Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері



бет21/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Лекция ОХББ1

Флокуляция әдісі
Флокуляция дегеніміз – суға флокулянттар деп аталатын жоғары молекулалы заттарды қосу арқылы тұнбалы бөлшектерді ірілендіру процесін айтады. Флокулянттар негізгі үш топқа бөлінеді: бейорганикалық (кремний қышқылы), табиғи (крахмал, декстрин) және синтетикалық органикалық (полиакриламид, полиэтиленимин және т.б.). Суда еріген флокулянттар иондалмаған күйде болады немесе иондарға диссоциияланады және ионегенді емес полимерлер (крахмал, оксиэтилцеллюлоза, полиакрилонитрол, полифинилді спирт және т.б.), анионды полимерлер (лигносульфонаты, полиакрилат натрий, активті кремний қышқылы және т.б.), катионды полимерлер (полиэтиленимин және т.б.), аморфты полимерлер (белоктар, полиакриламид және т.б.) болып бөлінеді.

С1 + ∆C1-1 = Ci n ; С2 + ∆C2-1 = С2 n ; Флі = Флі 1+ Флі 2+∆Фл1 +Фл2
мұндағы ∆C1-1 , ∆C2-1 – С1 және С2 сұйықтарының тұндыру кезінде C2-1 немесе Ci n сұйықтарымен әкетілген мөлшерлері.
6-Сурет. Сұйықтарды флокулянттарды қолдана отырып бөлу сұлбасы.

Әдетте флокулянттарды минералды коагулянттарға қосымша ретінде қолданады.Флокулянттың түрі және шығыны бөлшектердің дисперсті фазаларының меншікті бетіне, суда еріген қоспаларға, араластыру жағдайына, температураға, ортаның РН байланысты болады. Әдіс С – Қ және С1 – С2 жүйелерін бөлу үшін қолданады. Нәтижесінде тұнбалы бөлшектерден 85-95% дейін тазарған, флокулянттармен ластанған, бетіне органикалық және бейорганикалық қосылыстар жұтылған тұнбалары бар су түзіледі. Бұл әдіс өз бетімен суды санитарлық тұрғыдан тазалығын қамтамасыз ете алмайды.


Дәріс 7 ХИМИЯ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ


Химия өндірісі өте көп мөлшерде әртүлі қалдықтар түзеді, оларды агрегаттық күйлері бойыша жіктеуге болады.


Қатты қалдықтар – бұл қалдықтар ұнтақ, шаң, силикат, немесе қатқан массалар түрінде болады. Бұл топқа жататындар күл, шаң бөлшектері, күйе, резеңке және пластмасса қалдықтары, процестен кейінгі катализатор, руданы байытқаннан кейінгі қалдықтар, адсорбенттер, каучук, талшықтар және т.б.
Қатты қалдықтарды өңдеу әдістерін таңдауда олардың құрамы және мөлшері ерекше роль атқарады. Қазіргі кезде көп мөлшердегі қалдықтарды комплексті түрде қуатты қондырғыларда өңдеу тенденциялары басымырақ.
Сұйық қалдықтар негізінен суда немесе басқа да еріткіштерде еріген тұздары, сілтілері, қышқылдары, сонымен қатар тұнбалы бөлшектердің қоспалары бар сұйық фазадан тұрады. Сұйық қалдықтардың қозғалғыштығы жақсы болғандықтан оларды химия өндірісінде қолданылатын сорғыштармен тасымалдауға болады.
Бұл топқа жататындар ең алдымен құрамында улы және зиянды заттары қышқылдары, сілтілері, хлоридтері, фторидтері, бромидтері, еріген металдары, улы органикалық заттары бар өндірістік ағынды сулар; жұмыс істегеннен кейінгі органикалық еріткіштер мен сұйықтықтар; құрамында тотығу, полимеризация өнімдері, механикалық қоспалары бар пайдаланылғаннан кейінгі майлар жатады.
Сұйық қалдықтарды өңдеу химиялық технологияның типтік процестері арқылы жүзеге асырылады: адсорбция, тұнбаға түсіру, сүзу, дистиляция және ректификация, экстракция, буландыру, кристалдандыру, жылумен өңдеу. Кейде сұйық қалдықтар көп компонентті қоспалар болып келеді, оларды бөліп алу қиын және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып келеді. Ондай жағдайда қалдықтарды жағады немесе жердің терең қабатына ағызып тастайды.
Жағу қондырғыларын жасағанда ең басты инженерлік тапсырма қалдықтардың толық жағылуын және жағу кезінде бөлінетін жылудың максималды утилизациясын қамтамасыз ету болып табылады. Жылумен өңдеу әдісінің ең басты ерекшелігі – қарапайым технологиясы, жетімсіздігі – қалдықтың құрамындағы пайдалы заттардың жойылуы. Сондықтан жылумен өңдеуде тек қана жылуды утилизация жасау мүмкін.
Құрамында галогенді қосылыстары, фосфор, күкірт, азоты бар органикалық қалдықтарды жылумен өңдеу күделірек, өйткені оларды жаққан кезде хлорлы сутегі, күкірт және азот тотықтары пайда болады. Сондықтан оларды атмосфераға тастамас бұрын тазалау қажет.
Газтәрізді қалдықтарға өндіріс пештерінен, желдеткіш қондырғылардын, технологиялық қондырғылардан шығарылатын газдар жатады. Бұл топқа жататындар пештердегі жану өнімдері, құрамында қатты дисперсті бөлшектері бар (шаң)немесе тұман түріндегі сұйық бөлшектері бар күшті иісі бар газдар, сонымен қатар құрамында NOx , SO2 , HCI , HF , органикалық заттардың булары бар газдар және т.б.
Газдардан пайдалы компоненттерді бөліп алу үшін немесе эалалсыздандыру үшін абсорбция, адсорбция, тұнбаға түсіру, сүзу, термиялық өңдеу, хемосорбция процестерін пайдаланады.
Кейбір өнімдерді өндіргенде шығатын газдар көмірсутектер қоспасы болып келеді. Мұндай қоспаларды экономикалық жағынан бөлу тиімсіз болғанда, оларды отын ретінде пайдаланады. Жанатын компоненттер аз болғанда катализді жану процесін қолданады. Катализді жану катализатор қатысында 2000 – 6000 температурада жүреді. (9500-11000 катализаторсыз тура жаққандағы температура)
Шламдар – құрамында 20-80% суы бар және кептіру, сүзу, қатыру әдістерімен алдын-ала өңдемесе нашар тасымалданатын аморфты немесе ұсақкристалды массалар. Бұл топтағы қалдықтарға жататындар сүзу және седиментация процесінің қалдықтары, сұйық қалдықтарды бейтараптандыру немесе арнаулы өңдегенде алынатын шламдар, ағынды суларды биохимиялық жолмен тазалағанда алынатын шламдар, мұнай шламдары. Шламды қалдықтарды өңдегенде қолданылатын процестер: сүзу, центрифугирования, кептіру, сусыздандыру, жағу.

Фосфогипс қалдықтарын пайдалану


Фосфогипсті пайдалану бағыттары және 1 тонна қалдыққа шаққандағы экономикалық тиімділіктері
Пайдалану бағыттары Экономикалық тиімділік
Гипс байланыстырғыштарын алу------------------------------+3,5
Цемент өндірісінде ----------------------------------------------+2,5
Күкірт қышқылы және цемент өндірісінде ----------------- - 8,6
Күкірт қышқылы және известь өндірісінде -------------- - 6,6
Ауыл шаруашылығында -------------------------------------- +6,4
Аммоний сульфаты өндірісінде------------------------------ - 22,2

Фосфогипсті утилизациялау


Гипс байланыстырғыштарын алу екі стадиядан тұрады: фосфогипсті фтор және фосфор қосылыстарынан тазалайды , ары қарай CaSO4 . 2H2O CaSo4 .0,5H2O дейін дегидратациялайды.
Цемент өндірісінде фосфогипсті гранулдап және барабанды кептіргіштерде гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 5процентке дейін болғанша кептіреді. Цемент өндірісінде фосфогипсті пайдаланғанда отынның жұмсалуы азаяды, пештердің өнімділігі артады, цемент клинкерінің сапасы артады
Күкірт қышқылы және цемент өндірісінде фосфогипсті кептіріп батпақпен, құммен және кокспен араластырып 1200-1400С күйдіреді.
Күкірт қышқылы және известь өндірісінде фосфогипсті кокспен немесе табиғи газдарды конверсиялау өнімдерімен тотықсыздандырады
Ауыл шаруашылығында фосфогипсті солонцовых топырақты гипстеу үшін қолданады

Кез келген өндіріс соның ішіінді химия өндірісінде де қалдықтар түзіледі.


Өндіріс қалдықтары - өнімді алу кезіндегі өндірістегі түзілген қажетсіз компоненттер.
Қалдықтар түрі бойынша материалдық және жылу қалдықтары болып бөлінеді.
Түзілу көздері бойынша қалдықтардың жіктелуі:
технологиялық, негізгі технологиялық процестер кезінде түзіледі;
көмекші материалдардың қалдықтары;
жылу қалдықтары, жылу және энергия ресурстарының толық пайдаланбауынан түзіледі;
шығындар, құралдардың жетілдірілмеуінен және режимнің бұзылуынан ( оптимальды емес режиммен жұмыс жасаған кездегі, агрегаттарды іске қосқанда және тоқтатқанда, аппаттық жағдайлардағы қосымша шығындар)
Қалдықтардың пайда болу мерзімі бойынша :
Тұрақты, уақытқа байланысты бір қалыпы түзілуі
«залповые» , аварийялық жағдайларда болатын қысқа мерзімді шығарылымдар, режимдерді ауыстырған кезде, агрегаттарды іске қосқанда және тоқтатқанда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет