Химиялық технологияның теориялық негіздері Негізгі технологиялық түсініктер және анықтамалар



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата25.04.2024
өлшемі0.8 Mb.
#499801
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Бақылау сұрақтары 
 
1. Өндіріс экономикасының небары маңызды критерийлерін атаңыздар. 
2. Өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштері нені көрсетеді? 
3. Химиялық өндірістің негізгі көрсеткіштерін атаңыздар. 
4. 
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау үшін қандай 
көрсеткіштер небары маңызды болады? 
5. Химиялық өндірістің шығын коэффициенттері нені анықтайды? 


6. Бір сатылы және көп сатылы процестер үшін өнімнің шығымы қалай 
анықталады? 
7. Шикізаттың өзгеру дәрежесі қалай анықталады? 
8. Қандай көрсеткіштер химия-технологиялық процестің жүруінің 
тереңдігін сипаттайды? 
9. Өнімнің сапасы дегеніміз не екенін анықтаңыздар және осы 
анықтаманы түсіндіріңіздер. 
10. Технологиялық процестегі материалдық балансты есептеу неге 
негізделген? 
11. Технологиялық процестегі энергетикалық баланс нені көрсетеді? 
12. Материалдық және жылу баланстарын құрастыру принциптері. 
13. Аппараттың (процестің) «интенсивтілігі» түсінігінің анықтамасын 
беріңіздер. 
Химиялық 
өндірістің 
негізгі 
техника-экономикалық 
көрсеткіштеріне: өнімнің шығуына және аппараттың өнімділігіне қандай 
факторлар әсер ететінін көрсетіңіздер:
14. Қандай шама аппараттың «өнімділігі» деп аталады? Ол қандай 
факторларға тәуелді? 
15. Химия-технологиялық процестің тиімділігінің қандай технолгиялық 
критерийлерін білесіздер? Олардың анықтамаларын беріңіздер. 
16. Өзгеру дәрежесінің, өнімнің шығуының, селективтіліктің өзгеру 
шекаралары қандай? 
17. «Реагенттер стехиометриялық арақатынаста алынды» деген түсінік 
нені білдіреді? 
1.4 Химиялық технологиядағы физика-химиялық заңдылықтар 
Химия-технологиялық процестің екінші сатысы – химиялық процесс 
масса- және жылуалмасу құбылыстарымен бірге жүретін бір немесе бірнеше 
химиялық реакциялар болып табылады. Оларды жіктеуде әртүрлі принциптер 
қолданылады және келесідей болады:
- реакциондық жүйенің фазалық құрамы бойынша – гомогенді және 
гетерогенді; 
- реагенттердің әрекеттесу механизмі бойынша – гомолитикалық және 
гетеролитикалық; 
- реакциялардың уақыт бойынша жүруіне байланысты – қайтымды және 
қайтымсыз; 
- жылу эффектісінің белгісі бойынша – экзотермиялық (-∆Н) және 
эндотермиялық (+∆Н); 
- катализаторды 
қолдануға 
байланысты 
каталитикалық 
және 
каталитикалық емес; 

температураның 
мәні 
бойынша 
төментемпературалы 
және 
жоғарытемпературалы; 
- гетерогенді жүйеде реагенттердің жанасу типі бойынша; 


- реакциялардың түрлері бойынша қарапайым (бірсатылы) және күрделі 
(көпсатылы).
Қарапайым реакцияларды орындау үшін тек қана бір энергетикалық 
барьерді жою (бір саты) қажет болады. Күрделі реакциялар бірнеше бірізді 
немесе параллельді (тармақталған) реакциялардан тұрады:
- кинетика тұғысынан алғанда реакциялардың молекулярлығы бойынша 
немесе реакциялардың реті бойынша жіктейді (1.6-сурет); 
- реакциялардың уақыт бойынша жүру сипаты бойынша мерзімді және 
үздіксіз (ағынды); 
- толық араласудың (көлемдегі концентрация кіруден шығуға дейін 
өзгеріссіз) және идеалды ығыстырудың (қоспа реакция өнімдерімен 
араласпайды) гидродинамикалық тәртібі бойынша. 
Тәжіирбеде небары жиі химиялық реакцияларды жіктеуді фазалық белгісі 
бойынша орындайды, сондықтар процестер гомогенді және гетерогенді болып 
бөлінеді. Әдетте жеке фазалар ретінде тек қана негізгі компоненттер алынады 
және қоспалардың аз мөлшері есепке алынбайды. 
1.6-сурет – Реакциялардың молекулярлық бойынша жіктелуі 
Кейбір процестер гомогенді ортада басталады, ал сонан соң жаңа фазаның 
пайда болуы салдарынан жүйе гетерогенді ортаға ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет