Хламидиоздың алдын алу және оны емдеу Хламидиоз



Дата09.06.2016
өлшемі41.5 Kb.
#125008
Хламидиоздың алдын алу және оны емдеу

   Хламидиоз  - жұқпалы ауру, ол жыныстық қатынас жасау арқылы беріледі. 
       Оның пайда болуының себептері бұл - ішкі жасуша бактериясы хламидии.  Адамда хламидиоз ағзаға қоздырғыш енгеннен кейін дамиды. Инфекция негізінен жыныстық жолдмен беріледі. Хламидиоздың жыныстық жолдан тыс берілуі (кірленген ішкиім, әжетханалық заттар арқылы) соншалықты мәнді емес, дегенмен науқаспен араласу кезінде жеке бастың гигиенасын сақтау талап етіледі.

II.Хламидиоздың белгілері
Жасырын болатын кезеңі 5 күннен бастап 30 күнге дейін. Хламидиоз әдетте белгі беруі білінбейтін, торпидті сипатта болады. Хламидиозбен ауыратын науқастар әдетте қуықтан, қынаптан зәрдің аз бөлінетіндігіне, зәр жіберу жолдары мен сыртқы жыныстық мүшелерінің төңірегінде қышитындығына шағым айтады. Бұдан бөлек, зәр жіберу кезінде қарынның төменгі тұсында, белі мен сандарының тұсында жағымсыздықты жиі сезінеді. Еркектерде ауырған кезде, бірінші кезекте, зәр шығару жолдары, простат, ұманың айналасы шалдығады. Әйелдерде, көбінесе, зәр шығаратын жолы, аналық безі мойнының жолдары шалдығады, қынабы сирек шалдығады.Хламидиоз кезіндегі негізгі белгілері, әдеттегідей, зәр шығару жолынан немесе қынабынан шырышты-іріңді ылғал бөлінеді , қышиды, жыныстық-зәр шығару жолдарының шырышты қабықшасында ұшық және басқалары болады.
 III.  Хламидиозды диагностикалау
       Хламидиоздың диагностика жасауға көнуі қиын: оның қиындығы қоздырушының өзіндік табиғаты болып табылады. Ішкі жасушалық ағза болып табылатын хламидияны, қанға немесе арнайы жұқпаға талдама жасалған жағдайда ғана оны анықтауға болады. Көбінесе аналық бездің мойнынан немесе зәр-несеп жолынан жұқпаның жұғындысы алынады. Хламидиоздың қоздырғышын анықтаудың ең дұрыс тәсілдерінің бірі полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі болып табылады: оның жақсы жағы, ол хламидозбен орайласатын басқаларын, жыныстық инфекцияларды анықтауға жәрдемдесуі болып табылады, дегенмен мұнан да гөрі тиімді диагностика жасау үшін оны кейде бірнеше рет қолданады. Бұл жағдайда, ол іс жүзінде дәл диагностикаға кепілдік береді. 
       Бұдан басқа, иммунофлюоресценция реакциясы (РИФ) ретінде, диагностиканың осындай өте тиімді әдісі қолданылады. несеп жолынан алынған материалға талдау жүргізгендегі қоздырғышты ерекшелікте жарықтандырумен анықтайды.
       Диагностиканың тиімді әдісінен кем емес иммуноферментті немесе ИФА талдамасы болып табылады: ол хламидиоздың қоздырушысына қарсы күреске түсіп, қандағы дене қарсылығын анықтауға жәрдемдемседі. Осындай дене қарсылығының болуы, адам ағзасында хламидий болуының даусыз факторы болып табылады.

  IV. Хламидиозды емдеу

       Хламидиозбен ауыратын адамды емдеу бірінші кезекте, кешенді және жеке дара терапиялық тәсіл қағидатына негізделген. Бұл олардың мінез-құлқының режиміне шектеу бергенге дейін жүргізілуге тиіс. Толық айығып кеткенше, жыныстық қатынас жасауға, алкогольдік ішімдіктер ішуге, ащы және тәтті тағамдар татуға, сондай-ақ денеге аса ауыр салмақ түсіруге тыйым салынады. Хламидиозбен ауыратын науқастарға диета, өмір сүру салтын қалпында ұстау, иммундымодулдейтін препараттармен терапия тағайындалады. Хламидиоды тиімді емдеудің қажетті жағдайы жыныстық серіктестерді үйлесімді емдеу болып табылады.
       Хламидиозды емдеуге көбінесе аса қат бейінді мамандар (дерматовенеролог, гинеколог, уролог) ғана емес, сонымен бірге дәрігер - иммунолог, сондай-ақ терапевт тартылады.Соның нәтижесінде, хламидиоз инфекциялық ауру болып табылады, оны емдеу антибактериальды спектр препаратымен тікелей байланысты болады. Хламидиозды емдеуге көбінесе тетрациклинді, фторхинолонды және макролидты пайдаланады.
       Тетрациклин хламидий инфекциясының жаңа өсіп келе жатқан кезінде, оны кешенді терапияның басқа да әдістерімен бірге ұштастыра емдегенде тиімді болуда. Хламидий инфекциясын емдеудің табыстылығы, кешенді емдеу шараларын, оның ішінде антибактериальды препараттармен терапияны сауатты түрде ұштастыруына байланысты болады.  

V.  Хламидиоздың алдын алу
       Хламидиоздың алдын алу көптеген жағдайда өзінің сексуалды мінез-құлқын өзгерту болып табылады. Негізінен алғанда бұрыс сексуалды мінез-құлық пен қауіпсіз жыныстық қатынас жасау саласында жеткіліксіз білімінің болуы хламидий инфекциясының пайда болуына әкелмек. Презерватив те хламидиоз ауруынан қорғануға жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Жүкті болуды жоспарлау кезінде, барлық қажетті талдамаларды тапсырған секілді, нәрестенің болашақ ата-аналары алдын алу шараларын қабылдауы керек.

ДК мейірбикесі Г.Е. Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет