Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері



бет20/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Лекция ОХББ1

Коагуляция әдісі
Коагуляция - С – Қ , С1 – С2 жүйелерінде бөлінген дисперсті бөлшектерді ірілендіріп және оларды механикалық әдістермен бөліп алу әдісі. Коагуляция әдісіне гетерокоагуляция және электролиттермен коагуляциялау әдістері жатады.
Гетерокоагуляция – диаметрі 0,0001 ден 10мкм дейін болатын бөлшектердің коагулянттарды (темір, магний және т.б. тұздары) қосқанда түзілетін агрегаттармен әрекеттесуі. Суға коагулянттарды қосқанда жүйенің агрегативті тұрақтылығы төмендейді, иондар бөлшектердің бетіне жұтылғанда химиялық реакцияның нәтижесінде судағы концентрациялары ерігіштігінен әлдеқайда жоғары болатын аз еритін қосылыстар түзіледі. Қоспалардың концентрациялары неғұрлым жоғарырақ болса , процестің температурасы жоғары болса, араластыру қарқынды болса, бөлшектер солғұрлым тезірек ірі агрегаттарға айналады. Процесті электр және магнит өрістері үдетеді.
Коллоидты бөлшектердің әлсіз теріс заряды мен коагулянттардың хлопьяларының әлсіз оң зарядты бөлшектері бір-біріне тартылып, ірі бөлшектердің түзілуіне көмектеседі. Ағынды суларды коагуляциялық тазарту кезінде тұнбаға тұсетін бөлшектердің бетіне жұтылған минералды қосылыстар да тұбаға түсетін бөлшектермен бірге тұнады. Судан темір (78-89%) ,фосфор (80-90%) ,мышьяк , цинк , мыс , фтор қосылыстары бөлінеді. Оттегінің химиялық тұтынылуы 90-93% , биологиялық тұтынылуы 80-85% ке төмендейді. Дисперсті жүйелердің коагуляциясына радиация, магнит және электр өрістері арқылы тазарту дәрежесін арттыруға болады. Сәулелер арқылы әсер еткенде беттік активті заттар ыдырауға ұшырайды. Бұл заттар ағынды судың құрамындағы қатты және сұйық бөлшектердің бөлінуін тежейді.Электр өрісі арқылы әсер еткенде С – Қ , С 1 – С 2 , және Г – Қ жүйелерінде мөлшерлері 500-1000мкм дейін болатын агрегаттар түзіледі.

Қб - ∆Қ1 = Қ с ; Сі – ∆Сі 1 = Сі п : Кі = Ki 1 + Ki 2 + ∆Ki 1 + ∆Ki 2
Мұндағы ∆Ki 1 , ∆Ki 2 – бөлінген өнімдерде қалған коагулянттардың мөлшері; Ki 1 + Ki 2 – коагулянттардан түзілген және бөлінетін өнімдерде қалған қосылыстардың мөлшері; ∆Қ1 – декантатпен немесе фильтратпен ∆Сі n әкетілген қатты бөлшектердің мөлшері; ∆Сі 1 – тұнбаның бетіне жұтылған сұйықтың мөлшері.
4-Сурет. Сұйықтарды қатты бөлшектерден коагулянттарды қолдану арқылы тазалау сұлбасы
С1 – ∆С1- 1 = С1n; С2 – ∆С2- 1 = С2 n ; Кі = Ki 1 + Ki 2 + ∆Ki 1 + ∆Ki 2
мұндағы ∆С1- 1 , ∆С2- 1 – тұндыру кезінде немесе сүзу кезінде ∆С2 n , ∆С1n сұйықтармен әкетілген С2 , С1 сұйықтарының мөлшерлері.
5-Сурет. Сұйықтарды коагулянттарды қолдану арқылы тазалау сұлбасы.
Ағынды суларды коллоиды және ұсақ дисперсті қоспалардан тазарту үшін , ағынды суларды анодтары алюминий немесе темірден жасалған электролизер арқылы өткізеді.Электр өрісі әсерінен анодтағы металдар суға өтіп, онда металл гидрооксидтерін түзеді. Түзілген металл гидрооксидтері дисперсті жүйелерді коагуляциялайды. С – Қ , және С1 – С2 жүйелерін коагулянттар арқылы бөлу процесін сұлба түрінде көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет