Химиялық технологияның теориялық негіздері Негізгі технологиялық түсініктер және анықтамалар



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата25.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#499801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Бақылау сұрақтары 
 
1. Негізгі химиялық өндіріс деген не екенін анықтаңыздар және оның 
анықтамасын түсіндіріңіздер. 
2. Химиялық өндірістің негізгі сатыларын атаңыздар. 
3. «Химия-технологиялық процесс» түсінігінің анықтамасын беріңіздер.
4. Химия-технологиялық процесс қандай негізгі сатылардан тұрады? 
5. Технологиялық процестің жалпы жылдамдығы қалай анықталады? 
6. Химия-технологиялық процесті құрастыру үшін химиялық 
реакцияларды жіктеудің қандай түрлері небары маңызды болады? 
7. Технологиялық тәртіп дегеніміз не екенін анықтаңыздар және 
анықтаманы түсіндіріңіздер. 
8. Технологиялық тәртіптің негізгі параметрлерін атаңыздар. 
9. Химиялық реакторлардың конструкциясын негізінде не анықтайды? 
10. Химиялық технологияның негізгі объектілерін атаңыздар.  
 
1.3 Химиялық өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштері  
Химиялық өнеркәсіп үшін техникалық аспектімен қатар экономикалық 
аспекті де, немесе өндіріс экономикасы да маңызды болады. Ол химиялық 
өндірістің барлық ресурстар түрлерін қолдану деңгейін зерттейді және оны 
ұйымдастыру мен дамытудың тиімді әдістері мен жолдарын құрастырады. 


Экономикалық тиімділік ең маңызды критерий болып табылады. Ол 
технологиялық процесс жүргізілетін технологиялық қондырғылардың 
қуаттылығына, олардың ғылыми және техникалық деңгейіне тәуелді болады. 
Өндірістің 
деңгейі 
техника-экономикалық 
көрсеткіштердің 
(ТЭК) 
жиынтығымен анықталады. Оларға шикізаттың шығын коэффициенті, дайын 
өнімнің шығымы және шикізаттың айналу дәрежесі, процестің селективтілігі, 
өнімділік, аппараттардың жұмысының интенсивтілігі, өнімнің сапасы, 
еңбектің өнімділігі, өнімнің өзіндік құны жатады. Бұл көрсеткіштер 
жабдықтаудың техникалық күйіне, өндірістің автоматтандырылу дәрежесіне, 
кадрлардың біліктілігіне, еңбекті ұйымдастыру деңгейіне, қолданылатын 
технологиялардың преспективалылығына тәуелді болады. 
ТЭК кәсіпорынның берілген номенклатуралы және тиісті сапалы өнімді 
өндіру мүмкіншілігін көрсетеді. Олар осы өндірісті ұйымдастыруды және 
оның рентабельділігін анықтайтын критерий болып табылады. 
Химиялық өндірістің негізгі көрсеткіштері: 
Шығын коэффициенті – дайын өнімнің массасының немесе көлемінің 
бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат немесе энергия мөлшері, т/т; м
3
/т; м
3
/ м
3
беріледі. 
Дайын өнімнің шығымы – алынатын өнім массасың оны өндіруге 
жұмсалатын шикізат массасына қатынасы. Бір сатылы процесс үшін келесі 
формула бойынша анықталады, бірдің үлестерімен немесе %-бен өлшенеді 
сырья
пр
В
m
m
=

(1.1) 
Көп сатылы процесс үшін әрбір сатыда алынатын өнімнің 
шығымдарының қосындысы болады. 
Егер реакция қайтымсыз болса, онда шығым тәжірибе жүзінде алынған 
массаның теориялық массаға қатынасы ретінде анықталады 
теор
практ
m
m
=

(1.2) 
Қайтымды реакцияның шығымы тәжірибе жүзінде алынған массаның 
өндірістің осы жағдайларында максималды алынуы мүмкін болатын массаға 
қатынасы ретінде анықталады. 
Шикізаттың өзгеру дәрежесі (конверсия) – уақытта τ химиялық өзгеруге 
енген шикізаттың массасының бастапқы массасына қатынасы 


0
0
а
a
а
а
m
m
m
Х


=
(1.3) 
мұндағы m
аτ
– реакцияға түскен шикізаттың мөлшері. 
Селективтілік – мақсатты өнімнің массасының осы процесте уақытта τ 
алынған өнімдердің жалпы массасына қатынасы. Егер бір шикізаттан екі өнім 
алынатын болса, онда селективтілік анықталады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет