Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат


- сабақ Комплексті қосылыстардың номенклатурасы



бет22/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
есеп және шығару жолдары

19 - сабақ
Комплексті қосылыстардың номенклатурасы
Құрамында кешен катионы бар қосылыстың жүйелілік аттары былай: Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды, мысалы С6Н6 – бензол, С2Н4 – этилен, N2Н4 – гидразин. Кейбір электронейтрал молекулалардың – лигандалардың дәстүрі қалыптасқан аты бойынша атайды, мысалы Н2О – аква, NН3 – аммин, NО – нитрозил, СО – карбонил, СS – тиокарбонил. Егер лигандалардың саны бірнешеу болса, олардың саны грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6-гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион – лигандалардың аттарын атау үшін олардың әрқайсысының аттарына “О” жұрнағын қосып айтады, мысалы: Вr – бромо, О2—оксо, N3 – нитрито, ОН- - гидроксо, S2О3 – тиосульфато, С2О42- - оксалато т.б. Осыдан кейін кешен түзушінің атын ілік септігінде атап, түзушінің зарядын көрсетеді. Ең слоңында сыртқы сфераның анионының атына “ы” деген жалғау қосып айтады.
1-мысал. [Рt(NН3)3СІ]СІ, [Со(NН3)5Вr]SО4- тұздарын ата.
Шешуі. [Рt(NН3)3СІ]СІ – хлортриамминоплатина (ІІ) хлориді.
[Со(NН3)5Вr]SО4- пентаамминбромокобальт (ІІІ) сульфаты.
2-мысал. Ва[Сr(NН3)2(SСN)4]2, (NН4)2[Рt(ОН)2СІ4] тұздарын ата
Шешуі. Ва[Сr(NН3)2(SСN)4]2 – барийдің диамминтетрароданхроматы (ІІІ).
(NН4)2[Рt(ОН)2СІ4] – аммонийдің дигидроксотетрахлорплатинаты (ІV)
Эквивалент. Эквивалент заңдары
Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы дейді, ал ол г/моль арқылы көрсетіледі.

1-мысал. Мына қосылыстардағы HBr, H2O және NH3 элементтерінің эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта.


Шешуі. Берілген қосылыстардағы сутегі атомының 1 молі, бром атомының 1 молімен, оттегі атомының ½ молі, азот атомының 1/3 молімен қосылады. Яғни, соған сәйкес бромның, оттегінің, азоттың эквиваленті 1 мольге, ½ және 1/3 мольге тең. Бұл берілген элемент атомдарының мольдік массасы нәтижесінде бром, оттегі, азот —эквиваленттік массалары — 79,9 г/моль, 16 ∙ ½ = 8 г/моль, 14 ∙ 3/1 = 4,67 г/мольге тең екені анықталды.
Элементтің эквивалентін немесе эквиваленттік массасын анықтағанда, оның сутегімен қосылыс түзуі міндетті емес. Қосылыстағы элементтерді талдау арқылы анықталған массалық мөлшерлері және біреуінің эквиваленті белгілі болса, екінші элементтің эквивалентін табуға болады.
2-мысал. 5,6 г темір күкіртпен қосылғанда 8,8 г темір сульфидін түзеді. Күкірттің эквиваленттік массасы 16 г/мольге тең екені белгілі болса, темірдің эквиваленттік массасын ЭFe және оның эквивалентін есепте.
Шешуі. Берілген есептің шарты бойынша, темір сульфидіндегі 5,6 г темірге 8,8 - 5,6 = 3,2 г күкірт келеді. Эквивалент заңына сәйкес, әрекеттесетін заттардың массалары олардың эквиваленттік массаларына пропорционал болады. Демек,
5,6 г Ғе эквиваленті 3,2 г S
ЭҒе г/моль — 16 г/моль
Бұдан, ЭҒе = 5,6 ∙ 16/3,2 = 28 г/моль
Темір атомының мольдік массасы, санды түрде оның салыстырмалы молекулалық массасы (28 г/моль), оның атомының мольдік массасынан 2 есе кем болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар. Демек, темірдің эквиваленті ½ мольге тең (1:2).
Эквиваленттер заңы негізінде күделі заттардың эквиваленттік массаларын мына формулалармен өрнектеуге болады:
Эоксид = Моксид / элемент атомының саны ∙ элемент валенттігі;
Эқышқыл = Мқышқыл / қышқыл негізділігі;
Энегіз = Мнегіз / негіз қышқылдығы;
Этұз = Мтұз / металл атомының саны ∙ металл валенттілігі;
мұндағы, М – қосылыстардың мольдік массасы.
3-мысал. Құрамында 8г NaOH бар ертіндімен күкірт қышқылын бейтараптағанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықта.
Шешуі. Натрий гидроксидінің эквиваленттік массасын табамыз:
ЭNaOH = MNaOH/1 = 40 г/моль. Демек, 8г NaOH 8/40 = 0,2 г/моль NaOH эквиваленттік массасын құрайды. Эквиваленттер заңына сәйкес, түзілген тұз массасы да 0,2 тең. Кейін тұздың эквиваленттік массасын анықтаймыз:
ЭNаНSО4 = MNаНSО4 / 1 = 120 г/моль. Натрий гидросульфатын түзген масса 120 ∙ 0,2 = 24 г тең.
Кейбір есептерді шығарғанда, мысалы, газ күйіндегі заттардың реакцияға түсуі, көлемді анықтау және оған есептерде міндетті түрде “эквиваленттік көлемді„ қолданған жөн.
Эквиваленттік көлем деп осы жағдайда заттың 1 эквивалентіне сәйкес келетін көлемді айтады. Мысалы, қалыпты жағдайда сутегінің 1 эквиваленті 22,4/2 = 11,2 л тең, оттегінің 1 эквиваленті 5,6 л көлем алады.
4-мысал. Эквиваленттік массасы 28 г/мольге тең, металдың біршама мөлшері қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7 л сутегіні ығыстырып шығарады. Металдың массасын анықта.
Шешуі. Сутектің эквиваленттік көлемі 11,2 г/мольге тең екенін біле тұра, пропорция құраймыз:
28 г металл эквиваленті —11,2 л сутегі
хг — 0,7 л
х = 0,7 ∙ 28/11,2 = 1,75 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет