«Хорды дирижерлау» пәнінен ОҚу -әдістемелік кешені



бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі301.5 Kb.
#185473
1   2   3

Жеке сабақ № 10,25.

Әуеннің басталу және аяқталу белгілері.



  1. 1-2 сыныпқа арналған мектеп әнін өз сүйемелдеуінде орындау


Әдістемелік нұсқау:

Дирижердің хорды басқаруда ең жауапты міндеттерінің бірі музыкалық шығарманың басталуын, яғни хордық бастап айтып кетуін көрсету.

Енді, дирижер әннің басталуын хорға қалай көрсету керек, міне соған келейік. Дирижер ән салуға даяр тұрған хордың алдына аз кідіріп турады, бұдан кейін оң қолын немесе екі қолын катар жоғары көтеріп, әзірленіп тұрады (қол көтерілгенде иыктан жоғары болмасын). Бүл кезде, хор дирижердың қолына қарап, әнді бәрі бір бастауға әзірленіп, тым-тырыс тұрады. Дирижер хордың әнді бастауға әзірленіп тұрғанын байқап өткеннен кейін, әнді бастайтын болады.

Әнді бастағанда дирижерлық козғалыс әннің өлшеуіне байланысты көрсетіледі. Егер де, әннің өлшеуі 2/4 екіге жүретін болса дирижердің қолыньің козғалысы әннің өлшеуінің бірінші үлесіне жоғарыдан томен түседі, екінші үлесіне жоғары көтеріледі. Әннің өлшеуінің бірінші үлесіне дирижердің қолының қозғалысы төмен түскенде хор іштеріне лезде дем алып, әнді бәрі бірден бастап кететіп болады.

Хордың дем алуын дирижердің қозғалыспен көрсетуінің ерекше кыйындығы сол, дирижер хорды бастаған кезде-ақ шығарманың, орындалу сыйпатымен, екпінімен, динамикалық шарт белгі-лерімен білдіреді. Сондықтан, тыныс алуды көрсететін дирижерлық қозғалыс әннің басталатын екпіні меп сыйпатында болуы керск.

Тыныс алуды көрсету қозғалысы әннің басталар алдындағы үлесі болып саналады. Әннің бірден басталуын көрсету хор басқаруда ең қауіпті міндеттің бірі болып саналады. Сондықтан, әншілердің бастапқы тыныс алуы мен әннің басталуын көрсету өзара тығыз байланысты.

Кейде, әншілердің тыныс алысын дәл, уақытында көрсетпеушілік, әннің дұрыс басталу шартын бұзады.

Қорытып айтқанда, әннің басталуын дирижерлық қыймыл мен көрсету мына негізгі кезеңдерден құралады; 1. Дирижер әншілер-дің назарын өзіне аударады; 2. Дирижер хордың барлық назарын қолына аударады ; 3. Әннің бастар үлесінің алдында әншілердің тыныс алысын көрсетеді; 4. Әннің бірден басталуын көрсетеді.

Ән көбінесе тактының бірінші күшті үлесінен басталады. Ал, кейде ән жарты тактыдан, жай үлесінен де басталады.

Бүл жағдайда, дем алуды көрсетудің екі түрлі жолы бар. Бірінші жолы; дирижер әннің басталуын көрсететін үлестің алдындағы ескерту үлесіне аз қыймыл жасай отырып, әннің басталатын нақты ұсақ үлесін акцентпен көрсететін болады.


Екінші жолы: дирижер әннің басталар алдында ешбір ескертулерін көрсетпей-ақ, әнді тікелей акцент жасап, ұсақ үлесінен көрсетіп бастайтын болады.

Әннің басталуын көрсететін бұл екі түрлі жолы хор практикасында бірдей пайдаланылады.

Бір еске алатын нәрсе, әннің басталуын көрсетудің екінші жолын игеру, дирижер мен хорға өте үлкен жауаптылық артады, өйткені, бірінші жолы әннің басталуы алдында ескерту қыймылы-мен қатар, бірден әннің екпінін де көрсетеді.

Әннің басталатынын көрсететін ұсақталған үлесі неғұрлым қысқа болған сайын, дирижердың әнді бастауда көрсететін кыймылы мен акценті де қысқа, әрі жігерлі болу керек.

Егер де, хордың (қатты немесе жай үлесінен басталуына қарамастан) инструменталъдық кіріспе музыкасы болатын болса, ол әннің басталуына кеп жеңілдік туғызады, өйткені, кіріспе музыка әннің мелодиясын, тональдігін, екпінін, өлшеуін және басталатын дыбысына шейін алдын – ала білдіріп отырады.

Хорда инструментальдық кіріспе музыка ойналғанда, біріншіден - әншілердің барлық назарын кіріспе музыкаға аударып,

екіншіден — әнді бірден бастап айтып кету жағына мұқыят қарау керек.

Кысқасы, дирижер хорға арналған музыкалық шығарманың бір тұтас көркем шығарма екенін еске ала отырып,әннің жеке өзін ғана басқарумен тынбай, оның инструментальдық кіріспе музыкасы мен хордың аяқталу музыкасын да бір косып басқара білуі керек.

Дирижердың хорды басқаруда тағы бір жауапты міндеті — музыка шығармасының аяқталуын көрсету.

Музыка шығармасының аяқталуы хорда түгел бір уакытта және музыка шығармасының сыйпатына сай бітуі керек. Енді, дирижердің әннің аяқталуын хорға көрсету жолын түсіндірейік.

Ән аяқталардан аз уақыт бұрын, дирижер әннің аяқталуын хорға өзінің мимикалық қозғалысымен ескертіп қояды. Хор әнді бастаған кезде дирижердың қолына қарайтын болса, ән аяқталар кезде де дирижерға назарын аударады. Ән аяқталарындағы өлшеуінің бір үлесінен бұрын дирижер әнді бітіруге ақтық қыймыл көрсетеді. Бұл қыймыл әннің сыйпатына, аяқталар кезіндегі екпініне сай берілгені жөн, өйткені әннің аяғы тым жайлап кетсе, хор жаңылысып, соның әсерінен жартысы бұрын, жартысы соң бітіруі мүмкін.

Сондықтан, әннің аяқталуын біркелкі екпінінде, аяқталатын дыбысты толық айтып бітіру керек. Басқаша айтқанда, әннің аяғындағы дыбыс ширектік нота болатын болса, дирижердың қолы екінші ширектік нотада бітетін болады. Бұл кезде хор әнді бірдей аяқтайтын болады. Бүл хор концертте жеке музыкалық шығарма ретінде орындалатын болса, оның аяқталу шартын талқылап өтейік.

Хордың үні соңғы тактысына көшеді. Ән созылмалы, кең айтылады. Дыбыс бірден-бірге бәсеңдеп, өше береді.

Әннің соңғы тактысында дирижер орындаушылардың назарын: өзіне аударады, әннің аяқталуын жай қыймылмен тәртінші үлесіне көрсете келіп, келесі тактының бірінші үлесіне әнді аяқтайтын болады.

Әнді аяқтауға ескерту дұрыс, уақытында көрсетілмесе әншілер дыбысты аяқтай алмай, жаңылып қалуы мүмкін.

Сөйтіп, әннің аяқталуын көрсету мына негізгі кезеңдерде тұрады: 1. Әншілердің назарын дирижерге аудару; 2. Әннің аяқта-луын ескертіп қыймыл көрстеу; 3. Әннің нақты аяқталуын, яғни ды-бысты бірден аяқтауды көрсетіп қыймыл жасау.
Жеке сабақ № 11,26.

Сүйемелмен орындалатын хор шығармасымен танысу.



  1. Хормен жұмыс істеу әдістерін қабылдауға жағдай туғызу.

Әдістемелік нұсқау:

Дирижердің хорды басқаруда ең жауапты міндеттерінің бірі музыкалық шығарманың басталуын, яғни хордық бастап айтып кетуін көрсету.

Енді, дирижер әннің басталуын хорға қалай көрсету керек, міне соған келейік. Дирижер ән салуға даяр тұрған хордың алдына аз кідіріп турады, бұдан кейін оң қолын немесе екі қолын катар жоғары көтеріп, әзірленіп тұрады (қол көтерілгенде иыктан жоғары болмасын). Бүл кезде, хор дирижердың қолына қарап, әнді бәрі бір бастауға әзірленіп, тым-тырыс тұрады. Дирижер хордың әнді бастауға әзірленіп тұрғанын байқап өткеннен кейін, әнді бастайтын болады.

Әнді бастағанда дирижерлық козғалыс әннің өлшеуіне байланысты көрсетіледі. Егер де, әннің өлшеуі 2/4 екіге жүретін болса дирижердің қолыньің козғалысы әннің өлшеуінің бірінші үлесіне жоғарыдан томен түседі, екінші үлесіне жоғары көтеріледі. Әннің өлшеуінің бірінші үлесіне дирижердің қолының қозғалысы төмен түскенде хор іштеріне лезде дем алып, әнді бәрі бірден бастап кететіп болады.

Хордың дем алуын дирижердің қозғалыспен көрсетуінің ерекше кыйындығы сол, дирижер хорды бастаған кезде-ақ шығарманың, орындалу сыйпатымен, екпінімен, динамикалық шарт белгі-лерімен білдіреді. Сондықтан, тыныс алуды көрсететін дирижерлық қозғалыс әннің басталатын екпіні меп сыйпатында болуы керск.

Тыныс алуды көрсету қозғалысы әннің басталар алдындағы үлесі болып саналады. Әннің бірден басталуын көрсету хор басқаруда ең қауіпті міндеттің бірі болып саналады. Сондықтан, әншілердің бастапқы тыныс алуы мен әннің басталуын көрсету өзара тығыз байланысты.

Кейде, әншілердің тыныс алысын дәл, уақытында көрсетпеушілік, әннің дұрыс басталу шартын бұзады.

Қорытып айтқанда, әннің басталуын дирижерлық қыймыл мен көрсету мына негізгі кезеңдерден құралады;

1. Дирижер әншілер-дің назарын өзіне аударады;

2. Дирижер хордың барлық назарын қолына аударады ;

3. Әннің бастар үлесінің алдында әншілердің тыныс алысын көрсетеді;

4. Әннің бірден басталуын көрсетеді.

Ән көбінесе тактының бірінші күшті үлесінен басталады. Ал, кейде ән жарты тактыдан, жай үлесінен де басталады.

Бүл жағдайда, дем алуды көрсетудің екі түрлі жолы бар. Бірінші жолы; дирижер әннің басталуын көрсететін үлестің алдындағы ескерту үлесіне аз қыймыл жасай отырып, әннің басталатын нақты ұсақ үлесін акцентпен көрсететін болады.

Екінші жолы: дирижер әннің басталар алдында ешбір ескертулерін көрсетпей-ақ, әнді тікелей акцент жасап, ұсақ үлесінен көрсетіп бастайтын болады.

Әннің басталуын көрсететін бұл екі түрлі жолы хор практикасында бірдей пайдаланылады.

Бір еске алатын нәрсе, әннің басталуын көрсетудің екінші жолын игеру, дирижер мен хорға өте үлкен жауаптылық артады, өйткені, бірінші жолы әннің басталуы алдында ескерту қыймылы-мен қатар, бірден әннің екпінін де көрсетеді.

Әннің басталатынын көрсететін ұсақталған үлесі неғұрлым қысқа болған сайын, дирижердың әнді бастауда көрсететін кыймылы мен акценті де қысқа, әрі жігерлі болу керек.

Егер де, хордың (қатты немесе жай үлесінен басталуына қарамастан) инструменталъдық кіріспе музыкасы болатын болса, ол әннің басталуына кеп жеңілдік туғызады, өйткені, кіріспе музыка әннің мелодиясын, тональдігін, екпінін, өлшеуін және басталатын дыбысына шейін алдын – ала білдіріп отырады.

Хорда инструментальдық кіріспе музыка ойналғанда, біріншіден - әншілердің барлық назарын кіріспе музыкаға аударып,

Екіншіден-әнді бірден бастап айтып кету жағына мұқыят қарау керек.

Кысқасы, дирижер хорға арналған музыкалық шығарманың бір тұтас көркем шығарма екенін еске ала отырып,әннің жеке өзін ғана басқарумен тынбай, оның инструментальдық кіріспе музыкасы мен хордың аяқталу музыкасын да бір косып басқара білуі керек.

Дирижердың хорды басқаруда тағы бір жауапты міндеті — музыка шығармасының аяқталуын көрсету.

Музыка шығармасының аяқталуы хорда түгел бір уакытта және музыка шығармасының сыйпатына сай бітуі керек. Енді, дирижердің әннің аяқталуын хорға көрсету жолын түсіндірейік.

Ән аяқталардан аз уақыт бұрын, дирижер әннің аяқталуын хорға өзінің мимикалық қозғалысымен ескертіп қояды. Хор әнді бастаған кезде дирижердың қолына қарайтын болса, ән аяқталар кезде де дирижерға назарын аударады. Ән аяқталарындағы өлшеуінің бір үлесінен бұрын дирижер әнді бітіруге ақтық қыймыл көрсетеді. Бұл қыймыл әннің сыйпатына, аяқталар кезіндегі екпініне сай берілгені жөн, өйткені әннің аяғы тым жайлап кетсе, хор жаңылысып, соның әсерінен жартысы бұрын, жартысы соң бітіруі мүмкін.

Сондықтан, әннің аяқталуын біркелкі екпінінде, аяқталатын дыбысты толық айтып бітіру керек. Басқаша айтқанда, әннің аяғындағы дыбыс ширектік нота болатын болса, дирижердың қолы екінші ширектік нотада бітетін болады. Бұл кезде хор әнді бірдей аяқтайтын болады. Бүл хор концертте жеке музыкалық шығарма ретінде орындалатын болса, оның аяқталу шартын талқылап өтейік.

Хордың үні соңғы тактысына көшеді. Ән созылмалы, кең айтылады. Дыбыс бірден-бірге бәсеңдеп, өше береді.

Әннің соңғы тактысында дирижер орындаушылардың назарын: өзіне аударады, әннің аяқталуын жай қыймылмен тәртінші үлесіне көрсете келіп, келесі тактының бірінші үлесіне әнді аяқтайтын болады.

Әнді аяқтауға ескерту дұрыс, уақытында көрсетілмесе әншілер дыбысты аяқтай алмай, жаңылып қалуы мүмкін.

Сөйтіп, әннің аяқталуын көрсету мына негізгі кезеңдерде тұрады:

1. Әншілердің назарын дирижерге аудару;

2. Әннің аяқта-луын ескертіп қыймыл көрстеу;

3. Әннің нақты аяқталуын, яғни ды-бысты бірден аяқтауды көрсетіп қыймыл жасау.


Дирижерлық орындаушылықтың үш элементі «Көңіл аудару « Тыныс алу» «Түсу»

«Дыбыстың аяқталу кезеңі». Аяқтау және аяқтау үшін көрсетілетін

қосымша қимылды дайындау.Штрихтарды көрсету заңдылығы legatj,

сызықтың игіштігі жұмсақтық нүктеге түсу және non legato.

Дирижерлық ету тәсілдерінің негізінде екі үлестік, үш үлестік қол Музыка мұғалімін дайындаудағы дирижерлық класстың қызметі. Балалар хор коллективтерін ұйымдастыру. «Хордың міндеттері» пәнінің міндеттері жайлы түсіндіру.

Дирижерлық аппаратты еркімен жұмсарту мен босату үшін жаттығулар жасау.

Дирижердың негізгі позициялармен, дириж-қ қимылдардың элементтерімен жұмыс.

Дирижерлық орындаушылықтың алғашқы үш элементі: «Көңіл аудару» «Тыныс алу» «Дыбыстық аяқталу» кезеңімен жұмыс.

Дирижерлық техниканың әдістерімен жұмыс, өлшемдерге байланысты тактілеу (метроритм).

Дирижерлық схемасын үйрену. Тактыдағы әр түрлі үлестерге «бастау» және «аяқтау».



Жеке сабақ №12,27.

Хор шығармасын дирижерлау.



  1. Жаттығуларды күрделендіру.

  2. Хор партияларын үйрену

  3. Партитура ұғымына түсініктеме


Жеке сабақ №13,28.

Шығармадағы динамикалық белгілер.

1. Партитураны жаттау, есте сақтау.


  1. Партитурадағы үзіліс, стаккато, синкопалық ырғақтармен жұмыс.

  2. Шығарманы жатқа орындау.


Әдістемелік нұсқау:
Динамика – күшейту дегеніміз ,дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі, шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы , орындаушылық ерекшеліктеріне дыбысты күшейту ,азайту динамика белгілері арқылы көрсетіледі .Динамика белгілері орындау мағынасын білдіретін италия сөзінің бас әріпімен кейін арнайы белгілерімен белгіленеді .

Негізгі динамикалық белгілер :

P - ақырын жай .

S - қатты

mp – жай

mf – орташа

PP – өте ақырын жай

SS – өте қатты

sf – кенеттен күшейту .



- бірте- бірте қатты .



- бірте-бірте пәсейту .
Композитордың музыкалық шығармасында жан дүниесін, сезімін,

ойын , көңіл-күйі, шығарманың бай көрінісі қамтылады. Дирижер өзінің шеберлігімен әр түрлі құбылмалы, бірте-бірте ойда жоқта кездесетін динамикалық белгілердің композитордың шығармасының көңіл-күйін көрсетуі тиіс. Музыкалық шығармадағы динамикалық бояуларды анық көрсету үшін дирижер ұтымды оң қолын пайдаланады . ұтымды ролі, қимыл түрлері: күшті динамиканы үлкен, ұзақтау қимылмен, әлсіз кішкентай, қысқа қимылмен көрсету .

Біртіндеп динамиканың ұлғаюы - қимылмен бірте-бірте ұлғайып көбее береді, динамикасы әлсірегенде, жай темпте, музыканың баяу характерінде мәің қимыл, ал жылдам екпінде, қуатты музыкада – кіші қысқа қимылмен, қол бұлшық еттеріне көп күш түседі , соған байланысты қимылдар қуатты болады. Динамиканың анық көрсету роль жоғары, орташа, төменгі болып бөлінеді. Күшті динамика - күшті, орташа динамика -орташа, ал әлсіз динамика -төмангі деңгейді көрсетеді . Динамикалық өзгерістерінің салдарынан –қимылдардың деңгейіде өзгереді. Сол қолмен дирижерлау барысында алақанымен көтерілуі жоғары ұсыныс бірте –бірте күшейту «crescendo», асықпай қолдың түсірілуі бірте –бірте динамиканың әлсіреуі «diminuendo». Динамикалық әлсіреудің барысында басты, иықты еңкейтуге болмайды, дирижер корпусы өз қалпында тұрады. Хор айтушылардың барлығына дирижер анық көріну үшін биіктеу орында тұрады .

Тактілеу барысында сол қолдың қимылын көрсету, оң қол қимылына қатысты. Бет әлпет мимикасыз күшейген немесе әлсіреген динамикалардың қызметі көрінбейді. Ең күшті «fortissimo» белгісінде ең үлкен жестермен көрсетудің қажеті жоқ. Күшті немесе әлсіз айтып көрсету түстарын бас изеу арқылы көрсетуге болады, бірақ өте жиі емес. Айтылған барлық ескертулерді орындау, шығарманың өз деңгейінде жеңіл әрі ұтымды, динамикелық блгілері анық, бояуын анық көрсету - диржердың профессионалды мәреге жетуі.

Әннің орындалуында дыбыстың динамикалық нюансировкасы — шығу күші дирижердың қолының кыймылына байланысты. Қолдың қыймылы ұлғайған сайын дыбыстың шығуы күшейеді, ал қолдың қыймылы кішірейген сайыи дыбыстың шығу күші бәсендейді.

Бұл динамикалық шартты белгілерді тек қана қолдың қыймылымен емес, түрлі жест-қыймылдар арқылы да көрсетуге болады.

Дыбысты күшейту қажет болғанда дирижердың қыймылы өте жігерлі, екпінді болады, ал, дыбысты бәсеңдету қажет болғанда дирижердың қыймылы бәсеңдеу көрсетіледі.

Хор практикасында дыбысты күшейту немесе бәсеңдетуді көрсететін түрлі қыймылдар қолданылады, дегенмен, соңғы екі әдісті қоданған жөн.

Әнде дыбыстың шығару сыйпаты да, жоғарыдағы сыякты, қолдың қыймылдарымен көрсетіледі.
Жеке сабақ №14,29.

Хорға арналған шығармаларды, нотаға қарап оқу. (ЧХП)



  1. Шығармадағы дикциямен жұмыс.

  2. Шығармадағы қазақ әріптерімен жұмыс.

  3. Сөйлем соңындағы дауысты, дауыссыз дыбыстармен жұмыс. Әр партиямен жеке жұмыс жүргізу.

Дирижер музыкалық шығарманы хормен баскарып жаттығдан бұрын, музыкалық шығармамен танысып, оны жаксы үйреніп алуы керек. Дирижер хор партитурасындағы нотамен жазылған әнімен, текстісімен үйрету, оны сахнада орындалу кезендерін де білуі керек. Дирижердың хор партитурасын үйренуі екі кезеннен құралады: бірінші - дирижердың партитураны өздігінен үйренуі; екінші— үйренген шығарманы хорға үйретуі.Үйретілетін музыкалық шығарманы толық менгеру үшін, оның музыкасы мен текстісін білумен қатар, әнді жазған композитордың творчествосы не-месе халық әні болатын болса.ол халықтың әншілік творчествосымен де танысқаны өте пайдалы. Мұнымен қатар, әннің жазылу стилі,көркемдігі және композитор мен ақынның творчестволық бе-талысымен танысқан да жөн. Әнді бастап үйренгенде, әуелі әннің текстісін толық үйреніп алып, кейін музыкасын уйренуге көшу керек.

Музыкалық-теориялық талқылау, үйрену жағына мыналар кіреді: шығарманың музыкалық тематика жағын талқылап, оның музыкасы мен текстісінің өзара байланыстылығын, музыкалық формасын, ладотональдық планын, өлшеуін білу; әннің екпінін, гармониясын, дұрыс жүргізу ретін, орындалу мәнерлігін толық білу.

Бұдан кейін, музыкалық шығарманың жазылуы жағынан танысу керек. Бұган әр партиялардың дауыс мөлшерін, ерекшеліктерін, тесситурасын білу, әндегі ыргақтылық пен түрлі интервалдарды интонациялық жағынан таза, дәл айту сияқтылар жа-тады.

Әннің әр дауыс партиясында ән үстінде дем алатын жерлерін де белгілеу керек. Әннің текстісін әншілік пен дпкциялық жағына айырып, түсініп алу керек. Мұнымен қатар, хор партияларының арасындағы ансамбльдің типтері, тесситуралық жоғарлылығы мен музыкалық тематикасы жағынан да айыру керек.






Жеке сабақ № 15,30.

Музыкалық көркем бейнесінің ашылуымен жұмыс.

1. Шығарманы көркем орындау әдістері.

2. Поэтикалық сөз текстімен музыкалық ырғаққа сәйкес келуі



Әдістемелік нұсқау:
Дирижер деп басқарушыны, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындатып шығатын үйірме бастығын айтамыз.

Басқарушы - дирижер өзінін (жест)-қыймылы аркылы орындаушы коллективке әсер етеді.

Дирижерлық шеберлік әруақытта дирижерлық қыймылдың негізгі техникасын үйреніп дағдыланудан басталады. Енді, дирижерлық аппараттың негізгі қыймылдарымен танысалық. Дирижер қолының қозғалыстары біркелкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай, үнемді, дәл және белгілі бір қозғалыста болу керек.

Дирижер әнді дирижерлық қыймылмен басқарып тұрғанда, бет алды ашық, кейде мимикалық қозғалысты және орындаушы-ларға батыл қарап тұрғаны жөн.

Дирижер орындалатын музыка шығармасынын, партитурасын жатқа білуі керек:

Дирижердың ерні дикциялық жағынан жаттығып, кейде ешбір дыбыссыз сөйлей алатын болуы керек. Дирижердің денесі, кеудесі, иығы түзу, берік тұруы керек. Дирижер хорды басқарып тұрғанда, денесі жан-жаққа шайқалып, бұлғаңдамауы керек.

Дирижердің есту сезімі жақсы жетілген болуы керек.

Дирижер бір дауысты, екі, үш, төрт дауысты хорды басқарып айтқызғанда оның әр дауыстарын жақсы естіп, бұзып тұрған дауыстарды тез түзеп және сол дауыстарды жеке айтып, көрсетіп бере алатын болуы керек.

Әрбір хор жетекшісі дирижерліктің негізгі тәсілдерін бөлгені жөн. Дирижердің аппаратына оның бүкіл дене, қол және бет қимылы жатады. Дирижер еңкеймей ,шалқаймай, артық қимылсыз денесін тік ұстауы керек. Нығыз тұруы үшін бір аяқ аздап алға қойылады, ал екі қол шынтақтан бүгіліп , сәл ғана созылады.

Дирижерлау кезінде шығарманың характері мен мазмұны қол қимылдары арқылы берілуі тиіс. Шығармадағы музыканың характеріне байланысты қол қимыл созылыңқы;кенет, жеңіл, ауыр, серпінді, жай, кең т.с.с. болып келеді.Әр қолдың өз алдына жұмыс істеуін қадағалау керек.Оң қолда көбінесе хордың ырғағы мен такт есебі жүреді де , сол қол нюанстерді, түрлі дауыстардың белгілі уақытта қосылып отыруын , т.с.с. белгілерді көрсетеді.


Дирижер қолының әр түрлі биіктікте орналасу қалпы – позиция деп аталады.Дирижер жұмыс кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.

Жоғары позиция кезінде дирижердің қолы иықпен бір деңгейде орналасады .Жоғары позицияда көбінесе хорға сүемел жасағанда хорға қатысушыларға қол қимылдары жақсы көрінуі үшін және оларға кең тынысты қатты дыбыстарды көрсетуде пайдаланады .

Қолдың кеудемен бір деңгейде орналасуы ортаңғы позиция делінеді. Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.

Төменгі позиция кезінде дирижердың қолы белмен бір деңгейде орналасады.Бұл позицияны көбінесе хор дыбысын бәсеңдетіп , әр түрлі иірімдегі ақырын естілетін дыбыстарды көрсету үшін пайдаланады.

Қол қимылдарының өзара қашықтығының орналасу тәртібі - дирижерлік диопазон деп аталады.Диапазон кең көлемді ; орта көлемді және кіші көлемді қимылдар болып үшке бөлінеді.

Кең көлемді қимылдар көбінесе (оркестрде) хорда үлкен, кең дыбыстарды қажет ететін салтанатты шығармаларда қолданылады.Орта көлемді қимылдар жай және орташа қарқында жазылған шығармаларды меццо – пиано, меццо – форте, форте дыбыстарымен орындау кезінде пайдаланылады.Ал кіші көлемді қимылдар жүрдек және жылдам қарқында пианодан фортеге дейінгі дыбыстарды орындау үшін қолданылады.

Қолды қолға созғандағы әр түрлі қашықтықтағы орналасу тәртібі дирижердың қолының планы делінеді. Ол бірінші, екінші және үшінші болып бөлінеді.Қолдың кеудеден алыс орналасуы – бірінші план , қолдың орташа қашықтықта орналасуы – екінші план, қолдың денеге жақын орналасуы – үшінші план деп аталады.

Дирижер қол қимылдарының көмегімен төмендегі міндеттерді атқарады:

1. Хорды айту алдында музыканттардың назарын өзіне аудару.

2. Хор айтуды бастар алдында орындаушылардың тыныс алу , яғни ауфтакт көрсету.

3. Айтылып жатқан шығарманың характері мен көңіл – күйін көрсету.

4. Шығарманың ырғағына бола көңіл аудару.

5. Хор топтарының айтуға кірісу сәтімен тоқтату мерзімін көрсету.

Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік жұмыстарының сабақ жоспары. (ОСӨЖ)

1. Дирижерлауға арналған жаттығуларды қайталау.

2. Партияларды аспапта ойнап, айту. Партияларды айтуда интонациялық тазалық.

3. Динамикалық белгілерін сақтап айту.

4. Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру. Хорға арналған шығармаларды нотаға қарап оқу (ЧХП).

5. Партияны сөзімен орындау. Сөздегі көркемдік бейнені табу. Шығармадағы сөздерді мәнерлеп оқу. Көркемдік бейнесін ашу.

6. Шығарманың шарықтау шегін білу.

7. Партияны мәнерлеп орындау.

8. Шығарманы жатқа орындау.
Курс бойынша ауызша үй жұмыстарының тақырыбы. (СӨЖ)
1. Партияларды аспапта ойнау.

2 Хор партиясын сольфеджиялау.

3. Авторлар туралы мағлұмат дайындау.

4. Хор партиясын мәнерлеп айту.

5. Шығарманың өлшемін дирижерлау.

6. Партитураны талдау.

7. Шығармаға арнап жаттығулар таңдау.

8. Дирижерлауға арналған жаттығуларды қайталау.

9. Партияларды аспапта ойнап, айту.

10. Партияларды айтуда интонациялық тазалық.

11. Шығармадағы сөздерді мәнерлеп оқу.

12. Шығарманың авторына аннотация.

13. Дикциялық жаттығулар жасау.

14. Партияны жатқа орындау.

15. Динамикалық белгілерін сақтап айту.

16. Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру.

17. Партияны сөзімен орындау.

18. Сөздегі көркемдік бейнені табу.

19. Шығарманың шарықтау шегін табу.

20. Партияны мәнерлеп орындау.

21. Көркемдік бейнесін ашу.

22. шығарманы жатқа дирижерлау.


Әдебиет тізімі:

Б.Жакеева. Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы. Өнер – 1998.

Балаларға арналған хрестоматия. Құр. Нұрымбетов Т., Мамизеров В. Алматы, Өнер. 1991.

«Дирижирование» Л.А. Безбородов. Москва. 1990.

«Хороведение» В.И.Краснощеков. Москва. 1969.

«Работа с хором» Соколов В., Москва. 1967.



Әбеуова К. «Хор жүргізу». Алматы. 1993.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет