26 - 27 сабақ
Электролит ертінділері
Әлсіз электролиттер. Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Электролиттердің иондарға ыдырау қабілетін сандық
жағынан диссоциациялану дәрежесін анықтайды. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі α дегеніміз иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы ерітілген молекулалар санына қатысы.
Ал еріткенде иондарға толық ыдырамайтын заттарды әлсіз электролиттер деп атайды. Оның ертінділерінде диссоциацияланбаған молекулалар мен оның өнімі – диссоциациялану ионы арасында тепе-теңдік орнайды. Мысалы, сірке қышқылының ертіндісіде мына тепе-теңдік орнайды:
СН3СООН ↔ Н+ + СН3СОО-
Мұның константасы сәйкес бөлшектердің концентрацияларының қатынасымен байланысты:
К = [Н+][СН3СОО-] / [СН3СООН]
АХ электролиті А+ және Х- иондарына диссоциацияланғандықтан, диссоциациалану дәрежесі мен константасы мына қатынаспен байланысты (Оствальдытың сұйылту заңы):
К = α2См / (1- α)
Мұндағы См – электролттік мольдік концентрациясы, моль/л.
Әлсіз электролиттедің диссоциациялану дәрежесі өте аз болғандықтан, 1– α ≈ 1. Сондықтан диссоциациялану константасы мынадай болады:
К = α2См, бұдан α=√К / См.
Бұл теңдеу электролит ертіндісінің концентрациясының азаюына, яғни сұйылуына байланысты оның диссоциациялану дәрежесінің артатынын көрсетеді.
Егер ертіндідегі АХ электролитінің диссоциациясы α тең болса, онда ертіндідегі А+ және Х- иондарының концентрациясы бірдей:
[А+] = [Х-] = αСм
мұнда жоғарыдағы қатынасқа α мәнін қойып, анықтаймыз:
[А+] = [Х-] = См√К/См =√КСм
Қышқылдың дисоциациясы мен байланысыт есептеулерде көбінесе К константасынын емес константасының диссоциациялану көрсеткішін қолданған қолайлы, олл мына қатынаспен анықталады:
рК = lgК
1-мысал. 0,1 М ертіндідегі сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,32 · 10-2 тең. Қышқылдың диссоциациялану константасы мен рК мәнін анықта.
Шешуі. Берілген есепті, сұйылту заңының теңдеуіне қойып:
К = α2См / (1 – α) = (1,32 · 10-2)2 · 0,1 / (1 – 0,0132) = 1,77 · 10-5
Бұдан рК =lg(1,77 · 10-5) = 5 lg1,77 = 5 – 0,25 = 4,75
К = α2См теңдеуіне жақын есептеу К мәніне әкеледі:
К = (1,32 · 10-2)2 · 0,1 = 1,74 · 10-5
Достарыңызбен бөлісу: |