Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі456.5 Kb.
#131180
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талаптар) химиялық, мұнай-химиялық және мұнай, газ өңдеу өнеркәсібі қауіпті өндірістік объектілеріне, хлор қолданылатын басқа да қауіпті өндірістік объектілерге арналған талаптарды белгілейді.

2. Талаптар:

1) қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтау, консервациялау және жою кезінде;

натрий хлориді және калий хлориді ерітінділерін, тұз қышқылы ерітіндісін электролиздеудің барлық әдістерімен хлорды, каустикалық соданы және сутегін өндіру кезінде;

хлор ыдысының барлық түрлерін қолдана отырып, хлорды пайдаланумен, сұйық хлорды сақтаумен, құюмен және ағызумен байланысты объектілерде;

2) хлорды құбыр өткізгішпен тасымалдау, сұйық хлорды көлік құралдарымен тасымалдау кезінде;

3) жоғарыда көрсетілген объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды дайындау, монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қолдануға арналған.

3. Жобалау кезінде барлық қауіп-қатер факторлары белгіленеді, оларды жою немесе персоналды, халықты, қоршаған ортаны зақымдау әсерін шекті деңгейге дейін төмендету бойынша шешімдер әзірленеді.

4. Ұйымда мыналар:

1) өндірістік бақылау туралы талап;

2) аварияларды жою жоспары;

3) технологиялық регламенттер әзірленеді.

Технологиялық регламент-өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз жүргізуді және оң өндірістік техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді белгілейтін технологиялық үдерісті жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

5. Технологиялық сызбаға, аппаратурамен безендіруге, байланысты, жарық беруді және аварияға қарсы автоматты қорғауды басқару, бақылау жүйесіне өзгерістер енгізу жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

6. Өндірістік цехтардың, учаскелердің қауіпті орындарында және көрінетін жерлердегі сыртқы қондырғыларда қауіпсіздік белгілері ілінеді.

7. Өндірістік орынжайларда операторлардың жұмыс орындарында құбыр өткізгіштер, бақылау-өлшеу аспаптарының тиек арматурасы және автоматика құралдары көрсетілген технологиялық сызба ілінеді. Технологиялық сызбадағы аппараттардың (ыдыстардың) нөмірлік белгісі жабдықта көрсетілген нөмірлерге сәйкес болады.



2-тарау. Хлорды электролиз әдісімен өндіру кезіндегі

қауіпсіздік талаптары
8. Хлор өндіру сынапты пайдалануды болдырмайтын мембраналық немесе диафрагмалы электролизерлермен жабдықталады.

9. Хлорды алу технологиясы регламенттік жұмыс тәртібінде технологиялық жабдық пен коммуникацияларда жарылыс қаупі бар хлор, су текті қоспалардың түзілу мүмкіндігін болдырмайды.

10. Хлорды электролиз әдісімен өндіру қажетті мөлшерде үздіксіз сумен, бумен, сығылған ауамен (азотпен) қамтамасыз етеді.

11. Хлорды электролиз әдісімен өндіру электрмен жарақтандыру сенімділігі бойынша бірінші санатты тұтынушыларға жатады.

12. Электрмен жарақтандыру сенімділігі бойынша бірінші санатты тұтынушыларға электролизерлер сериясы, хлор мен сутекті құйып алатын компрессорлардың электрқозғалтқыштары, хлорды кептіру бағанындағы күкірт қышқылын айналымға жіберуге арналған сорғылар, хлорды сіңіру жүйесі (санитарлық колонна) арқылы ерітіндіні айналымға жіберуге арналған сорғылар, мембраналы электролизерде тұздықты айналымға жіберуге арналған сорғылар, электр сілтілеріне арналған сорғылар, тұздықты электролизге беруге арналған сорғылар, тұз қышқылын электролизерге беруге арналған сорғылар, сұйық хлорға арналған сорғылар, сығылған ауаға арналған компрессорлар, сұйық хлорды өндіруге арналған тоңазытқыш қондырғыларының сорғылары, хлор толқынын шектеу желісінде қысымды арттыруға арналған сорғылар, авариялық желдету жүйесінің сорғылары, негізгі өндірістік орынжайларды авариялық жарықтандыру жүйесі, бақылау, басқару және аварияға қарсы автоматты қорғау жүйелері жатады.

13. Барлық электрлизерлер үшін жерден, оларға қосылған құбыр өткізгіштерден электрлік оқшаулағыштар қамтамасыз етіледі.

14. Электролиз залындағы хлор, сутегі, тұздық және басқа да коллекторлар, олармен байланысты барлық аппараттар жерден электрлік оқшауланады. Металл құбыр өткізгіштерді пайдалану кезінде электрлік оқшаулау ендірмелері, аспалар немесе оқшаулағыштар қолданылады.

15. Барлық электролизерлер штуцерлері электр өткізбейтін материалдардан жасалған қосқыштардың көмегімен немесе осы материалдардан жасалған ендірмелер арқылы коллекторларға қосылады.

16. Электролиздер мен коллекторларға қызмет көрсетуге арналған сатылар, баспалдақтар, алаңдар мен төсемдер жерден және металл құрылымдардан электрлік оқшауланады немесе электрлендірілмеген материалдардан жасалады.

17. Электролиз залындағы электрлік жүк көтеру құрылғылары жерден оқшауланады. Кран ілмегінің жерден оқшаулайтын кейінгі басқыштарының саны кемінде үшеу болуы қажет (полис паста ілмектері, көпірден арбаның рельстері, рельс астындағы құрылымдардан кранның рельстері).

18. Электрлік оқшаулағыш құрылғыларын (ендірмелер, оқшаулағыштар, аспалар және басқалары) ластанудан жүйелі түрде электрлік өткізгіш заттармен тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей тазаланады, кемінде 0,5·106 Ом кернеу қамтамасыз етілетін кернеуге тексеріледі.

19. Электролизерлерді шунтирлеу тұрақты немесе жылжымалы қысқа тұйықтағыштармен ашық күйінде жүзеге асырылады.

20. Қысқа тұйықтағыш жерден электрлік оқшауланады. Қысқа тұйықтағыштың байланыстырушы қабаттарын салқындату үшін тазартылған су (конденсат) қолданылады. Қосқыш шлангілер иілгіш электр өткізбейтін материалдардан дайындалады.

21. Электролиз залында жабдықты, құбыр өткізгіштерді электрхимиялық коррозиядан, токтың ағуынан қорғау қарастырылады. Токтың ағуын азайту үшін коллекторлардың металл учаскелері токты жинап ағызғышпен қорғалады. Токты жинап ағызғышты орнату орындары жобамен негізделеді. Электролизерден коллекторға электр сілтілерін құю ағысты тоқтатқыш арқылы жүзеге асырылады.

22. Электролизерлерді іске қосу алдында сутекті коллекторлар қалдық газдарда 2 % аспайтын көлемде оттегі құрамына дейін азотпен үрленеді.

23. Жарылыс қаупі бар сутегі мен ауа қоспаларының түзілуін болдырмау үшін сутегіні балауызға жинау кезінде үздіксіз азот немесе бу беріледі. Берілетін азоттың (будың) мөлшері жобамен негізделеді.

24. Технологиялық мақсаттар (хлорды басу, үрлеу, конденсаттау кезінде араластыру және басқалары) үшін пайдаланылатын ауа (азот) алдын ала механикалық қоспалардан тазартылады және құрғатылады. Құрғатылған газда 40ºС аспайтын шық нүктесінің температурасына сәйкес ылғалдың болуын қамтамасыз етеді.

25. Хлорды айдап қотару бөлімшелерінде үш компрессор орнатылады (біреуі-жұмыс істейтін, екіншісі-резервте).

26. Сутегін айдап қотару бөлімшесінде екі компрессор орнатылады, біреуі-резервтік.

27. Сіңіретін тұздықтағы және хлорды салқындату үшін араластыру тоңазытқышына берілетін судағы аммоний тұздарының қосылымы 10 мг/дм3 (аммиакқа қосқанда) аспайды.

28. Кептіру мұнаралары мен хлорды кептіру бөлімшесінің араластыру тоңазытқыштары мембраналық сақтандыру құрылғыларымен жабдықталады.

29. Электролиз залының жалпы хлор коллекторлары қысым мен ваккумнан сақтандыру гидро ысырмаларымен жарақталады.

30. Жалпы немесе қатардағы сутегі коллекторларында регламенттенген қысымнан артық болған жағдайда балауызға сутегі беру үшін гидро ысырма орнатылады.

31. Гидравликалық ысырмалар олардың қатып қалуын немесе тығындалуын болдырмайтын жағдайларда пайдаланылады.

32. Гидравликалық ысырма мен қысым көзі арасына ысырма құрылғысын орнатуға болмайды.

33. Жұмыс сұйықтығы ретінде күкірт қышқылы қолданылатын хлор компрессорларын қолдану кезінде басып тығыздау құбырында күкірт қышқылының тамшысын ұстау үшін құрылғылар қарастырылады.

34. Кептірілмеген сутегінің құбыр өткізгіштері конденсат бөлуге арналған құрылғылармен жарақталады.

35. Кептірілген сутегі жабдығы мен құбыры статикалық электрден қорғалады.

36. Электролиз залында, сутегін тазалау және кептіру, сутегі компрессорлары орынжайларында орынжайлардың жоғарғы аймағынан табиғи желдету қарастырылады. Жабын құрылғысы желдетілмейтін аймақтардың болуына жол бермейтіндей етіп орындалуы қажет.

37. Құбыр өткізгіштерде хлор компрессорларынан кейін компрессордың электрқозғалтқышын іске қосатын және тоқтататын жүйемен бұғатталған кері немесе қима клапандар орнатылады.

38. Хлорды сұйылту және сығымдау абгаздары, хлор ыдыстарын үрлейтін газдар тұтынуға немесе хлордан тазарту үшін сіңіру жүйесіне жіберіледі. Сақтандыру клапандарынан, мембраналық сақтандыру құрылғыларынан (электролизердің жарылатын мембраналарынан басқа) және құрамында хлор бар гидро ысырмалардан түсіру тазартқыштың сіңіру жүйесіне жеке құбыр өткізгіштер арқылы жіберіледі.

39. Электролиз бөлімшелерінде хлорды электролиз жүйесінен массалық үлесі 10-20 % сілті құрамы бар сілтінің сулы ерітіндісімен авариялық сіңіру жүйесі қарастырылады. Жобалық ток жүктемесі ең жоғары болғанда 10-15 минут ішінде барлық электролизер өндіретін хлорды сіңіру үшін жеткілікті сілтінің авариялық қоры қамтамасыз етіледі.

40. Агрессивті және ащы қотарып алуға арналған сорғылар тоттануға төзімді материалдардан жасалған табандармен немесе астаулармен жабдықталады.

41. Өндірістік ағынды сулар тасталатын әрбір цехта технологиялық регламентке сәйкес ағынды сулардың сапасын бақылау жүзеге асырылады.



1-параграф. Диафрагмалы әдіспен электролиздеу
42. Жалпы хлор коллекторында хлордағы сутегінің үлесі 0,5 % аспайды.

43. Топтық сутегі коллекторында сиретуді топтық хлор коллекторына қарағанда 5·10-5-15·10-5 МПа артық ұстау қажет.

44. Жалпы коллекторда сутегіндегі оттегінің көлемдік үлесі 0,5 % аспайды.

45. Технологиялық регламентте және АЖЖ қарастырылған жағдайлардан басқа, диафрагмалы электролизер серияларын ажыратуға болмайды.

46. Электролизерлерде диафрагманың жоғарғы бөлігіндегі анолит деңгейін реттеу және оның шекті рұқсат етілген шамадан төмендеген кездегі дабылы қамтамасыз етіледі.

47. Диафрагмалы электролиз залында тұрақты токты ажырату кезінде сутегі топтық сутегі коллекторларынан және катод кеңістігінен балауызға азотпен ығыстырылады.



2-параграф. Мембраналық әдіспен электролиздеу
48. Жалпы хлор коллекторында хлордағы сутегінің үлесі 0,2 % аспайды.

49. Электролизердің анод кеңістігінде 1·10-4-2·10-4 МПа сиретіледі. Қосымша қауіпсіздік шараларын әзірлеген жағдайда анод кеңістігінде қысыммен жұмыс істейтін электролизердің жұмыс істеуіне болады.

50. Электролизердің катод кеңістігінде 0,1·10-3-6·10-3 МПа қысым сақталады.

51. Жалпы сутекті коллекторда сутегіндегі оттегінің көлемдік үлесі 0,3 % аспайды.

52. Электролизерді іске қосу алдында мембраналардың тұтастығы, ал электролизерлердің герметикалығы тексеріледі.

53. Электролизлерде анолиттегі натрий хлориді қосылымын және католитте натрий гидроксид қосылымын автоматты қолдау қамтамасыз етіледі.

54. Электролизерді ажырату кезінде 1 сағат бұрын хлор және сутегі коллекторлары азотпен үрленеді.


3-параграф. Сынап әдісімен электролиздеу
55. Жалпы хлор коллекторында хлордағы сутегінің үлесі 1,5 % аспайды.

56. Амальгама ыдыратқыштарында 10-4-1,5·10-4 МПа кем емес сутегі қысымы болады. Қысымды бақылау сутегінің жалпы коллекторында орнатылған аспаптармен және әрбір ыдыратқыштарда жүзеге асырылады.

57. Сынап айналымын тоқтатқан және бір электролизерде сынап сорғысы тоқтаған кезде соңғысы автоматты түрде шунтирленеді. Жүктеме 50 кА болғанда электролизерді қолмен шунтирлеуге болады. Тұрақты токты ажыратқан кезде амальгама ыдыратқыштарына азот беріледі, тазалауға сутегін береді және электролизерлердегі тығындарды ашады.

58. Металл сынаптың ашық қабатына су құйылады. Сынап пен құрамында сынап бар шламдар герметикалы жабылатын сыйымдылықтарда сақталады.

59. Электролиз залында және сынапты бастапқы қалпына келтіру бөлімшелерінде ваккум-құбырлардың ажыратқыштары мен төгілген сынапты жинауға арналған буферлік сыйымдылықтар қарастырылады.

60. Өндіріс ағынды суды сынаптан жергілікті тазартқышпен жарақталады. Сынаппен ластанған шлам қайта өңдеуге жіберіледі.

61. Орынжайлардың хлормен және сынап буымен газдануын болдырмас үшін қосалқы орындардағы электролиздер сиретіледі.

62. Электролизердің қосалқы орындарынан абгаздар, анолитті хлорсыздандыру бағандарын үрлегеннен кейінгі ауа хлордан және сынаптан тазартылады.

63. Сынаппен жұмыс, ауа құрамында сынап болған орынжайларды жинау сынаппен, оның қосындыларымен және сынап толтырылған аспаптармен жұмыс істеу кезіндегі технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

64. Сынаппен жұмыс істейтін орынжайларда ауысым сайын жұмыс аймағының ауасында сынап буының болуына талдау жүргізіледі.



4-параграф. Тұз қышқылымен электролиздеу
65. Жалпы хлор колекторында хлордағы сутегінің үлесі 1 % аспайды.

66. Жалпы колекторда сутегіндегі хлордың үлесі 2,5 % аспайды. Жуып шайылғаннан кейін 1 мг/м3 аспайтын хлор болғанда сутегінің көлемдік үлесі кемінде 99,5 % қамтамасыз етіледі.

67. Электролизердің астынан агрессивті ортаның әсеріне төзімді тұғыр орнатылады, жалпы тұғырды электролиздердің тобына орнатуға болады.


5-параграф. Сұйық хлорды өндіру
68. Конденсация абгаздарында 4 % аспайтын сутегінің көлемдік үлесінің болуы қамтамасыз етіледі.

69. Хлор газын араластыру және конденсация абгаздарында 4 % аспайтын сутегінің көлемдік үлесінің болуын қамтамасыз ету үшін қажетті ауа (азот) мөлшері сұйылтудың температуралық өлшемдері мен жалпы сұйылтудың коэффициенті негізінде есептік жолмен анықталады. Сұйылту жүйесіне берілетін ауа берілетін хлор газы қысымынан кемінде 0,1 МПа артық қысыммен беріледі.

70. Хлорды сұйылтудың екінші кезеңіне өтетін абгаздарды араластыруға арналған ауа (азот) кептіріледі. Кептірілген ауа шығу нүктесінің температурасы екінші кезеңдегі тиісті конденсация температурасынан төмен болады.

71. Сұйық газ қоспаларын бөлу жүйесі газ фазасының сұйықтыққа өтуін және булы газ фазасымен сұйықтықтың ағып кетуін болдырмайтын фазалық бөлгіштермен жарақталады. Конденсация абгаздарының сұйық хлорды қабылдағыштарға өтуіне жол берілмейді.



3-тарау. Технологиялық жабдық, құбыр өткізгіштер және арматура
72. Сұйық хлорды сақтауға арналған сыйымдылықтар мынадай талаптарды ескере отырып қабылданады:

1) сұйық хлор бар ыдыстардың есептік қысымы кемінде 1,6 МПа болады;

2) материалдар мен ыдыс құрылымын таңдау кезінде ықтимал ең төменгі температурадан бастап ең жоғарғы температураға дейін ыдысты пайдалану жағдайларына сәйкес келетін температураның жұмыс диапазонында сенімді пайдалану мен және оның төзімділігі ескеріледі. Ашық алаңда, жылу берілмейтін орынжайларда орнатуға арналған ыдыстар үшін материалдарды таңдау кезінде осы аймақ үшін сыртқы ауаның абсолютті ең төменгі және ең жоғарғы температурасы ескеріледі;

3) ыдыс қабырғасының есептік қалыңдығы есептік пайдалану мерзімін, есептік қысымды және коррозияны қалпына келтіру үшін кемінде 1 мм үстемелер (ыдыстардың штуцерлерінде коррозиядан қорғау кемінде 2 мм қабылданады).

73. Пайдалану кезінде қысымы шекті мәнінен артық болатын технологиялық жабдық пен сұйық хлор коммуникациялары сақтандырғыш құрылғылармен жарақталады.

74. Сақтандыру клапанын хлордың коррозиялық әсерінен қорғау үшін оның алдынан мембраналық сақтандыру құрылғысы орнатылады, бұл жерде мембрананың бүтін болуын ақылау құралы қарастырылады.

75. Мембрананы іске қосу және сақтандыру клапанын ашу қысымын, оның өткізгіш қабілетін, оның ішінде вагон-цистерналар үшін хлорды қауіпсіз пайдалануды ескере отырып, жобаны немесе жабдықты әзірлеуші анықтайды.

76. Сұйық хлоры бар ыдыстың төменгі жағында сұйық хлорды алу үшін штуцерлерді орнатуға болмайды.

77. Сұйық хлорды сақтауға арналған сыйымдылық жабдығында (резервуарлар, танктер, жинағыштар) сұйық хлорды құю және ағызу желілері, абгаз хлоры желілері, тығыздауға арналған сығылған газ желілері бір-бірінің артынан тікелей орнатылған екі ысырма вентилмен жарақталады, оның біреуі қашықтықтан басқарылады, ал екіншісі ыдыстың штуцеріне қосылған қол жетегімен басқарылады.

78. Жабдық пен құбыр өткізгіштерді жылудан оқшаулау және оны орнату қажеттілігі жобада анықталады.

79. Хлор ортасында жұмыс істейтін жылу алмастырғыштардың, буландырғыштардың және конденсаттардың құбыр бөлігі жігі жоқ құбырлардан дайындалады. Корпус пен құбыр бөлігінің материалы пайдалану қысымына және температуралық жағдайларға сәйкес қабылданады.

80. Сұйық және газ тәріздес хлорға арналған құбыр өткізгіштер мынадай толықтыруларды ескере отырып қабылданады:

1) сұйық хлор құбыр өткізгішіне арналған есептік қысым 1,6 МПа төмен болмауы қажет;

2) хлор құбыр өткізгіштері хлорға төзімді материалдардан жасалады және температура мен қысымның жұмыс интервалында сенімді түрде пайдалануды қамтамасыз етеді;

3) хлор құбыр өткізгіші қабырғасының қалыңдығы есептік қысым мен коррозияға арналған қоспаны ескере отырып қабылданады. Коррозияға арналған қоспа шамасы 1 мм кем болмауы тиіс;

4) регламенттенген қысым атмосфералық қысымнан төмен болатын хлор өткізгіштерді қысым атмосфералық (регламенттенген қысымнан жоғары) қысымнан жоғары болған жағдайда хлор өткізгішті хлор беру көзінен автоматты ажырату қамтамасыз етілген кезде газ тәріздес хлор ортасында төзімді, шыны немесе полимер материалдан дайындауға болады.

81. Сұйық хлор құбыр өткізгіштерін төсеу кезінде жіктерді пайдалана отырып қосылған жіксіз болат құбырлар қолданылады. Фланецті қосқыштарды арматураларды орнату және жабдыққа қосу орындарында, пайдалану шарты бойынша құбырларды тазалау және жөндеу үшін мерзім сайын бөлшектеу қате болатын учаскелерде қолдануға болады. Фланецтердің саны ең аз болуы қажет. Дәнекерлеуді пайдалана отырып, қосылатын фланецтерді дайындау кезінде құбыр материалымен қатар қолданылатын болат пайдаланылады.

82. Хлор құбыры иілгішінің қисықтық радиусы кемінде құбырдың үш диаметріндей қабылданады. Егер мейлінше көбірек иілгіш қажет болса, негізгі құбырға дәнекерленетін тұтастай иілген иіндер пайдаланылады.

83. Хлорды тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер, әдетте төмендегідей шарттар қамтамасыз етілетін етіп эстакада бойымен төселеді:

құлайтын заттардан қорғау (құбыр өткізгіштердің үстінен көтергіш құрылғыларды және тез шашылатын қалдықтарды орналастыруға болмайды);

көлік құралдары жағынан ықтимал соққыдан қорғау, ол үшін құбыр өткізгішті қауіпті учаскелерден қашық орналастырады немесе олардан барьерлермен бөледі. Көлік магистралдарымен қиылысу орындарында гильзаларға салынған хлор құбыр өткізгіштерін жер асты төсеуге болады. Құбыр өткізгіштері коррозиялық-белсенді және жанғыш заттардың әсерінен қорғау. Сұйық және газ тәріздес хлор құбырларын жылу беру көздерінен алыс және жанғыш заттары бар құбырлардан 1 м кем емес орналасады;

мықтап бекіту, ыңғайлы қызмет көрсету және тексеру.

84. Зауыт аралық хлор құбырларын, қорғалмайтын аймақта өтетін құбырларды, ұзындығы 1 м аспайтын сұйық хлор құбырларын, жер асты тәсілімен төселетін құбырларды жобалау және орнату кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша шаралар қарастырылады.

85. Хлор өткізгіштердің фланецті қосқыштарына арналған төсемдер парониттен, фтор қабаттан, қорғасыннан немесе хлорға төзімді басқа да материалдардан дайындалады.

86. Төсемдерді қайта пайдалануға болмайды. Хлорға төзімді резиналардан жасалған резина төсемдерді вакуумды желілерде ғана қолдануға болады. Вакуумды құбырлардың бөліктері штуцерлік-кесілген немесе фланецті түрде қосылады.

87. Хлор құбырларында хлорға арналған тиек арматурасы қолданылады. Тиек арматурасының ысырма тығыздығы ысырмалардың герметикалық нормалар бойынша герметикалығы «В» класынан төмен емес болуы қажет. Хлор ортасына төзімді және температура мен қысымның жұмыс диапазонында арматураны сенімді түрде пайдалануды қамтамасыз ететін құрылымдық арматура материалдары қолданылады.

88. Тиек арматурасы қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарда орнатылады.

89. Жұмыс температурасы -40-70°С дейін сұйық хлор құбырлары, есептік ең төменгі температурасы -40°С төмен климаттық аймақтарда орналасқан сыртқы хлор құбырлары 10Г, 09Г2С, Х18Н10Т маркалы болаттан немесе басқа да суыққа төзімді болаттардан жасалады. Құбыр өткізгіштер үшін материалдар мен бұйымдарды таңдау кезінде ауаның есептік температурасы үшін едәуір салқын бес күндік орташа температураны алады.

90. Хлор құбыр өткізгіштерін сыртқы қабырғалар бойымен және хлор өндірілмейтін, сақталмайтын және пайдаланылмайтын қосалқы, қойма, әкімшілік, тұрмыстық, өндірістік және басқа да орынжайлар арқылы төсеуге болмайды. Құбыр өткізгіштерді хлор өндірілетін, пайдаланылатын және сақталатын орынжайлардың сыртқы қабырғаларының бойымен, осы орынжайлардың сыртқы қондырғыға қарай шатыры арқылы төсеуге болады.

91. Хлор тасымалдайтын құбыр өткізгіштерге басқа құбырларды (дәнекерсіз бекітілетін жылу көздерінен басқа) бекітпейді.

92. Қос жабылған вентильдер арасында құбырларда сұйық хлордың тұрып қалу мүмкіндігін болдырмайтын орындарда құбыр жолымен сұйық хлорды тасымалдау кезінде құбырды регламенттеген қысымнан артуынан қорғау үшін құрылғылар қарастырылады.

93. Газ тәріздес хлорды құбыр өткізгішпен тасымалдау кезінде температура төмендегенде аппараттар мен құбыр өткізгіштерде хлор конденсатының мүмкіндігін болдырмайды:

газ тәріздес хлор құбыр өткізгіштерінің сыртқы қабаттарын жылу көздерімен, электрлік жылыту кабельдерімен қыздыру, бұл ретте хлор қысымы мен температурасының мәні қабылданған есептік шамалардан аспайды және технологиялық регламентте көрсетіледі;

аппаратура мен құбыр өткізгіште хлор буының парциалды қысымының төмендеуі (қысым шамасы конденсация температурасында хлор буы қысымынан төмен болады);

орынжайдан тыс орнатылған аппараттарды жылу тасығыштармен қыздыру, бұл ретте хлор қысымы мен температурасы қабылданған есептік шамалардан аспайды және технологиялық регламентте көрсетіледі.

94. Сұйық және газ тәріздес хлор құбырларын төсеу кезінде коммуникациялардың ұзындығының қысқа болуы қамтамасыз етіледі, салбыраңқылар мен іркілу аймағының түзілуін болдырмайды. Хлор құбыр өткізгіштерін төсеу кезінде компенсаторлар қарастырылады.

95. Хлор құбыр өткізгіштері өздігінен ағыспен құбырларды тіреу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында беретін және (немесе) қабылдайтын сыйымдылықтар жаққа қарай көлбеумен төселеді.

96. Құрамында хлор бар құбыр өткізгіштер үшін оларды құрғақ (шық нүктесінен -40°С) сығылған ауамен (азотпен) үрлеу жолымен немесе үрлеу газында 1 мг/м3 аспайтын қалдық хлор қосылымына дейін, кезекті құрғақ ауамен (азотпен) үрлеп вакуумдау арқылы тіреу мүмкіндігін қарастырады.

97. Сұйық, газ тәріздес хлорды тасымалдауға арналған цех аралық құбыр өткізгіштер тиек арматурасы бар штуцерлермен және оларды тіреу, үрлеу және пресстеу үшін бастырмалармен жарақталады.

98. Технологиялық жабдық пен құбыр өткізгіштерді орналастыру кезінде аппаратура мен оның элементтеріне қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау кезінде қолайлылық, жабдық пен құбыр өткізгіштердің сыртқы қабатының күйін көзбен бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

99. Хлор ортасында жұмыс істейтін жабдық пен құбыр өткізгіштің сыртқы қабаты тотығуға қарсы жабынмен жабылады.

100. Құбыр өткізгіштерге ажырату түстерін, ескерту белгілерін және таңбалау қалқандарын қояды.

101. Шартты диаметрі 50 мм және одан астам газ тәріздес хлор құбыр өткізгіштері мен барлық сұйық хлор құбыр өткізгіштері паспорттармен қамтамасыз етіледі.

102. Хлор құбыр өткізгіштері құрғақ ауамен (азотпен) төзімділікке және тығыздығына сыналады.

103. Хлор құбыр өткізгіштері іске қосу алдында: үрлеу немесе кейін үрлеп вакуумдау арқылы кептіріледі; құбырға газ тәріздес хлор қосылған және сығылған ауаны (азотты) беру арқылы жұмыс қысымында герметикалығына тексеріледі. Құбыр өткізгіштерді пневматикалық сынау кезінде қысымның шекті төмендеу жылдамдығы сағатына 0,05 % аспайды. Құбырларды герметикалығына тексеру тәртібі технологиялық регламентте регламенттеледі.

104. Құбырларды герметикалығына тексеру, әдетте, құбырларды, тиек арматурасын және жабдықты монтаждағаннан, жөндегеннен және тексергеннен кейін жабдықпен бірге жүргізіледі.

105. Хлор құбырын, тиек арматурасын және сақтандыру клапандарын тексеру көлемі мен мерзімдері олардың жағдайына сәйкес қабылданады.

106. Сақтандыру клапандарын сынау кезінде сынақ нәтижелерінің диаграммасын келесі сынаққа дейін сақтай отырып, өзі жазатын тіркеу құралдарының көмегімен клапандардың іске қосылу қысымын тіркеу қамтамасыз етіледі.

107. Пайдалануға беру алдында хлормен жұмыс істеуге арналған барлық жабдық пен құбырлар бөгде қоспалардан босатылады, дымқылдар хлор аппаратурасын кептіру және оны бақылау бойынша технологиялық регламентке сәйкес кептірілген ауамен үрленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет