3-мысал. Құрамында 8г NaOH бар ертіндімен күкірт қышқылын бейтараптағанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықта.
Шешуі. Натрий гидроксидінің эквиваленттік массасын табамыз:
ЭNaOH = MNaOH/1 = 40 г/моль. Демек, 8г NaOH 8/40 = 0,2 г/моль NaOH эквиваленттік массасын құрайды. Эквиваленттер заңына сәйкес, түзілген тұз массасы да 0,2 тең. Кейін тұздың эквиваленттік массасын анықтаймыз:
ЭNаНSО4 = MNаНSО4 / 1 = 120 г/моль. Натрий гидросульфатын түзген масса 120 ∙ 0,2 = 24 г тең.
Кейбір есептерді шығарғанда, мысалы, газ күйіндегі заттардың реакцияға түсуі, көлемді анықтау және оған есептерде міндетті түрде “эквиваленттік көлемді„ қолданған жөн.
Эквиваленттік көлем деп осы жағдайда заттың 1 эквивалентіне сәйкес келетін көлемді айтады. Мысалы, қалыпты жағдайда сутегінің 1 эквиваленті 22,4/2 = 11,2 л тең, оттегінің 1 эквиваленті 5,6 л көлем алады.
4-мысал. Эквиваленттік массасы 28 г/мольге тең, металдың біршама мөлшері қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7 л сутегіні ығыстырып шығарады. Металдың массасын анықта.
Шешуі. Сутектің эквиваленттік көлемі 11,2 г/мольге тең екенін біле тұра, пропорция құраймыз:
28 г металл эквиваленті —11,2 л сутегі
хг — 0,7 л
х = 0,7 ∙ 28/11,2 = 1,75 г.
5 – сабақ
Тақырыбы: Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер әдістемесі
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Сабақ барысы: Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуғатүрлі тәсілдерді ұсыну:
Достарыңызбен бөлісу: |