Хирургтың киіну техникасы.
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильді индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.
5.Халатты хирургтың иығына тастаңыз.
6.Халатартындағы бауларды байлаңыз.
7.Хирургтын жеңіндегі бауларды байлаңыз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см арақашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді масканы шығарыңыз.
10.Масканы бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
11.Бауларды көмекші байлайды.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Операциялық алаңды Филончиков-Гроссих бойынша өңдеу әдісінің техникасы.
Мақсаты: Операциялық алаңды залалсыздандыру.
Қоры: қауіпсіз ұстара, 1% йод ерітіндісі,стерильді мақта тампондары,пинцет,70% спирт
Әрекет алгоритмі:
1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетка алыңыз.
Операциялық аймақты айқындалған тіліктен переферияға қарай 1% йодонат ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.
3.70% спиртке малынған салфетка алыңыз.
Айқындалған тіліктен переферияға қарай 70% спиртпен 2 рет операциялық аймақты сүртіңіз.
1% иодонит ерітіндісімен теріні тігіс салар алдында және салынғаннан кейін сүртіңіз.
Ескерту:
-Операция алдында науқасқа ортақ гигиеналық ванна жүргізіңіз
-Төсек және науқас үстіндегі жайалықтарды ауыстырыңыз.
-Науқастың жыныс мүшесін операция алдында тазартыңыз
-Отаға 30 минқалғанда науқасты шешіндіріңіз.
- Басына орамал тағыңыз
Аяғына бахила кигізіңіз.
Науқасты каталкаға жатқызыңыз
-Ота бөліміне жеткізіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |