Заттың мөлшері деп берілген денедегі N молекулалар санының 12г көміртектегі NA атомдар санына қатынасын айтады:
=
NA – Авагадро тұрақтысы. Оны 1811 жылы итальян физигі әрі химигі А. Авагадро анықтаған соның құрметіне осылай аталған.
NA = 6,02*1023 моль -1
Зат мөлшерінің бірлігіне 1 моль алынған.
Моль - 12г көміртекте қанша атом болса, сонша бөлшектері бар заттың мөлшері.
Салыстырмалы молекулалық массамен қатар физика мен химияда М молярлық масса ұғымы кеңінен пайдаданылады.
Молярлық масса деп 1 моль мөлшерінде алынған заттардың массасын айтады. Өлшем бірлігі 1 кг/моль.
M=m0 NA
Заттардың молярлық массасы мен оның салыстырмалы молекулалық массасы өзара байланысты. Заттардың молярлық массасының граммен өрнектелген сандық мәні осы заттардың салыстырмалы молекулалық массасына тең.
Молекуланың массасын табу үшін m0 =
Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасында мынадай байланыс бар:
m=m0 N= m0 NA =M
денедегі молекула санын зат массасы мен молярлық масса арқылы табуға болады:
N=NA
Жаңа сабақты бекіту
Химиялық диктант
____________________________________ деп берілген заттың молекуласының m0 массасының көміртек атомының m0 C массасының 1/12 бөлігіне қатынасын айтады.
Берілген денедегі N молекулалар санының 12г көміртектегі NA атомдар санына қатынасын__________________________________ айтады.
_____________________________деп 1 моль мөлшерінде алынған заттардың массасын айтады.
Авагадро тұрақтысы мынаған тең: ______________________________________________
Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасындағы байланыс_______________________________________________________________________
1 моль _______________________________________________ өлшем бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |