Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет6/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
есеп және шығару жолдары

Қалыпты жағдайда (қ.ж.),яғни 00С температурада, 1 атмосфералық қысымда (101,325 кПа) кез келген газдың бір молі 22,4л көлем алады.Оны молярлық көлем деп атайды.



л/моль
Осы есептеулерден көрініп тұрғандай 1 моль газдың көлемі шамамен бірдей екен, оның сандық мәні 22,4 л. Мольдік көлем (Vm) t0С = 00С, р = 1 атм = 101,3 кПа жағдайында анықталған, бұл қалыпты жағдай (қ.ж.) деп аталады.

Бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула сандары бірдей болады. Бұл - Авогадро заңы. Ол 1811 жылы ашылған.
Химияда тығыздықтан басқа салыстырмалы тығыздық деген түсінік те пайдаланылады.
Бірдей жағдайда тең көлемде алынған ғаздардың массаларының қатынасын салыстырмалы тығыздық деп атайды.

Бір газдың екінші газбен салыстырғандағы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынасындай болады. Салыстырмалы тығыздық сутегі мен ауа бойынша беріледі.
Сонда


М(Н2) = 2 г/моль;
М(ауа) = 29 г/моль
М{х) = 2D(H2); М(х) = 29D(aya), мұндағы х - белгісіз газдың мольдік массасы.
Қалыпты жағдайдағы газдың тығыздығы мына формуламен анықталады:

Есеп: Сутегі,оттек,ауаның қ.ж-да тығыздығын есептеңдер
IV.Сабақты бекіту
Химиялық есептеулерде масса, көлеммен қатар зат мөлшері қолданылады. Заттар молекулалардан, атомдардан немесе иондардан тұрады. Заттағы құрылымдық бөлшектердің мөлшерін моль арқылы анықтайды. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль болып табылады. Моль дегеніміз массасы 12-ге тең көміртегі атомының 0,012 кг қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылымдық бөлшектер – молекулалар, атомдар немесе иондар болатын зат мөлшері.
Моль дегеніміз құрамындағы құрылымдық бірліктердің саны үлкен нақтылықпен анықталған: Практикалық есептеулерде оны 6,02 ∙ 1023 Авагадро саны деп атайды.
Зат мөлшерінің 1 молінің массасы граммен өрнектеледі. Зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шаманы молярлық масса деп аталады. Бос күйіндегі хлордың СІ2 салыстырмалы молекулалық масса 70,90 тең. Демек, молекулалы хлордың мольдік массасы 70,90 г/моль құрайды. Бірақ, хлор атомының мольдік массасы 2 есе кіші (34,45 г/моль), себебі хлор СІ2 молекуласының 1 молі хлор атомының 2 молін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет