал. Келесі заттар арасындағы теңдеуді ионды-молекулалық түрде жаз: СН3СООNа мен Н2SО4; Nа2СО3 мен НNО3; НСN мен Са(ОН)2; Рb(NО3)2 мен К2СrО4.
Шешуі. СН3СООН, НСN мен Н2О - әлсіз электролиттер, ал СО2 мен РbСrО4- суда аз еритін болғандықтантізделінген теңдеулер келесідей түрге ие болады:
СН3СОО- + Н+ = СН3СООН
СО32- + 2Н+ = СО2↑+ Н2О
НСN + ОН - = СN+ + Н2О
Рb2+ + СrО42- = РbСrО4↓
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз:
СН3СООН + КОН = СН3СООК + Н2О
немесе
СН3СООН + ОН- = СН3СОО- + Н2О
реакцияда екі әлсіз электролит - әлсіз қышқыл (СН3СООН) мен су қатысады. Реакция аяғына дейін жүрмейді.
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз:
Zn(ОН)2 + 2НNО3 = Zn(NО3)2 + Н2О немесе
Zn(ОН)2 + 2Н+ = Zn2+ + 2Н2О
Тұздың гидролизі: Кr=[Н+][МОН] / [М+] = КН2О / Кнегіз
тепе-теңдік әлсіз электролит, яғни су жағына қарай ығысады. әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз гидролизденгенде әлсіз электролит негіздік тұз немесе әлсіз негіз түзіледі де сутегі иондарының көбеюі салдарынан ертінді қышқылдық орта (рН
Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз:
КСN + Н2О ↔НСN + КОН
СN- + Н2О ↔НСN + ОН-
Тұздың гидролизі гидролиз константасымен Кr сипатталады:
Кr =[ОН-][НА] / [А-] = КН2О / Кқышқыл
Достарыңызбен бөлісу: |