Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері



бет19/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Лекция ОХББ1

Флотация әдісі
Флотация әдісі «бөлшек – ауа көбікшелері» комплексінің түзіліп,қалқып шыққан көбік қабаттарын сұйқ бетінен бөліп алуға негізделген әдіс. Негізінен бұл әдіс ағынды суларды С – Қ және С1 – С2 жүйелеріндегі ерімейтін қоспалардан тазартуға негізделген. Ауа көбікшелері жүйеге вакуум немесе қысым арқылы әсер еткенде түзіледі. Түзілген «бөлшек – ауа көбікшелері» комплексінің тығыздығы флотацияланатын бөлшектердің тығыздығынан аз болғандықтан олар сұйықтың бетіне қалқып шығып, жинақталып қалады. Оларды арнаулы қондырғылар арқылы бөліп әкетіп отырады. Жүйедегі ауаны механикалық ұсақтау флотациясы ағынды суларды мұнайлардан, майлардан, мұнай өнімдерінен, алғашқы концентрациялары 200-1900-ден 10-94 мг/л дейін болған жағдайда тазарту үшін қолданады.
Напорлы флотация арқылы коагулянттарды және флокулянттарды қолдана отырып, тазаланған ағынды суларда мұнай өнімдері 10-20мг/л болған жағдайда 80-95% дейін қамтамасыз етуге болады.
Вакуумды флотация – вакуум арқылы флотациялық камерада 30 – 40 кПа қысым жасау - ағынды сулардағы қоспалардың концентрациясы 300мг/л көп болмаған жағдайларда қолданады.
Электрофлотация арқылы ағынды суларды тұнбалы бөлшектерден 1000мг/л-ден 10мг/л-ге деиін тазалауға болады.
Бұл әдіс өз бетімен ағынды суларды нормаға дейін тазарта алмайды. Бұдан басқа тазалау барысында ауада концентрациялары санитарлық нормадан артық болатын химиялық қосылыстар түзіледі.

С1 – (∆С1-1 + ∆С1-2) = С1n ; С2 – (∆С2-1 + ∆С2 -2) = С2 n
мұндағы С1, С1n – С1 сұйқтығының С2 сұйықтығындағы алғашқы және соңғы мөлшерлері ;
С 2 , С 2n – С2 сұйқтығының С1 сұйықтығындағы алғашқы және соңғы мөлшерлері ;
∆С1-1, ∆С2-1 – флотация кезінде газбен әкетілген С 1 және С 2 сұйықтықтардың мөлшерлері ;
∆С1-2, ∆С2-1 – сүзу немесе тұндару кезінде С 2n немесе С1n сұйықтарымен әкетілген сұйықтардың мөлшерлері.
3-Сурет. Флотореагеттерді қолдана отырып сұйықтарды бөлу сұлбасы.
Ағынды суларды тұнбалы бөлшектерден тазарту үшін химиялық, биологиялық, иондық флотациялардың қолданылуы мүмкін. Химиялық флотация суға қосылыстарды қосқанда сумен немесе бір-бірімен қосылып газ көбікшелерін – О2 , CI2 , CO2 түзуге негізделген. Биологиялық флотация судағы микроорганизмдердің іс-әрекетіне негізделген. Активті илдің немесе тұбаның бетінде газ көбікшелері түзіледі, олар бөлшектерді көбікті қабатқа әкетеді және көбікшелерді бөліп алып сусыздандырады. Иондық флотацияда суға ауамен бірге тазаланатын иондарға қарсы зарядты иондар жібереді. Бұл процесс иондардың концентрациясы (0,1-1)*10-2 моль/л болғанда тиімді. С1 – С2 жүйелерін флотореагеттер арқылы бөлу процесін сұлба түрінде көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет