Химиялық зертханалардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары 1 тарау. Жалпы ережелер



Дата29.06.2016
өлшемі357.08 Kb.
#166677




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «26» қараша

№ 412 бұйрығымен

бекітілген

Химиялық зертханалардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Бұл Талаптар химиялық зертханаларды жобалау, оларды құрылысын салу және оларды пайдалану кезінде қолданылады.

2. Зертхана мен оның қызметкерлері өрт сөндіру құралдарымен, өзін-өзі қорғау құралдарымен, тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарымен, алғашқы медициналық көмекті көрсетуге арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.

Зертханадағы әрбір жұмыс орындары мен құрал-жабдықтардың тиісінше таңбалары, жазбалары және қауіпсіздік белгілері болады.

3. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету бақылаушы тұлғаға жүктеледі.

Зертхана бөлмелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыскердің аты-жөні көрсетілген тақтайша мен өрт болған жағдайдағы сыртқа шығу сызбасы ілінеді.

4. Зертханалық бөлмелерде өрт сөндіргіштер асбест жабыны немесе шұға жамылғы және құрғақ құмы мен күрекшесі бар жәшік орнатылады. Зертхана қызметкерлері өрт сөндіру құралдарын пайдалануды және олардың қай жерде тұратындығын білуі тиіс.

5. Зертханада жүргізілетін жұмыстың барлық түрлері бойынша зертханалық орындардан табылатын технологиялық регламенттер жасалады.

6. Зертхана бөлмелеріндегі желдеткіш жұмыстың басталар алдында іске қосылады және жұмыс аяқталғаннан кейін істен ажыратылады. Сынақ жұмыстарын тәулік бойына жүргізу кезінде желдеткіш тұрақты жұмыс істеп тұрады. Бұзылған желдеткіш кезінде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

7. Аса қауіпті және жоғары қауіпті заттармен жүргізілетін жұмыстарды ауа соратыны бар шкафтарда жүргізу қажет, оның тесіктегі ауа жылдамдығы секундына 1,5-2 м кем болмауы керек.

8. Зертхананың газ желісі, желдеткіштер мен зертханалық орындардағы крандардан басқа жерлерде бөлмеден тыс жерде орналасқан бекіткіш желдеткіш немесе жалпы крандар ие болады.

9. Зертханада қылмыс жасау кезінде екі адамнан кем емес адам саны болу керек:

1) қауіпті және улы заттарды пайдаланумен байланысты барлық жұмыстарды резеңке қолбақтармен, бас киімдегі химиялық төзімді арнайы киімдерде, арнайы аяқ киім киіп, бет пен тыныс алу мүшелерін қорғай отырып орындайды;

2) қатты және қауіпті заттарды ұсақтау желдеткіштің іске қосылуында жабық аспаптарда жүргізіледі. Бұл операцияны орындайтын жұмыскер қорғаныс көзілдірігін және резеңке қолбақ киіп алады. Қауіпті және улы заттың бөлігі немесе тамшысы киімге немесе тартпалы шкаф үстелінің беткейіне түспегендігін мұқият қадағалайды. Егер де осындай жағдай болса затты технологиялық регламентке сәйкестікте бейтараптандыру және алып тастау қажет.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты;

3) қауіпті және улы заттармен, оның ішінде қышқылдармен және сілтілермен жұмысты бастау алдында су құбырлары жұмысын тексеру немесе су қорын даярлау.

Зертханада химияық реагенттерді бейтараптандырғыштардың артық қоры бар.

10. Талдама жүргізу бойынша жұмысты бастау алдында жұмыс аумағы ауасындағы газдың жоқ болуы тексеріп, журналға жазба түсіру:

1) бұзылған қосылыстардан, крандардан және газ құбырлары желдеткіштерінен газ шығуы байқалған жағдайда газ желілерінің жалпы желдеткіші жабылады, бөлме желдетіледі және апатты жою жоспарын ескере отырып бұзылған жерді жою бойынша іс-шаралар қабылданады;

2) газ приборларының, крандар мен желдеткіштерінің бұзылмағандығын тексеруді, жұмысты бастар алдында орындаушы, кесте бойынша газ құрал-аспаптарына қызмет көрсетуші жұмыскер жүргізеді, бекітілген тұлға бақылауды айына 1 реттен кем емес жүргізіп оны журналға тіркеуі қажет.

11. Зертханада тәуліктік тұтынушылықтан аспайтын оңай жанғыш және жанғыш сұйықтықтар, газдар мен басқа да қауіпті және зиянды заттарды сақтауға рұқсат етіледі. Орнатылған қорды сақтауға бөлмеде немесе қауіпсіщздік және сақталушылық шарттарын қамтамасыз ететін және персоналдың шектелген қол жетімділігіндегі жеке бөлмелерде табылатын металды контейнерлерде сақтауға рұқсат етіледі.

Тартпалы шкафтарда тәуліктік тұтынушылықтан аз көлемдегі еріткіштер мен оңай буланатын реактивтердің қышқылдарын сақтауға бақылаушы тұлға рұқсатнамасымен және жабық герметикалы ыдыста ұстауда ғана жол беріледі. Жұмыс орнында көрсетілген қауіпті заттарды пайдалануға қатыссыз талдамалар мен басқа да жұмыстарға жүргізуге рұқсат етілмейді.

12. Қоймалар мен зертханаларда химиялық заттарды жазбасы жоқ ыдыстарда сақтауға жол берілмейді. Егер мұндай жағдай кездессе олар бұл зат құрамын анықтау үшін талдануы тиісті және оның жарамсыздығы жағдайы да жойылуы қажет.

13. Бір-біріне әсер ете алатын және химияық өзара әрекеттестік нәтижесінде өрт немесе жарылыс туындатуы мүмкін заттарды (мәселен азот қышқылы және қандай да бір органикалық зат) бір-біріне тікелей жақындықта бірлестіре сақтауға жол берілмейді.

14. Зиянды, улы және улы заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмелерде желдеткіш жүйе дербес болуы, басқа бөлмелердің желдеткіш жүйесімен байланыспауы тиіс.

15. Зиянды заттар, булар мен газдар бөлінуімен қатар жүретін жұмыстар канализациямен, су құбырларымен және қорғаныс құрылғыларымен қамсыздандырылған тартпалы шкафтарда жүргізіледі.

16. Тартпалы шкафтарда жұмысты жүргізу үшін талап етілмейтін ыдыстарды, заттарды, аспаптар мен зертханалық заттарды сақтауға жол берілмейді.

17. Қысым немесе вакуум түзілуі мүмкін қауіпті, токсикалы және улы заттарды сақтауға арналған шыны ыдыстар қауіпсіз пайдалану және тасымалдауға арналған қорғаныс қабықшасына ие болуы тиіс.

18. Жұмыс орындарында мұнай өнімдерін айдау немесе қыздыру, сақтау және құйыстыру кезінде приборлар мен аппаратураларға жанғыш заттарды тиеуге жол берілмейді.

19. Оңай жанатын сұйықтықтарды қыздыруды жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау кезіндегі технологиялық ұсыныстар қарастырылған қыздырушы аспаптарда жүргізу қажет.

20. Жанғыш заттарды жалынмен немесе электрлік қыздырумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қызметкер қауіпті жұмыстар аяқталғанға дейін үрдісті тұрақты қадағалаулы жүзеге асырады.

21. Сынақ жұмыстарынан кейінгі мұнай өнімдерінің қалдықтарын, пайдаланылған реактивтер мен улы заттарды жеке, жабық металл ыдысқа құйып алады және жұмысты немесе ауысымды аяқтағаннан кейін залалсыздандыру үшін зертханадан аулақтатады. Бұл сұйықтықтарды ортақ ыдысқа және канализацияға құюға жол берілмейді.

Зертхана бөлмесінде төмендегілерге жол берілмейді:

1) коридорлар мен өтетін жерлерді, өрт сөндіру құралдарына жақын маңайларды қоршап тастауға;

оңай жанатын және жанғыш сұйықтықтарды улы және зиянды заттарды бөлмеден жинау үшін қолдануға;

ыдысты, сүрткіш материалды, киімді құрғату үшін жылу жүйелері құрылғыларын және приборларды пайдалануға;

жойылуы тиісті құйылған мұнай өнімдерін, жанғыш және зиянды заттарды қалдыруға;

2) іске қосылған электрлі қыздырғыш аспаптарда және жандырылған тұтатқыштарға құйылған өрт қауіптілігіндегі сұйықтықтарды алып жүруге;

3) жұмыс орнында майланған шүберектер мен қағаздарды қалдыруға; оларды тығыз жабылатын қақпақшасы бар металл жәшіктерге жинап, жұмыс күні аяғына қарай жәшіктерді босатып отыру қажет;

4) жұмыс бөлмелерінде шығу тегі белгісіз қандай да бір затты сақтауға;

5) азық пен сүтті сақтауға және қабылдауға, жұмыс орнында темекі шегуге (аулақтатылған және осы мақсатта жабдықталған орында темекі шегуге рұқсат етіледі).

22. Киімді жанар маймен, жағар маймен, ацетонмен және басқа да жанғыш сұйықтықтармен жууға және тазалауға жол берілмейді.

23. Газ жайылуы және жұмыс жүргізу кезіндегі зиянды заттардың шығу белгілері табылған жағдайда қыздырғыш аспаптарды істен ажыратып, газдың шығу себептерін айқындау және жою іс-шараларын қабылдау, қауіпті заттарды жою, жарылған жерлерді тазалау және бейтараптандыруға, жуғыш құралдармен шаю керек.

24. Ыдыстарды тазалау мен даярлауға арналған орын зертхананың басқа бөлмелерінен тұтас қабырғамен аулақтатылады, жеке шығар есігі мен желдеткіші болады:

1) жұмыс орындарында зертханалық ыдыстарды жуу мен құрғатуға арналған құрылғының жергілікті желдеткіші қарастырылады;

2) ыдыстарды аулақтатылған жерде іске қосылған жергілікті желдету жағдайында жуу қажет. Жууға ыдыстарды қышқылдардан немесе басқа да улы, күйдіргіш өнімдерден толық тазартып зиянды заттарды бейтараптандырғаннан кейін ғана беру қажет;

3) жуғыш құралдар тығыз жабылған қақпақшалары бар орамдарда сақталады. Оларды шыны ыдыстарда және ашық күйінде сақтауға жол берілмейді.

25. Жұмыс бөлмелерінде қыздырғыштар, электрлік аспаптар және басқа да өрт көздері бар болған және көмірсутектер мен қатынас қауіптілігі бар жұмыс бөлмелерінде сұйық ауамен немесе оттегімен жұмыс жасауға жол берілмейді. Зертхананың осы бөлмесі үшін жабдықталмаған жерде тағам қабылдау және өнімдерді сақтауға жол берілмейді.

26. Зертханада ыстық суы және гигиеналық құралдары бар, санитарлық тұрмыстық бөлме жабдықталады. Мұнай өнімдерін техникалық жуғыш құралдарды, зертханалық ыдыстарды жуыну үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Жеке мақсаттарда зертханалық ыдыстарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Қолды мұнай өнімдерімен жууға рұқсат етілмейді. Қолды жылы суық сумен сабынмен жуу және құрғағанша сүлгімен сүрту қажет. Қажет болған жағдайда қорғаныс майын немесе вазелин майын қолдану қарастырылады.

27. Зертханадағы жұмысты аяқтағаннан кейін қызметкер және бақылаушы тұлға зертханалық жұмыс орнын тексереді. Бұл кезеңде қауіпсіздік бойынша келесі талаптар сақталады:

газ және су крандары және газ енгізудің ортақ желдеткіші зертханада жабық;

қыздырғыштар, лампалар мен басқа да өрт қауіптілігіндегі приборлар істен ажыратылған;

реактивтері бар ыдыстар мен банкалар тығындармен жабылған;

жарықтандыру мен желдету істен ажыратылған;

зертхананы күзетуге беру.

28. Зертхана бөлмелеріндегі өрт қолданылатын жөндеу жұмыстарына (электрлік дәнекерлеу жұмыстары) жапсырма-рұқсатнама бойынша жүргізуге жол беріледі.

29. Зертхананың әрбір жұмыс бөлмесінде алғашқы көмекті көрсетуге арналған медикаменттерден тұратын дәрі-дәрмек қорапшасы орнатылады (көрінетін және оңай қол жеткізілетін жерде).



2 - тарау. Химиялық лабораториялардың бөлмелері мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар
30. Химиялық зертханалар табиғи және жасанды түрде жарықтандырылатын, жылытылатын, су құбырлары мен канализациясы бар бөлмелерде орналасады.

31. Химиялық зертханалардағы жасанды жарықтандыру құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес орнатылады.

32. Химиялық зертханалар ғимаратының өртке төзімділік деңгейі екінші дәрежеден төмен болмауы тиіс.

33. Жарылыс қауіпті заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмелер (жарылғыш жұмыстарға арналған бөлмелер) ғимараттың жоғарғы қабаттарындағы аулақтандырылған бөлмелерде, зертхананың ғимаратының бүйірлік бөлігінде немесе оған жапсарлар бөлмелерде орнатылады. Оның үстінен басқа бөлмелерді орналастыруға жол берілмейді.

34. Химиялық зертхана құрамында автоклав немесе жоғары қысымдағы зертханалар бар болса, олар 1 қабатты құрылыста орналасады. Автоклав пен жоғары қысымды зертханаларды ғимараттың бүйірлік бөлігінің жоғарғы қабаттарында олардан көршілес бөлмелерді 4 сағаттан кем емес өрт тұрақтылығы шегіндегі қабырғалармен бөлектеу жағдайларында және сыртқа жеке шығатын жерді қамтамасыз етуге орналастыруға жол беріледі.

35. Зертхана бөлмелері күші бар нормативтермен сәйкестікте өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі, автоматты өрт дабылы (датчиктер, хабарлаушылар) құралдарымен жабдықталады.

36. Сынаппен жұмыс жасауға арналған зертхана бөлмелерін жабдықтау күші бар нормативті техникалық құжаттама талаптарымен сәйкестікте жасалады.

37. Айрықша және жоғары қауіптіліктегі заттармен жұмыс жасауға арналған бөлмелер зертхананың қалған бөлмелерінен аулақтатылады, басқа бөлмелерді желдету жүйесімен байланыспайтын жеке кіретін есік пен тартпалы шкафтардан тұрады.

38. Зертханалық бөлмелерді желдету механикалы іске қосылатын желдеткіште қарастырылады және тартпалы шкафтардан ауа арналған желдеткіш құрылғыларымен жабдықталады. Зертханалық бөлмедегі ауа алмасымы бөлме ауасындағы зиянды заттардың іс жүзіндегі шоғырлануы шекті мүмкін шоғырланымдардан аспайтындай етіп есептеледі.

39. Коррозияны туындататын заттармен жұмыстар жүргізілетін зертханалық бөлмелердегі желдеткіш құрылғылар коррозияға қарсы материалдардан жасалады немесе коррозияға қарсы жабындармен жасақтандырылады.

40. Тартпалы шкафтар жоғарғы және төменгі тұтқалармен жабдықталады.

41. Жұмыс үстелдері мен өрт және жарылыс қауіптілігіндегі заттармен жұмыс істеуге арналған тартпалы шкафтар жанбайтын материалмен жабылады, ал қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химиялық белсенді заттармен жұмыс істеу кезінде олардың ықпалына төзімді материалдармен жабылады және бортиктермен жасақтандырылады.

42. Тартпалы шкафтағы жарық шамдар жарылыс қауіптілігіндегі қоспалардың категориялары және топтарына сәйкес орындалады. Штепсельді розеткалар мен іске қосып ажыратқыштар тартпалы шкафтан тыс жерде орналастырылады.

43. Тартпалы шкафтарда, зертханалық және жұмыс үстелдерінде арнайы бөлмелерде (сынап бөлмелерінде) жұмыс беткейінде жәшіктер мен шкафтардың болуына жол берілмейді.

44. Газды және сулы крандарды жұмыс үстелдері мен шкафтарда алдыңғы борттарға орналастырып, кранның кездейсоқ ашылу мүмкіндігі болмайтындай етіп орнату қажет.

45. Зертханалық бөлмелердегі газ құбырларын келесі талаптармен сәйкестікте жүргізеді:

1) газ құбырларын тікелей зертхана бөлмесіне енгізу;

2) газ құбырлары енгізілген бөлмеден тыс жерлерде қызмет ету үшін қол жетімді және жарықтандырылған орынға істен ажыратушы құрылғы орнатылады;

3) жұмыс үстелдері мен тартпалы шкафтарға келтірілген газ құбырлары жекелеген қыздырғыштарды іске қосуға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталады;

4) бөлмелердегі газ құбырлары ашық, қызмет ету үшін қолайлы және олардың зақымдалу мүмкіндігін жоққа шығаратын орындарда бекітіледі.

46. Зертханалық құрылғылардың механизмдердің барлық қозғалмалы бөліктері қоршалады.

47. Оңай жанатын заттарды қыздыруға арналған электроаппаратура жабық ораммен және химиялық тұрақты аулақтатқышпен жабылған сымдармен жасалады. Электроаппаратурасы қатысымдары сенімді жасалады, олар ұшқын шашуға жол бермеуі тиіс.

48. Зертхана орналастырылған ғимаратта тері мен сірнелі қабықшаға ықпал ететін және тері арқылы өтетін зиянды заттармен жүргізілетін жұмыстарда оларды зақымданудан кейін 6-12 тәуліктен кеш емес пайдалануды қамтамасыз ететін орында және көлемде оларды автоматты іске қосатын су себер мен су шашқылар қарастырылады.

49. Жеке киімдер мен арнайы киімдерді сақтау үшін аулақтатылған бөлмелер бөлінеді.

50. Зертханалық бөлмелерге арналған едендерді метлахтық плиталардан жасау ұсынылады.

51. Зертханалық бөлмелер жалпы желдеткіштен басқа тартпалы шкафтардан ауаны суырып алуға арналған желдеткіш құрылғылармен де жабдықталады.

52. Улы заттармен жұмыс жасауға арналған бөлмелер зертхананың қалған бөлмелерінен аулақтатылады және сәйкес үлгіде басқа бөлмелердің желдеткішімен байланыспайтын тартпалы шкафтармен жабдықталады.

53. Коррозиялаушы заттармен жұмыстар жүргізілетін бөлмелердегі желдеткіш құрылғылар коррозияға қарсы материалдармен және коррозияға қарсы жабындармен жабдықталады.

54. Өрт және жарылыс қаупіндегі бөлмедегі ауа құбырларын жанбайтын материалдардан жасау қажет.

55. Зиянды және жанғыш улар мен газдар бөлінуімен қатар жүретін жұмыстарды жүргізуге арналған тартпалы шкафтар жоғарғы және төменгі сорғыштармен (сорғыштарды іске қосу қолданылатын зат буының тығыздығына байланысты реттестіріледі), сұйықтықтың еденге ағуының алдын алатын бортиктермен жабдықталады. Тартпалы құрылғыны шкаф жақтауларының 15-20 см ашық қиылысуындағы ауаның сорылу жылдамдығы секундына 0,5-0,7 м дейінгі шектерден табылатындай етіп есептейді. Айрықша зиянды заттармен жұмыс жасау кезінде ауаның бұл жылдамдығын секундына 1 - 1,2 м дейін қабылдау қажет.

56. Тартпалы шкафтар жақтауларын жұмыс кезінде жабық түрінде ұстау қажет, оларды ашуға приборлар мен құрылғылардың қызмет ету уақтысында ғана рұқсат етіледі. Көтерілген жақтауларды бұл жақтаулардың кенеттен құлауын болдырмайтын аспаптармен нығайту қажет.

57. Зертханалық бөлмедегі ауа алмасуымын жұмыс бөлмесі ауасындағы улы жарылыс қаупіндегі газдардың, булар мен тозаңдардың іс жүзіндегі шоғырланымы шекті мүмкін шоғырланымдардан аспайтындай етіп есептейді.

58. Өртпен және өрт, жарылыс қаупіндегі заттармен жұмыс жүргізуге арналған жұмыс үстелдері мен тартпалы шкафтарда жанбайтын материалдармен, ал қышқылдармен және сілтілермен жұмыс кезінде – коррозияға қарсы материалдармен толығымен жабу және жанбайтын материалдан даярланған бортикті пайдалану қажет.

59. Тартпалы шкафтар істен ажыратқыштары сыртында орналастырылған герметикалық арматурадағы электрлік лампалармен жабдықталады, штепсельді розеткалар тартпалы шкаф сыртында жұмыс үстелінің бүйірлік жағында орналастырылады. Электр жетектеріндегі шнурлар резиналы түтікшемен аулақтатылады.

60. Жұмыс үстелдері мен шкафтардағы газ және су крандарын алдыңғы бортиктерден кранның кездейсоқ ашылу мүмкіндігі болмайтындай етіп орналастыру қажет.

61. Зертханалық бөлмелер 2009 жылдың 6 наурызында № 259 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын Талаптар Техникалық регламенті талаптарымен сәйкестікте жабдықталады:

1) газ құбырларын тікелей зертхана бөлмелеріне енгізу;

2) бөлмедегі газ құбырларын енгізуде қызмет ету үшін қол жетімді және жарықтандырылған орында істен ажыратушы құрылғыны орнату қажет.

3) бөлмедегі газ құбырларын ашық күйінде қызмет ету үшін қолайлы орында және олардың зақымдану мүмкіндігін болдырмайтын жерде орналастыру қажет;

4) адамдар өтетін жердегі газ құбырларын еденнен бастап есептегенде 2,2 м кем емес биіктікте орналастыру қажет;

5) жұмыс үстелдері мен тартпалы шкафтарға жеткізілетін газ құбырларында жекелеген қыздырғыштарды іске қосуға мүмкіндік беретін крандарды орнату қажет;

6) газ беруді тоқтату кезінде бөлмедегі жұмыс үстелдері мен шкафтары газ құбырларын енгізетін істен ажыратқыш құрылғыны жабу;

7) бөлмеде газ иісі пайда болған жағдайда газ қыздырғыштары мен приборларды пайдалануды тоқтатып, отты жақпау, электрлік аспаптарды іске қоспау қажет, сонымен қатар электр қоңырауларын пайдаланбау, газды қыздырғыштар мен газды аспаптардағы барлық крандардың жабық екендігін тексеру, бөлмені желдетуге арналған терезелердің ашық екендігін тексеру және қажет болған жағдайда апаттық қызметті шақыру қажет;

8) газ құбырлары мен аспаптардан газ шығуы үшін отты қолдануға жол берілмейді. Газдың қай жерден шығып жатқанын анықтау үшін сабын ерітіндісін пайдалану қажет;

9) газды қыздырғыштар мен аспаптарды жөнделмеген күйінде, газ құбырларының тетіктерінің бұзылуы жағдайында пайдалануға жол берілмейді.

62. Жетекті механизм ретінде трансмиссиялық берілім ретінде трансмиссияның барлық қозғалмалы іске қатысушы бөліктерін (жетек шкифі, жетектік белдеулер, шестерналар) пайдалану кезінде сәйкес үлгіде қоршалады. Жүру барысында жетектік белдеулерді кию мен түсіруге, қоршау жоқ болған жағдайда трансмиссияны босатуға рұқсат етілмейді. Бірнеше адам бір мезгілде жұмыс істейтін аппараттардың қызмет етуі үшін трансмиссиялық берілімдерді пайдалану кезінде, оны іске қосар алдында осы трансмиссияны пайдаланатын қызметкерлерге ескерту қажет.

63. Химиялық зертханалық ыдыстардың үлкен көлемін жуу үшін мүмкіндігінше олар қызмет ететін зертхананың орталығында орналасатын аулақтатылған жуу бөлмелері беріледі. Жуу бөлмелері арнайы жуу үстелдерімен жабдықталады: біреуі хромды қоспаны жуу үшін және зиянды, күшті иіс шығарушы заттарды аулақтатуға арналған тартпалы шкафтан тұрады және екеуі ашық – содалық және таза сумен жуу үшін арналады.

3 - тарау. Өрт және жарылыс қаупіндегі заттар мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
64. Оңай жанатын және жанғыш сұйықтықтарды (қайнаудың төменгі температурасына ие заттарды қоспағанда) зертханалық бөлмеде тығындары жабылған жуан қабырғалы банкаларда сақтау қажет. Банкаларды тығыз жабылатын қақпақшалары бар, қабырғалары мен түбіне асбест төселген металл жәшікте орналастырады. Жәшік еденде өтетін жерлер мен қыздырғыш аспаптардан қашық жерде оған қолайлы қол жетімді тұста орналастырады. Жәшік қақпағының ішкі жағында осы бөлмедегі жанғыш және оңай жанатын сұйықтықтардың сақталуының жалпы рұқсат етілген нормалары мен атаулары көрсетілген айқын жазба жапсырады. Оңай жанатын сұйықтықтарға арналған шыны ыдыс көлемі 1 литрден аспайды, одан үлкен ыдыс болған жағдайда ол ауа өткізбейтін металл қаптамамен жабдықталады.

65. Зертханалық бөлмелерде төмен қайнайтын заттарды сақтауға жол берілмейді (дибинил, изопрен, диэтильді эфир, ацетон) бұл заттармен жұмыс аяқталғанда оларды қоймаға сақтауға шығару қажет.

66. Диэтильді күкірт эфирін басқа заттардан аулақтатылған салқын және қараңғы бөлмеде сақтау қажет, өйткені күкірт эфирін жарықта сақтау кезінде жарылғыш зат-этил асқын тотығы түзіледі.

67. Оңай жанатын және жанғыш сұйықтықтарды қоймалардан зертханаға жеткізуге жабық сынбайтын ыдыстармен немесе қаптамаға салынған шыны ыдыспен әкелу қажет.

68. Металды органикалық қосылыстарды тасымалдауды құрғақ топырағы бар металды ыдыстарға қойылған жабық ампулаларда жүзеге асыру қажет. Әрбір ампуланы өз биіктігінің жартысынан астамын құмға кіргізіп, құм деңгейін ампуладағы сұйықтық деңгейінен жоғары қалдыру қажет. Металды ыдыс қақпақпен тығыз жабылады. Металды ыдысты ешнәрсеге үйкемей мұқият тасымалдау қажет. Тасымалдау кезінде ампулалары бар ыдыстың тұрақты орналасуын қамтамасыз етеді.

69. Бір мезгілде зертхананың әрбір жұмыс бөлмесінде сақталатын өрт қауіптілігіндегі сұйықтықтардың жалпы қорын осы сұйықтықтардың тәуліктік пайдаланылуынан аспайтындай сақтау қажет. Өрт қауіптілігіндегі сұйықтықтардың үлкен көлемімен жұмыстарды орындау кезінде әрбір жекелеген жағдайларда өрт күзетімен келісілген ұйымның техникалық жетекшісінен жазбаша келісімін алу қажет. Жұмысты технологиялық регламентпен сәйкестікте жүргізу қажет.

70. Сұйықтықтармен барлық жұмыстарды желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда және газды қыздырғыштар мен элеткрлі приборлар істен ажыратылған жағдайда тартпалы шкафтар жүргізу қажет.

71. Оңай жанатын сұйықтықтарды 0,5 литрден астам көлемде қыздыру кезінде прибор астына сұйықтық құйылуының алдын алу үшін жеткілікті сыйымдылықтағы кюветті қою қажет.

72. Жанғыш сұйықтықтармен жұмыстар жүргізілген ыдыстарды зерттеу аяқталғаннан кейін жуу қажет.

73. Жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға жол берілмейді. Пайдаланылған жанғыш сұйықтықтар тұмшаланған жабық ыдыста жинақталады және жұмыс күнінің аяғына қарай регенерациялау және осы сұйықтықты жою үшін зертханадан шығарылып тасталынады.

74. Өрт қауіпті сұйықтықтардың кездейсоқ құйылуы жағдайында барлық газды қыздырғыштарды, қыздырғыш аспаптарды істен ажыратып, бөлмені сырт жердегі жалпы істен ажыратқышпен ажыратып, ал төгілген заттың үлкен көлемі жағдайында көршілес бөлмелердегі де барлық қыздырғыш приборларды істен ажырату қажет. Сұйықтық төгілген жерге құм себу қажет. Ласталған құмды ағаш күрекпен немесе күрекшемен жинап алады. Құрыш күректер мен күрекшелерді пайдалануға жол берілмейді.

75. Жанғыш сұйықтықтардың жану жағдайында, өрт туындауында келесі іс-шаралар қабылданады:

1) газды қыздырғыштарды, электрлі қыздырғыш приборларды және желдеткішті істен ажырату;

2) бөлмеден өрт қаупіндег заттарға ие барлық ыдыстарды және сығымдалған газдары бар баллондарды шығарып тастау;

3) осы жағдай үшін барынша нәтижелі өрт сөндіру құралдарын пайдалану;

4) өрт туындауы кезінде хабарлағыш немесе сымтетік арқылы өрт күзетін шақыру, зертхана мен күзет жетекшілеріне хабарлау және өрт сөндірудің сәйкес құралдарын қолдану.

76. Өртті келесі құралдармен сөндіру:

1) сумен араласқан сұйықтықтардың жануы кезінде – кез келген өрт сөндіргішті, су ағынын, құмды, асбесттік немесе шұға жамылғыны (киізді) пайдалану;

2) сумен араласпаған сұйықтықтардың жануы кезінде – көмірқышқылды ұнтпақты өрт сөндіргіштерді, құмды, жабындарды пайдалану қажет. Суды пайдалануға жол берілмейді;

3) фосфор жанғанда ылғалды құмды, өрт сөндіргішті, суды көлемді мөлшерде пайдалану қажет. Сары фосфор күшінің өрт сөндірудің ең жақсы құралы- мыс купуростың 2-3 пайыздық ерітіндісі;

4) ыстық металды калий немесе натрий жанғанда – ұнтақты өрт сөндіргішпен, құрғақ құммен, жапқыштарды, құрғақ қайнатылған түзды, хлорлы кальцийді пайдаланады. Суды пайдалануға жол берілмейді;

5) ыстық құбырлар немесе кернеу жағдайындағы электрлік приборлар жанғанда көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен сөндіру қажет;

6) жанғыш ағаш бөліктері жануында барлық өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану қажет.

77. Фосформен барлық жұмыстарды су астында, тартпалы шкафта, жұмыс істеп тұрған желдеткіште, қорғағыш көзілдірікпен жүргізу қажет.

78. Фосформен жұмыс істеу кезінде жұмыс орны су құбырлары кранымен және мыс купоросы ерітіндісі бар бактермен жабдықталады.

79. Киімге сары фосфор түсуі жағдайында оны сумен жуып тастауы қажет. Сары фосфорды қолмен алып тастауға жол берілмейді.

80. Тамақтанар алдында қолды жуу, жұмыс аяқталған кезде де қолды, бетті жуып, тісті тазалап, ауызды калий перманганаты ерітіндісімен шаю қажет.

4 - тарау. Улы заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
81. Улы (агрессивті, химиялық күйдіретін) заттар (тұзды, азотты, күкіртті, фтористі сутекті қышқылдар мен хромды ангидрид, сілтілердің ерітінділері – улы натрий, улы калий және аммиак ерітіндісі) теріге тисе термиялық күйдіреді. Сілтілер құрғақ күйінде де теріге түскен жағдайда күйік туындатуы мүмкін. Сілтілердің айрықша қауіптілігі онымен көздің зақымдану мүмкіндігінен тұрады; күйдіргіш заттармен кез келген жұмыс жүргізу кезінде күйіктің алдын алу үшін зертханада жұмыс істейтіндердің барлығы қорғағыш көзілдіріктерді (былғары немесе резиналы оправаны) және резиналы перчаткаларды, резиналы алжапқыштарды және резиналы етіктерді пайдаланады. Қышқылдармен және сілтілермен қорғаныс көзілдірігінсіз жұмыс істеуге жол берілмейді.

82. Қышқыл және сілті құйылған бөтелкелерді жөнделген кәрзеңкелер немесе торшаларда сақтап, қол арбаларда тасымалдау немесе қосарлап тасымалдау қажет.

83. Қышқылдар мен сілтілерді бөтелкелерден ұсақ ыдыстарға құюды сифон көмегімен немесе әр алуан құрылымдағы сорғыштар көмегімен жүргізу қажет. Аммиактың судағы ерітіндісін, бромды, шоғырландырылған қышқылдарды (азот, тұз және басқа да) сорып құю қажет.

84. Қышқылдары, сілтілері және басқа да күйдіргіш заттары бар шыны ыдыстарды түбіне асбест төселген ағаш немесе металл жәшіктерде тасымалдау қажет.

85. Күкірт қышқылы ерітіндісін даярлау үшін оны үздіксіз араластыра отырып жіңішке ағынмен суға құяды. Күкірт қышқылына су құюға қол берілмейді.

86. Вакуум–эксикаторларда су сіңіруші құрал ретінде күкірт қышқылын қолдануға жол берілмейді.

87. Пайдаланылған қышқылдар мен сілтілер жеке-жеке ыдысқа жинақталады және бейтараптандырылғаннан кейін канализацияға, шұңқырға немесе жергілікті жағдайларға сәйкестікте осы мақсатқа арналған басқа орынға тасталынады.

88. Сілтілерді суға үздіксіз арпаластыра отырып заттың кішігірім кесектерін баяу қосып отыру жолымен ерітеді, сілті кесектерін қысқаштармен алу қажет. Күйдіргіш сілтілердің үлкен кесектерін ұсақ кесектерге арнайы орында майдалап, бөлінген кесектерді тығыз матамен алдын-ала жабу қажет.

89. Төгілген қышқылдарды немесе сілтілерді құм сеуіп, бейтараптандыру және осыдан кейін ғана жинау қажет. Сынған шыны ұсақтарын щетка немесе күрекше көмегімен жинайды. Улы газдар немесе булардың бөлінуі жағдайында противогаз киеді.

5 - тарау. Күшті ықпал көрсететін улы заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
90. Күшті ықпал етуші улы заттармен жұмыс істеу кезінде (синильді қышқылдар немесе оның тұздары, меркаптофос, күкірт көмірсутек және басқалар) сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.

91. Улы және зиянды заттарды сақтау, беру және пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі, журналға тіркей отырып орындаушылар мен бақылаушы тұлғалар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып қол қояды.

92. Зертханаларда пайдаланылатын улы заттар аулақтатылған орында, шкафта немесе құлыптанатын және пломбалы құрыш жәшіктерде сақталады. Улы заттары бар ыдыстар «Улы» жазбасы мен зат атауы бар айқын жапсырмаларға ие болуы тиіс.

93. Улы заттардың сақталуын, есепке алмауы мен жұмсалуын зертхана бастығы қамтамасыз етеді. Жұмыс істеу үшін улы заттарды зертхана бастығы қолтаңбасымен және ұйымның бірінші жетекшісі қолтаңбасымен талап бойынша беріледі. Улы заттардың жұмсалған көлеміне акт құрастырады.

94. Ағымдағы аналитикалық жұмыстарға арналған зат ерітінділерінің күн сайын жұмыс күні аяқталғанда жауапты тұлғаға өткізеді және жабық, мөр басылған шкафта сақтайды.

95. Улы заттармен жұмыс істеуді нұсқаулықтан өткен жұмыскерге тапсыруға жол беріледі.

96. Улы заттары бар шыны ыдыстарды, банкалар мен басқа да ыдыстарды жұмыс үстеліне қоюға жол берілмейді; бұл заттармен жұмыс істеу үшін арнайы орындар бөлінеді.

97. Улы заттары бар барлық жұмыстарды тартпалы шкафта жүргізу қажет (жұмыскердің басы бұл кезеңде шкаф сыртында болуы тиіс). Заттардың жоғары улылығы, газ тәрізділігі (хлор, аммиак, фосген, фтор және басқалар) жағдайында жұмысты сәйкес маркамен өлшемдегі қорапшасы бар противогазбен жүргізу қажет. Сұйық улы заттармен жұмыстарды, резиналы перчаткаларда, қорғанысты көзілдіріктерде және қажет болған жағдайда противогазда жүргізу қажет.

98. Улы газдары бар приборларды жұмыс жасау алдында инертті газбен үрлеу немесе сумен толтыру жолымен залалсыздандыру қажет. Улы газды сору арқылы ығыстырады.

99. Ыдыстарды улы заттармен толтыруды сифонмен немесе резиналы үрленген пипеткалармен жүргізу қажет.

100. Еденге немесе үстелге төгілген улы сұйықтықтарды залалсыздандыру немесе төгілген орнын сумен жуу қажет.

101. Қатты улы заттарды ауасы сорылып тұратын, жабық жерлерде майдалау және ыдыстарда өлшеу керек.

102. Себілген улы зат жиналады, ал улы зат түскен жер залалсыздандырылады және сумен жуылады.

103. Улы заттармен жүйелі жұмыс жүргізу кезінде барлық заттарды жабдықталған шкафтарта немесе күшейтілген желдеткішпен біріктірілген және резиналы жеңдері бар бекітілген қолғаптары бар арнайы жиектері бар шыны жәшіктерде (бокстарда) жүргізу қажет. Бұл бөлмеде басқа да жұмыстарды жүргізу жол берілмейді.

104. Улы заттарды дөңгелек түбі бар колбаларда қыздыру қажет, ашық жалынды қолдануға жол берілмейді. Улы заттармен жұмыс кезінде пайдаланылған сүзгілер мен қағаздарды жою қажет.

105. Тәжірибеден кейін босаған ыдыстар мен приборларды қызметкерлер залалсыздандырады және бұдан кейін жалпы жууға береді.

106. Улы заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмелерде тағамды сақтау мен қабылдауға, темекі шегуге жол берілмейді. Жеке пайдалану үшін зертханалық ыдыстарды (шыны ыдыстарды, стакандарды мен басқаларды) пайдалануға жол берілмейді.

107. Улы заттармен ласталған арнайы киімдерді, жеке пайдаланудағы сүлгіні залалсыздандырып, жууға беру, ал зертхана қызметкерлеріне барлық таза нәрселерді беру қажет. Жұмыс аяқталғанда қорғаныс қолғаптарын технологиялық регламенттерге сәйкес залалсыздандыруға ұшыратады.

108. Жұмыс кезінде пайдаланылған сынақ үлгілерін, залалсыздандыру өнімдерін және жуылған суларды ыдысқа құйып алады: бұл заттарды канализацияға құюға жол берілмейді.

109. Жұмыс аяқталғанда қолды сабынмен жуып, ауызды сумен шайып, тісті тазалау қажет.



6 - тарау. Металды калий мен натриймен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
110. Металды калий және натриймен жұмыстарды асбест төселген беткейлік құрыш ішінде тартпалы шкафтарға қарама-қарсы жүргізу, қорғаныс көзілдірігін және резеңке қолғаптар киіп су мен өрт көздерінен аулақ жерде жасау қажет.

111. Металды калий және натрийді сусыздандырылған керосин, парафин немесе трансфораторлық май қабатында тығыз жабылған тығыны бар немесе тығыз жабылған қабықшалы тығыны бар шыны банкаларда сақтау қажет. Банкаларды құмы бар металл жәшіктерде орналастырады. Бұл металдарды аппараттарды тиеу және оларды ыдыстан құрғату пинцетпен немесе тигельді шипцтермен алу қажет. Металл кесегі беткейіндегі керосиндегі фильтрленген қағазбен алып тастайды.

112. Сүзгі қағаздағы металды калий мен натрийді құрғақ және өткір пышақпен кесу қажет. Калийді алғашқы кесуді жоғарғы асқын тотық қабатына алып тастау мақсатында трансформаторлық май немесе керосин қабатында жүргізеді, ашық ауадағы асқын тотық қосылыстарының таза металды калиймен қатынасы жарылыс туындатуы мүмкін.

113. Металды калий және натрий қалдықтарын ары қарай жойыстыру үшін керосині бар банкаға жинайды. Металды калий және натрий қалдықтарын канализациялық раковинаға, шелекке тастауға жол берілмейді. Металды калий және натрийдің 2 г дейінгі көлемдегі қалдықтарын этил спиртінде толығымен еріту жолымен жояды; ерітуді кішігірім үлестерде жүргізу қажет; алынған ерітіндіні канализацияға құяды. Қалдықтар мен сілтілік металдар кесінділерін жинақтауға, калий мен натрий кесінділерін араластыруға жол берілмейді. Калий кесінділерін жеке банкаларға жинақтады және дәл сол күні жояды.

114. Жанған металды калий немесе натрийді сөндіру кезінде ұнтақты өрт сөндіргішті, құрғақ құмды немесе құрғақ магнезияны пайдалану қажет. Суды, көпіршіктік өртсөндіргішті және көміртек қос тотығын пайдалануға жол берілмейді.

7 - тарау. Сынаппен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
115. Сынапты қыздырумен, жуумен және залалсыздандырумен байланысты жұмыстарды сынаптың ашық беткейі болуында сынап төгілуі мүмкін аппарат болуында қалған жұмыс бөлмелерінен аулақтатылған жеке жабдықталған бөлмелерде жүргізу қажет.

116. Мұндай бөлмелердегі едендер, қабырғалар, есіктер мен терезе жақтаулары сынап үшін өткізбейтін материалдан жасалады және сынап буын адсорбцияламайды. Қабырғалар, есіктер мен терезе түптемелері нитроэмальды бояулармен, нитролактармен немесе перхлорвинильді бояулармен жабылады. Бұл бөлмелердің едендері қабырғалардағы борттаумен және еден арқылы трубалардың өткен орындары мен дәнекерленген тұстарын, жиектерін әрлеу арқылы резеңкелі линолиуммен жабылады.

117. Жұмыс үстелдері, тартпалы шкафтар және басқа да зертханалық жихаздар жәшіксіз орнатылады және тегіс беткейге ие болады, олар майлы бояумен боялуы және еден деңгейінен 20 см кем емес биіктіктегі жихаз астында бос кеңістік түзетін аяқтардан тұруы тиіс.

118. Үстелдер мен шкафтардың жұмыс беткейлері резеңке линолиуммен немесе аралықсыз пластмассалы материалдармен жабылуы тиіс.

119. Сынаптық аспаптар мен аппапараттар есіктерден, адам өтетін жерлерден, жылу жүйелері мен қыздырғыш приборлардан қашық жерлерде орналастырылады.

120. Тасымалданатын сынап аспаптары мен аппараттарын эмальданған немесе майлы бояумен боялған қарсы үстелде орнатады.

121. Сынаппен жұмысқа арналған барлық бөлмелер жалпы желдеткішпен (қысқы уақытта ауаны қыздыратын құрылғымен) және жергілікті желдеткіш пен (тартпалы шкафпен, зондпен) жабдықталады. Желдеткішті жұмысты бастағанға дейін 30 минут алдын іске қосып жұмысты аяқтағаннан кейін 30 минут өткенше тоқтатпау қажет.

122. Ашық беткейдегі аппараттарды тартпалы шкафтарда ауа жоғарғы жағынан емес төменгі жағынан сорылатындай етіп орнатады. Барлық ашық шкаф жақтаулары кезіндегі жұмыс уақтысында ауаның сынапты қыздырумен байланыссыз қозғалу жылдамдығы – секундына 0,5 м кем емес, ал сынапты қыздыру кезінде секундына 1 м кем емес.

123. Сынапты ашық ыдыстарда сақтауға жол берілмейді. Сынапты су қабатында, парафинді май, глицериндер кішігірім көлемдерде сақтауға жол беріледі.

124. Сынапты құйылған шыныдан жасалған ыдыстарда сақтауға жол беріледі, олардың әрбіріне 1 кг аспайтын сынапты орналастырады. Сынабы бар ыдысты резеңке қапшықта немесе металл банкіда сақтайды. 2 кг және одан да көп сынап қорын кішігірім темір баллондарда сақтау қажет.

125. Сынаппен жұмыс кезінде жіңішке шыныдан жасалған ыдысты пайдалануға жол берілмейді. (колба, бюкс, химиялық стакандар және т.б.).

126. Қоймаға немесе шеберханаға берілетін аппаратуралар сынаптан тазартылады. Жұмыс бөлмелерінде сынабы бар пайданылмайтын аппараттарды сақтауға жол берілмейді.

127. Сынапты канализациялық раковиналарға құюға жол берілмейді. Ласталған сынапты резеңке тығынмен жабылған суы бар ыдысқа құю қажет.

128. Кездейсоқ төгілген сынапты резиналы үрлегіші бар шыны ұстағыштар көмегімен жинайды. Резеңке үрлегіш орнына ұстағышта су ағынды немесе форвакуумды сорғыларды жалғауға жол беріледі.

129. Беткейлерді сынаптан механикалық тазалаудан басқа химиялық тәсілдермен демеркуризациялау қолданылады. Демеркуризациялау үшін тұз қышқылымен қышқылдандырылған марганецті қышқылды калийдің 3 пайыздық ерітіндісі немесе хлорлы темірдің 20 пайыздық су ерітіндісі ұсынылады. Демеркуризациялаудан кейін бөлмеде сынап қатысуындағы ауа ортасын талдау жүргізіледі.

130. Сынаппен жұмыс істейтін бөлмелерде оның беткейінің ашық болуы жағдайында кезең-кезеңге, яғни жылына 4 реттен кем емес ауадағы сынап буы құрамы автоматты талдағышпен анықталады. Жұмыс бөлмесінде шекті мүмкіндік шоғырланымнан жоғары сынап буы табылуы кезінде жұмысты тоқтатып бөлмені залалсыздандыруды жүргізу қажет. Бұл бөлмедегі зертханалық жұмыстарды ауа ортасындағы сынапты талдаудың кері нәтижелерінен кейін қайта жаңартады.

131. Сынаппен жұмыс кезінде жеке гигиена және сауықтыру шараларын орындау қажет: сынаппен жұмысты кез келген жағдайларда арнайы киімде (әбден түймеленген халатта, бас киім немесе орамал байлап) жүргізу қажет. Сынаптың улы тұздарымен жұмыс кезінде зертханалық резеңке қолғаптарды пайдалану қажет. Жұмысты аяқтағаннан кейін, тамақтанар алдында қол мен бетті жылы сумен сабындап жуып, ауызды бертулетті тұздың су қосылған ерітіндісімен немесе марганецті қышқылды калий ерітіндісімен шаю қажет. Жұмыстан кейін душ қабылдау ұсынылады.

132. Дербес қорғаныс үшін персоналда «Г» маркасындағы қорапшалы өнеркәсіптік противогаздар немесе сіңіргіштер ретінде иодқа қанықтырылған күміс тотығы немесе белсенділендірілген көмір қызмет ететін респираторлар қолданылады.

133. Сынаппен жұмыс жүргізілетін бөлмелерді жинауға арналған құралдарды басқа бөлмелерді жинау үшін пайдалануға жол берілмейді, оны тарпалы шкафтың төменгі бөліктерінде сақтау қажет. Ажырату үшін аталған құралдар қызыл түспен боялады.

8 - тарау. Сұйық газдармен және салқындатушы қоспалармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
134. Химиялық зертханаларда пайдаланылатын сұйық ауаны, оттегімен азотты тасымалдау, сақтау мен қолдану үшін шыныда немесе жіңішке беткейлік мыстан даярланған Дьюар ыдыстары пайдаланылады.

135. Сұйық ауамен, оттегімен немесе азотпен барлық жұмыстар қорғаныс көзілдірігі мен қолғаптармен жүргізіледі.

136. Дьюар шыны ыдыстарын таза және құрғақ күйінде ұстау қажет. Толтырар алдында оларды қорғаныс қаптамасына салады және ағаш үстелге орнатады. Дьюар ыдыстарын бекіту үшін асбест пайдаланылады. Мақта немесе киіз пайдалануға жол берілмейді.

137. Сұйық ауаны, оттегі мен азотты Дьюар ыдысынан оларды иіп мойыншасы арқылы немесе осы мақсатқа арналған аспап көмегімен құйып алады.

138. Дьюар металды ыдыстарын ұзындығы ыдыс ішіне сұйықтықтың ағып кетпеуі үшін ыдыс мойнынан елеулі ұзын болып келетін түтікшелі металды воронка арқылы сұйық ауамен, оттегімен, азотпен толтырады.

139. Дьюар ыдыстары мойнына бекітілген және ыдыстан газдың булануын оңай жіберетін қалпақшаларға ие. Мойындардағы қалпақшалардың жоқ болуы ыдысқа органикалық заттар мен басқа да ластағыштардың енуіне алып келеді, бұл жарылыс туындатады. Ыдыс мойнына ылғал түсуі мойынның орамының шиыршықталуына және мұз түзілуіне, ыдыстың кейіннен жыртылуына алып келеді.

140. Органикалық сұйықтықтарды сұйық ауамен салқындатуды кварц немесе молибденді шыныдан даярланған ұстағыштар көмегімен жүргізеді. Органикалық сұйықтығы бар ұстағыштарды сұйық ауамен толтырылған Дьюар шыны ыдысына батырады.

141. Төмендегілерге жол берілмейді:

1) төменгі қайнаудағы органикалық қосылыстарды конденсациялау үшін арналған қаққыштарды немесе басқа да ыдыстарды салқындату үшін сұйық азотты пайдалануға, өйткені бұл кезеңде сұйық азот құйылған ыдыста атмосфералық ауадан оттегі конденсацияланады;

2) салқындату үшін таза, сұйық азотпен араластырылмаған сұйық оттегіні пайдалануға. Сұйық оттегіні арнайы жұмыстар кезінде оның қайнау температурасын жоғарылату үшін сұйық азоты бар қоспаны даярлауға жол беріледі;

3) тікелей органикалық сұйықтықтарға сұйық ауаны, азотты немесе оттегіні құю жолымен салқындатушы қоспалар даярлауға;

4) жұмыс орындарында қалпақсыз немесе түзетілмеген жағдайында сұйық газы бар Дьюар металды ыдыстарын сақтауға;

5) басқа заттарға арналған ыдыс ретінде сұйық ауаға, азот пен оттегі үшін арналған ыдыстарды пайдалануға;

6) химиялық заттары бар шыны ыдыстарды оларды сұйық оттегіні, азот пен ауаны салқындату үшін пайдалануға.

142. Сұйық оттегі қолданылып жұмыстар жүргізілетін зертхана бөлмесі тазалануы тиіс.


9 - тарау. Шыны, химиялық ыдыс пен ампулалармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
143. Шыны түтіктерді кесу, шыныдан даярланған аспаптар мен бөлшектерді жинау және ажыратып бөлшектеу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

1) кішігірім диаметрдегі шыны түтікшелерді қолды сүлгімен алдын ала орап шыныны кесуге арналған кескішпен немесе пышақпен кескеннен кейін сындыру қажет;

2) шыны түтікшелерді резиналы тығындарға немесе резиналы түтікшелерге қою кезінде, шыны түтікшелерге резиналы түтікшелерді кигізуде және приборларды жинау кезінде шыны түтікшенің сырт жағын және резиналы түтікшенің ішкі жағының ернеуін сумен, глицеринмен немесе вазелинді маймен ылғалдандыру қажет. Шыны түтікшелердің өткір ернеулері балқытылады. Барлық жағдайларда қолды шынының сынуынан жарақаттануына жол бермес үшін сүлгімен қорғайды;

3) шыны приборларды немесе олардың жекелеген бөліктерін жинағанда қажет болған жағдайда эластикалы қосылыстар мен астарларды қолдану қажет. Әсіресе штативтердің металды шеңберлеріндегі бекітулі орындарындағы немесе тығыз астарлар тұтқаларындағы (астбест, резина, былғары және т.б.) шыны детальдар мен приборлар қорғалады;

4) шыны түтіктерді бұрғыланған тығынға қою кезінде соңғысын алақанмен итермеу керек, бүйірлік жағынан ұстау қажет. Түтікті тығынға қойылатын ұшына мүмкіндігінше жақын ұстайды.

144. Жуан қабырғалы ыдысты тығынмен жабу кезінде оны мойнының жоғарғы бөлігінен мүмкіндігінше тығынға жақын ұстау қажет; қолды бұл кезде сүлгімен қорғау керек. Жылытылған ыдысты жабық тығынмен ол салқындағанға дейін жабу қажет.

145. Сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде варонканы пайдалану қажет. Оны ыдыс мойнына орналастырылған фарфорды үшбұрышқа орнатады. Егер де үшбұрыш жоқ болатын болса, онда воронканы штатив ұшына құйылған сұйықтықты қабылдаушы ыдыс үстіне орнатады.

146. Пробиркадағы сұйықтықты қыздыра отырып оның ернеулері сыртқа қарай және жұмыс бойынша көршіге бағытталғандай ұстау қажет.

147. Ыстық сұйықтығы бар ыдыстарды тасымалдау кезінде сүлгіні немесе басқа да материалдарды пайдалану қажет, ыдысты бұл кезде екі қолмен түп жағынан және мойнынан ұстау қажет. Сұйықтығы бар үлкен химиялық стакандарды стаканның иілген ернеулері сұқ саусаққа сүйенетіндей етіп екі қолмен көтеру қажет.

148. Жүргізілуі кезінде үрдістің қарқынды жүруі, қысым түзілуі, шыны прибор қыздырылуы немесе оның сынуы және ыстық немесе күйдіргіш заттардың шашырауы мүмкін жұмыстарды, вакуум астындағы жұмыстарды қарама-қарсы папкалы шкафтарда орындау қажет. Жұмыс фронты бойынша түссіз пластмассада қорғағыш қалқандарды орнату қажет. Жұмысты қорғаныс көзілдірігімен, перчаткамен және резиналы алжапқышпен жүргізеді.

149. Жылу бөлінісімен қатар жүретін заттарды араластыру немесе айыру кезінде термотұрақты шыны немесе фафорлы ыдысты пайдалану қажет.

150. Вакуум астына жұмыс істеуге арналған шыны және кварцты ыдыстарды алдын ала максимальды шытынауына сынау қажет; сынақты жүргізер алдында ыдысты сүлгімен орау немесе оған металды торшаны кигізу қажет. Сынау кезінде органикалық шыныдан жасалған қорғаныс экранын пайдалану қажет. Ыстық массаларды вакуум–сүзгілеу кезінде колбаны сүлгімен орап, оған қаптама кигізу немесе басқа тәсілмен қорғау.

151. Зертханалық су ағызатын сорғыштар көмегімен жүргізілетін вакуум-айдаулар кезінде канализацияға зиянды заттардың түсуіне жол бермес үшін сорғыш алдына химиялық сіңіргіштері бар, зиянды улар мен газдарды соратын жұтылуды қамтамасыз ететін қаққыштар қойылады.

152. Зиянды булар мен газдардың атмосфераға түсуіне жол бермес үшін оңай ұшатын заттарды айдау кезінде айдалған өнімді тоңазытқыш түтігіне жалғанған қабылдағыш колбаға жинайды. Бұл колбаның шарлық бөлігі салқындатылушы қоспаға түсіріледі, ал шығарушы түтікше Тищенко ыдысымен біріктіріледі.

153. Шыны ампулаларға 20 градустан төмен емес қайнау температурасына ие конденсацияланған газ тәрізді заттар құюға жол беріледі. Жарылыс және қыздыру кезінде жайылатын заттарды ампулаға құюға жол берілмейді. Ампуланы оның көлемінен 50 пайыздан аспайтын көлемге толтыруға жол беріледі. Ампулаларға 20 градустан төмен емес қайнау темперарурасына ие заттарды егер де бұл заттар ампулаларында зауыттық орамға ие болатын болса құюға жол беріледі (мәселен хлорлы этил 12 градус қайнау температурасында болады).

154. Ампулаларды құйыстырар алдында оларда орналасқан заттың қайнау температурасынан төмен салқындату қажет. Ампулалардың төменгі бөлігі құю кезеңінде сәйкес салқындатушы қоспаға оның деңгейі ампулада конденсацияланған зат деңгейінен жоғары болатындай етіп құйылады. Ампулаларды салқындату үшін жанбайтын салқындатқыш қоспалар пайдаланылады.

155. Конденсацияланған газ тәрізді заттарға ие толтырылған ампулалар бөлме температурасына дейін жылытылған орында салқындатылғаннан кейін алқындатушы қоспадан алынып металды торшадан, белтинг қапшықтан немесе басқа да қорғағыш материалдан ампулада табылатын зат қасиетіне байланысты алынып цилиндрге салынады.

156. Толтырылған ампулаларды мұнда құйылған заттың қайнау температурасынан төмен салқындатылғаннан кейін ашады. Ампулаларды салқындатылғаннан кейін сүлгіге орап пышақпен немесе кескішпен капиллярға кесік түсіріп капилярды сындыру қажет.

157. Ампулалармен барлық операцияларды оларды ашқанға дейін қорғаныс көзілдіріктермен және перчаткалармен оларды қорғаныс қабықшасынан алмастан жүргізу керек.

158. От қолданылатын жөндеу жұмысы алдында шыны ыдыстарды және оңай жанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдар сақталған және құйылған аппараттарды, ыдыстарды толығымен ішіндегісінен тазартып, жуып азотпен үрлеп қажет болған жағдайда ауа талдамасын жасау қажет.



10 - тарау. Қысым астында жұмыс істейтін баллондар мен ыдыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
159. Баллондарда сығымдалған жағдайында оттегі сутек, азот және басқа да газдар; ал күйдірілген жағдайында – көміртек қостотығы, аммиак, хлор, күкіртсутек пен басқа да газдар; ерітілген күйінде ацетилен сақталуы мүмкін. Газбен толтырылған баллондардың жарылу себептері төмендегілер болуы мүмкін:

1) жылу ықпалынан баллондағы қысым ұлғаюы (оларды әралуан көздерден: ашық жалыннан, жылулық сәулелендіруден және күн сәулесінен қыздыруға болады);

2) қатты денелерге баллондардың соқтығысуы;

3) оттегілік балллондар үшін - әралуан органикалық заттармен баллон арматураларының ластануы; сутекті баллондар үшін – сутектің оттегімен ластануы. Күйдірілген және ерітілген газдары бар баллондар барынша қауіпті, өйткені бұл газдардың жарылуы сығымдалған газдары бар баллондар жарылысына қарағанда барынша төменгі температуралар кезінде жүреді.

160. Қысыммен жұмыс істейтін барлық ыдыстар 2008 жылдың 29 қазанындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен қауіпсіз пайдалануына талаптармен сәйкестікте пайдаланылады.

161. Баллондардың қате толтырылуының алдын алу және оларды дұрыс пайдалану үшін желдеткіштің бүйірлік патрубкасында әралуан газдар үшін әртүрлі кесінділерді жасайды (оттегі және инертті газдар үшін–оң; ыстық газдар үшін-сол). Баллондарды олардың ішіндегі газға байланысты әралуан түстерге бояйды, және сәйкес жазбалармен жабдықтайды.

162. Зертхана бөлмелерінде қорғаныш қалпақшасының дұрыс кигізілуін, желдеткіш бұзылмағандығын, бүйірлік штуцер резвасы дұрыстығы мен баллоннан газдың еркін шығуын тексеру жүргізілген кіші баллондар (5 кг аспайтын) пайдалануға жол беріледі.

163. Зертханада жұмыс істеу үшін қоймадан түсетін әрбір баллоннан талдама үшін сыналым алынады. Талдама нәтижелерін журналға жазады.

164. Үлкен баллондарды зертхана ғимаратынан тыс жерде металды жабылатын шкафтарда зертханаға түтік өткізгіштер бойынша газ жіберетіндей етіп орнатады.

165. Зертхананың жұмыс бөлмесінде сығымдалған немесе күйдірілген және ерітілген газдары бар үлкен баллондарды сақтауға жол берілмейді.

166. Сутекті немесе хлорлы баллондарды оттегілі және жанғыш газдары бар баллондармен бірлестіре сақтауға жол берілмейді. Хлорлы, фостгенді, күкіртсутекті және басқа да улы газдары бар баллондарды желдеткіші бар жерлерде орнату қажет.

167. Баллондарды тасымалдау мен сақтау кезінде соғылу мен құлауға, зақымдану мен ластануға қарсы іс-шараларды сақтау қажет. Үлкен сыйымдылықтағы стандартты баллондарды таымалдау мен сақтау кезінде қорғағыш қалпақтарды кигізіп, улы газы бар баллондарда қосымша түрде әрбір бүйірлік штуцерде баллон желдеткішіне тұншықтырғыш қояды.

168. Баллондарды тасымалдау үшін тележкалар немесе тасымалдағыштар қолданылады. Баллондарды қолмен тасымалдауға жол берілмейді.

169. Баллондардағы газды осы газ үшін арналған және сәйкес түске боялған редуктор арқылы беру қажет.

170. Қатып қалуы жағдайында редукторды немесе желдеткішті ыстық сумен жылытып, ыстық суды редуктор маңайында оралған матаға құяды. Жылыту үшін ашық жалынды немесе буды қолдануға жол берілмейді.

171. Оттегісі бар баллондарды оларға майдың және басқа да майланған шүберектердің түсуіне жол бермейтін орында орнатады.

172. Сығымдалған газы бар баллонда оны пайдаланудан кейінгі қалдық қысым 0,05 МПа кем емес болу керек.

173. Жанғыш газдармен жұмыс істеуге арналған приборларды жинақтау кезінде мыс торшалары бар қорғағыш түтікшелер қолданылады (ацетилен үшін -құрыш).

174. Баллоннан газ жіберер алдында зертханалық приборды реометр (монометр) бойынша талап етілген жылдамдықта (қысымда) реттестіру және баллонның құрылғымен біріктірілуінің дұрыстығын тексеру қажет.

175. Баллон желдеткішін баяу және жәймен ашып жабу қажет.

176. Сутек немесе жанғыш газ жіберілетін қандай да бір зертханалық приборды немесе аппаратты қыздырар алдында прибор мен оның барлық қосылыстарынан ауаны инертті газбен толығымен ығыстыру қажет.

177. Баллондағыға қарағанда аз қысымнан табылатын реакциялық массаға баллоннан газ жіберу қажет болған барлық жағдайларда баллон бағытына гидравликалық жақтау приборын немесе приборға қорғағыш клапанды қою қажет. Төменгі қысымда жұмыс істейтін ыдыстармен қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін гидравликалық жақтауды, ал жоғарғы қысым кезінде қорғағыш клапанды орнату қажет.

178. Қорғағыш клапандардан кейін немесе оған дейін тығындағыш арматураларды немесе қандай да бір тұншықтырғышты қоюға жол берілмейді.

179. Әрбір ыдысқа және құрылғыға сызбалары бар және ыдыстың барлық элементтерін есептеген паспорт немесе тіркеудің шнурлық кітапшасын және осы ыдыстардың куәліктерін құрастырады.

180. Қайтадан жөнделетін және жөнделгеннен кейінгі қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар мен құрылғылар 2008 жылдың 29 қазанындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің № 189 бұйрығымен бекітілген қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар құрылымы мен қауіпсіз пайдалануына қойылатын Талаптарға сай техникалық куәландырылуға (іштей қарастыру мен гидравликалық сынау) ұшырайды.

181. Жоғарғы қысымдағы тәжірибелік құрылғыларды басқару орнынан жеткілікті берік қабырғамен аулақтатылған және ыдыстың жарылу жағдайындағы қауіптен қызметкерлерді сенімді қорғайтын ұяшық –кабиналарда орналастырылады. Кабина үстінде жұмсақ шатырдан басқа ешқандай да төселімдер мен басқа да құрылғылар орнатуға жол берілмейді.

182. Қысым астындағы құрылғылардағы немесе ыдыстардағы жұмыста ыдыс паспортында қарастырылған параметрлер шегінде жүргізу қажет.

183. Қысым астында жұмыс істейтін құрылғылар мен ыдыстарда жүргізілетін әрбір үрдіске технологиялық регламент жасалады.



11 - тарау. Электрлік жабдықтармен және электрлік приборлармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
184. Зертханадағы жұмыстарды түзетілген электр жабдықтары кезінде жүргізу қажет. Сымдарды аулақтатудағы ақаулар табылған жағдайда, түсіргіштердің, рубильниктердің, штепсельдердің, розеткаларды, вилкалар мен басқа да арматураларды жерге қосу мен қоршаулардың бұзылушылығы жағдайында бұл жөнінде зертхана бастығына хабарлау қажет.

185. Ток кернеуінен табылатын электрлік жабдықтармен жұмыс жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (диэлектрлік резиналы перчаткалар, галоштар, боти, кілемшелер, аулақтатушы қойылымдар және басқалар) қолданып жұмысты аулақтатылған тұтқалары бар аспаптармен жүргізу қажет. Тоққа қосылған приборларды тасымалдауға және ток кернеуінен табылатын құрал-жабдықтарды жөндеуге жол берілмейді.

186. Көзді электрлік доға әсерінен қорғау үшін сары, жасыл түсті шынысы бар көзілдірік тағу қажет.

187. Жұмыс кезінде 36 Вольттан аспайтын кернеудегі тасымалдаушы лампаларды қолдану қажет; жоғары ылғалдылықтағы дымқыл бөмелер үшін - 12 В.

188. Электрлік құрылғыларға қол жететін жерлерді қоршауға жол берілмейді.

189. Штепсерлі розеткаларға, ажыратқыштар мен электр сымдарына әр алуан заттарды ілуге, сымдарды арқанмен немесе сыммен бекітуге рұқсат етілмейді.

190. Ток берудегі үзіліс жағдайында барлық электрлік приборларды электрлік маторлар мен басқа да электрлік жабдықтарды істен ажырату қажет.

191. Сымдар немесе электрлік аспаптардың жануы жағдайында оларды тоқтатып өртті көмірқышқылды өртсөндіргіш көмегімен және асбесттен жасалған жамылғымен сөндіру қажет.

Статикалық электрден қорғану шараларын статикалық электрден қорғаудың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық Талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Қабылданған қысқартулар
ДҚҚ – дербес қорғаныс құралдары;

ТМДҚҚ – тынысалу мүшелерін дербес қорғау құралдары;

АЖЖ - апатты жою жоспары;

ОЖС – оңай жанатын сұйықтық;

ЖС – жанғыш сұйықтық;

КҚӨ – көмірқышқылды өртсөндіргіш.



_____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет