Улану – бұл контактты улар деп аталатын заттардың әсерінен
катализатордың белсенділігінің толық жойылуы. Улану кезінде улайтын
заттың катализаторға қатынасты және реакцияның
өзіне қатынасты ерекше
әсері бақыланады.
Металдық катализаторлардың контактты улармен улану механизмі
байланысты болуы мүмкін:
- құрамында металл еместер N, P, As, O, S, Se бар молекулалардың
әсеріне байланысты. Бұл осы топтың азоттан басқа еркін элементтері де болуы
мүмкін. Олар катализатор металын жұптасқан
электрондар арқылы
байланыстыруы мүмкін
(күкіртсутек, тиофен, арсин, фосфин және т.б.);
-
d-электрондардың қатысуымен интерметалды қосылыстарды түзіп,
металдардың бөлінуі (иондар Hg, Pb, Bi, Sn, Cd, Fe және т.б.)
- қос байланыстары бар (СО, НСN және т.б.), реакциондық қоспаның
басқа заттарына қарағанда неғұрлым жоғары адсорбциялық қасиеттерге ие
молекулалардың болуы.
Катлизатордың белсенділігінің төмендеуінің тағы да бір себебі, оның
бетінде шикізаттың құрамындағы минералды қоспалардың тұнуы. Бұл
қоспалар
катализатордың
бетінің
химиялық
құрамын
өзгертіп
хемосорбцияланады.
2) Катализаторды
жандыру температурасы процестің өндіріске
жеткілікті
жылдамдықпен
басталудың
минималды
температурасы.
Катализатордың белсенділігі жоғары болған сайын, оның жану температурасы
төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: