Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі44.35 Kb.
#16684
Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2009 жылғы 5 мамырдағы N 171, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы N 144, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 474, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2009 жылғы 27 наурыздағы N 38-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2009 жылғы 2 наурыздағы N 121, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2009 жылғы 18 наурыздағы N 132, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 19 наурыздағы N 93-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 3 наурыздағы N 42, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 21 сәуiрдегi N 108 Бiрлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 9 маусымда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5697 болып енгiзiлдi


"Заң газетi" 2009 жылғы 3 шiлде № 100 (1523); "Юридическая газета" газетi 2009 жылғы 3 шiлде № 100 (1697); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2009 жыл, N 7

       РҚАО-ның ескертпесi!


      Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз.

      "Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:


      1. Қоса берiлiп отырған Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн және мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы


      Iшкi iстер министрi                           С . Баймағанбетов

      Қазақстан Республикасы


      Денсаулық сақтау министрi                         Ж. Досқалиев

      Қазақстан Республикасы


      Индустрия және сауда министрi                      В. Школьник

      Қазақстан Республикасы


      Қоршаған ортаны қорғау министрi                     Н. Әшiмов

      Қазақстан Республикасы


      Ауыл шаруашылығы министрi                        А. Күрiшбаев

      Қазақстан Республикасы


      Көлiк және коммуникация министрi                 Ә. Құсайынов

      Қазақстан Республикасы


      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрi                               Г . Әбдiқалықова

      Қазақстан Республикасы


      Төтенше жағдайлар министрi                           В. Божко

      Қазақстан Республикасы


      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрi                                 С. Мыңбаев

Қазақстан Республикасы     


Iшкi iстер министрiнiң     
2009 жылғы 5 мамырдағы N 171, 
Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрiнiң  
2009 жылғы 20 наурыздағы N 144,
Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда министрiнiң
2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 474,
Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң
2009 жылғы 27 наурыздағы N 38-ө,
Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрiнiң  
2009 жылғы 2 наурыздағы N 121,
Қазақстан Республикасы    
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 18 наурыз N 132,   
Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтiк 
қорғау министрiнiң       
2009 жылғы 19 наурыздағы N 93-ө,
Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрiнiң 
2009 жылғы 3 наурыздағы N 42,
Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрi нiң     
2009 жылғы 21 сәуiрдегi N 108 
бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген

Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптар

      1. Осы Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк құралдарында тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптар "Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрлендi.


      2. Химиялық өнiм, тасымалдау кезiнде пайда болатын дiрiл, соққылар және жүктемелерге төзiмдi, оның iшiнде көлiк бiрлiктерi және/немесе қоймалар арасына жылжыту кезiнде, сондай-ақ түбiнен жылжыту немесе қаптамадан алу кезiнде тасымалдауға арналған орамаларға салынады.
      Орау (ыдыс) дiрiл, температураның, ылғалдың немесе қысымның өзгеруi кезiнде зат төгiлмейтiндей етiп құрастырылып жабылуға тиiс.
      Орауды (ыдысты) осы өнiмге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтiк құжаттар жөнiндегi нормативтiк құжаттаманың белгiленген нормаларына сәйкес толтыруға тиiс.
      3. Орауды (ыдысты) жасаған материалдар және жабушы құрылғы ораудағы (ыдыстағы) өнiмнiң құрамына әсер етпеуге, сондай-ақ сыртқы факторлар әсерiнен өзгермеуге немесе жаңа қауiптi қасиеттер пайда болуынан өздiгiнен өзгермеуге тиiс.
      4. Қасиетi мен құрамына қарай химиялық өнiм iшкi және сыртқы орау жинақтарына оралады.
      Iшкi орау жинақтары сыртқы орау жинағына оралуы, салынуы немесе онда тасымалдау кезiнде ораудың жыртылуы, тесiлуi немесе оның iшiндегiсiнiң сыртқы орау жинағына ағуын болдырмайтын үлгiде төсемдермен жабдықталуы керек.
      5. Химиялық өнiмдер бiр-бiрiмен қауiптi реакция туғызу және жануды туғызу және/немесе жылудың болымсыз мөлшерiн бөлуi, жеңiл тұтанатын, уытты немесе тұншықтыру газдарын бөлуi, басқа да химиялық белсендi және қауiптi, оның iшiнде жемiрiлу заттарының пайда болуы мүмкiн жағдайда, олардың екi және одан көп түрлерiн бiр және сол сыртқы орауға (ыдысқа) салуға рұқсат етiлмейдi.
      6. Химиялық өнiмдi орау (ыдыс) химиялық өнiмнiң тұтыну қасиеттерiн сақтауды және оның адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке қауiптi қасиеттерi әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету қажет.
      7. Сұйық химиялық өнiмдердi тасымалдау кезiнде пайда болатын iшкi қысымға төзiмдi iшкi орауда (ыдыста) құйылады.
      Химиялық өнiмдердi орау (ыдыс) орау iшiнде қысымды көтеруге қабiлеттi оның құрамындағы газдар мен булардың (температураның артуы, заттардың бөлiнуi нәтижесiнде немесе басқа себептер бойынша) бөлiнуi есебiнен қысымын арттыруға қабiлеттi химиялық өнiмнiң орауы (ыдысы) желдету осы өнiмге арналған стандарттау және (немесе) басқа да нормативтiк құжаттар жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген нормаларға сәйке с саңылауымен жабдықталуға тиiс.
      8. Химиялық өнiмдердi әуеде тасымалдау жағдайында орау (ыдыс) Қауiптi жүктердi ауада тасымалдау қауiпсiздiгi жөнiндегi техникалық нұсқаулықта көрсетiлген талаптарға сәйкес болуға тиiс (құжат DOC 9284 AN/905, Халықаралық Азаматтық әуе қатынасы ұйымы (ИКАО).
      9. Нақты химиялық өнiмдерге арналған ораудың (ыдыстың) техникалық сипаттамасы және оның пайдаланылуы стандарттау және (немесе) басқа да нормативтiк құжаттар жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет