ХӨсб директорының жолдауы Бүкіләлемдік метрология күні 2010 жылғы 20 мамыр



Дата17.07.2016
өлшемі59.75 Kb.
ХӨСБ директорының жолдауы

Бүкіләлемдік метрология күні – 2010 жылғы 20 мамыр
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАДАҒЫ ӨЛШЕУЛЕР

инновацияға көпір



Метрология саласында зерттеуші болудың бір артықшылығы – бізді ғылымның алдыңғы шетіне жетелейді. Біз табиғаттың дәл өлшеулерді жүргізу мүмкіндігін шектейтінін әрқашан түсінуге тырысамыз, кейін бұл шектеулер іргелі ме, әлде саналы ойдың пайда болуымен біз әрі қарай жүре аламыз ба деп сұраймыз. Парасатты шақыру – бұл әлі ашылмаған салаларды ашуға қабілетті құдыретті күш.

Профессор

Эндрю Воллард, ХӨСБ директоры



2000 жылы Метриялық Конвенцияның 125-ші мерейтойын тойлау кезінде бір кездері метролог қызметін атқарған, қазіргі Обама Президенттің Энергэтика мәселері бойынша хатшысы былай деді – және ол танымал фразаға айналды:

ДӘЛ ӨЛШЕУ – ФИЗИКАНЫҢ МӘНІ, ЖӘНЕ МЕНІҢ ТӘЖІРБИЕМ БОЙЫНША, ЖАҢА ФИЗИКА КЕЛЕСІ ОНДЫҚ БЕЛГІДЕН БАСТАЛАДЫ.

Метрология мен ғылымның өзара байланысына күмән жоқ және жетілдірілген өлшеулерді жүргізуге қабілет жаңа мүмкіндіктерді ашады. Лазерді ойлап шығару туралы ойлаңызшы: физикадағы және метрологиядағы жарқын жаңалық, ол интерферометрдің көмегімен бірнеше километрге дейінгі арақашықтықты дәл өлшеуге мүмкіндік туғызды, сондай-ақ уақыт өте келе метрдің жаңа анықтамасын беруге де жол ашты.

Лазерлік генерацияны зерттеу туралы тақырыптағы Майнманның (Mainman) бірінші жарияланымы шыққан жыл, метрдің прототипі криптон шамының сәулеленуіне негізделген жаңа анықтамаға сәйкес ауыстырылған жылмен дәл келуі кездейсоқтық. Алайда, криптон шамы лазердің ашылуының арқасында мүмкін болып, жарық жылдамдығына негізделген анықтамаға орын бергенше, тағы 23 жыл өтті.

Жоғарғы және алдыңғы қатардағы ғылымның метрологиямен байланысы туралы нобель лауреаттарының тізімінен талдауға болады, соның ішінде физикада – өзінің алғашқы жаңалықтары мен жетістіктерін метрология саласындағы қолданылуын көргендер. Олардың кейбіреулерінің атымен метрологиямен байланысқан құбылыстар аталған: атомдық сағаттардағы Рамзайдың интерференциялық жолақтары (Ramsay fringes), электрлік өлшеулердің метрологиядағы Джозефсондық аралықтары (Josephson junctions), кедергілерді өлшеудегі Клитцинг фон константасы (von Klitzing constant) және басқалар. АҚШ Стандарттар және технологиялар ұлттық институтынан шыққан біздің әріптестеріміздің қатарына тағы тағы үш Нобель лауреаттары қосылды: Эрик Корнелл (Eric Cornell), Джон Холл (John Hall) және Билл Филипс (Bill Phillips).

Метролог ғалымдары ретінде, біз әрқашан ғылыми тапсырмалардың шешімін іздеудеміз. Мүмкін, алғаш рет бір маңызды және ерекше бірдеңе тауып алғанда, сізді қандай күшті толғаныс баурап алғанын есіңізге түсіре аласыз ба? Табиғат бізге өзінің құпияларын ашқан кезде, барлық ғалымдарға белгілі таң қаларлық сезім пайда болады, бұрын бізге кедергі болған не уысымызға түспеген жайттардан бастан кешірген соң, біз тағы бір қадам алға жылжи аламыз, және уақыт өте келе оны меңгергеннен кейін ол қарапайым болып көрінеді.

Алайда, біздің академиялық әріптестерге арқашан да тән емес қанағаттанудың тағы ерекше сезімі тиісінше қолданбалы бағыттарда дамитын салаларда жұмыс істегенде пайда болады. Біреулерді бірдеңені өлшеуді жетілдіру қызықтырса, басқаларды – химия немесе медицинаның жаңа саласындағы ӨҚ өлшеуді бақылап тексеру мүмкіндігін алудың жаңа тәсілі қызықтырады.






Метрология практикалық қадамдарға әрқашан да ерекше көңіл аударып “инновацияларға көпір” салып келді. Викториялық дәуірдегі ұлы британ инженері Уитворт (Whitworth) былай деді: “Өлшеуге болатынды ғана ғана жасауға болады”, және қазір жақсы сапалы өнімді жасау және инновацияға жағдай жасау мәселері өлшеу мәселерін шешумен байланысты.

Тауар өндіру және оларды әлемдік нарықта сату әлемдік экономиканың өсуіне стимул болып табылады. Жоқшылықпен күресуге және сол елдерде адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған дамушы елдерге көмек экономикалық өсуге байланысты. Өткен жылғы қазанда Париждегі кездесуде CIPM MRA өзара тану уағдаластығына қол қойылғанының онжылдығын атап өттік, онда біз сауда үшін халықаралық метрологияның мәні туралы мәселе бойынша және бүгінде адамзаттың алдында тұрған: климаттың өзгеруі мен қоршаған орта, денсаулық сақтау, энергияны пайдалану және жаңа технологияларды дамыту мен меңгеру сияқты Ғаламдық мәселерді шешуге пікірталас өткіздік. Соған байланысты, менің ойыма мынадай қарапайым және дұрыс ой келді, біздің жұмыс адам өмірі мен сауданың барлық жақтарына әсер етеді. Метролог ретінде дәл бақылап тексерілетін өлшеулер туралы білімнің шешуші кездеңдерін білеміз және мұндай артықшылыққа көптеген мысалдар келтіре аламыз.

Біз физика мен техникада мәнді және табысты жетістіктерге иеміз, енді біз бейорганикалық және органикалық химия, өмір туралы ғылым, денсаулық сақтау және қоршаған орта параметрлерін өлшеу секілді жаңа салаларда атақ даңққа ие болдық, бұл жұмыстың көп бөлігін алдағы жылы Бүкіләлімдік химия күнін тойлағанда жасау қажет. Содан кейін, мысалы, климат өзгергендегі өлшеу мәселері бойынша ХӨСБ Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйыммен бірлесіп ұйымдастырылған, өткізілуі Бүкіләлемдік метрология күнінен бұрын жоспарланған және көбіңіз қатысатын қызықты семинардың жұмысын қорытындылау қажет.

Дәл өлшеуге деген қажеттіліктер өндірістегі, бензин немесе газ құю станцияларындағы немесе колледждер мен университеттердегі күнделікті өлшеулерден бастап ұлттық немесе халықаралық эталондар зертханаларында жүргізілетін өте күрделі өлшеулерге дейін барлық қолдану спектрін қамтитындықтан, біз жұмыс істейтін зат көп адамдарға кеңінен әсер етеді. Әрбір өлшеу кезеңінде жауапкершілік, алайда, ұқыптылық және әрбір ұсақ-түйекке ықыласты арақатынаста – дәлдік бірдей. Мүмкін, біздің бәрімізде Нобель премиясын алуға бірдей мүмкіндік жоқ болар, бірақ бүгін сауда мен өмір қоғамы тәуелді дәл және бақылап тексерілетін өлшеулердің осы үлкен бүкіләлемдік желісінде әрқайсысымыз орындайтын рольді бәріміз мақстаныш ете аламыз және қанағаттануды сезіне аламыз.

Маған болашақта үлкен жетістіктерге жете алатынымызды және ұлттық зертханалардағы жұмыстардың қаржылындырылуы соларға байланысты саясаткерлерге, қажетті ресурстарды қамтамасыз етуге біздің бірегей үлесіміз бен көмегіміздің бағасын алғымыз келетін компаниялардағы басшылыққа, кейде Заң немесе Директива талаптарына сәйкестікке өлшеу жүргізу қажеттігін ұмытып кететін заңнамалық және реттеу органдарының өкілдеріне, сондай-ақ ғылыммен айналыспайтын, бірақ қоғам бізден не алатыны қызықтыратын достарымызға оны көрсете алатынымызды ойлаған ұнайды.

Мүмкін, әрқайсысымыз 2010 жылы жұмысымыздың ілгерілеуіне және оны түсіндіруге жаңа үлес қосу мақсатын алға қоюымызға болады. Әрине, біз маркетинг бойынша маман емеспіз, алайда, мысалдармен дәлелдеп көз жеткізе аламыз, жергілікті мектептерге барып әңгіме жүргізе аламыз, газетте кішігірім мақала жаза аламыз немесе кейбір жергілікті биліктің өкілін біздің зертханаға келуге шақыра аламыз. Біздің жолдау, қоғамдағы өлшеулердің жақсаруы метрологияның дамуының арқасында жүргізілетінін мысалдар келтіріп көрсете алсақ адамдарға анағұрлым түсінікті – және бұл тек біздің жеке салаға ғана қатысты емес. Менің ойымша, мысалы, біздің жұмыстың пайдасын әлемде ракпен ауыратын емделушілерге, өлшеулердің дәлдігі ұлттық және халықаралық метрология жүйесінің жұмысымен байланысты дозиметрлік өлшеулер жүргізілген миллиондаған мысалдармен көрсету көп еңбекті қажет етпейді. Бұны түсіну қиын емес. Сонда адамдардың көбісі метрологияның ғылым мен инновацияға нақты үлесі туралы баяу, бірақ дұрыс танып білуі мүмкін. Біз өз жұмысымызды жасаған кездегі жеке толғаныс сезімдерімізді өзге адамдарға бере отырып жігерлендіреміз және газеттер мен журналдарда біздің жұмысқа арналған мақала бағаналарындағы дюйм санының (СИ бірлігі емес екенін білемін!) көбеюіне көмектесе аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында неліктен элементар бөлшектермен айналысатын астрономдарға, ғарышты зерттеушілерге және физиктерге көп көңіл бөлінеді, метрологтар да өте көп қызықты жаңалықтар айта алады емес пе деген сұрақ туындайды?!

2010 жылғы Метрология күнінің плакаты



Бұл – менің жыл соңында бұл орыннан кететіндігімнен, ХӨСБ директоры ретіндегі соңғы жолдауым. 2005 жылы алғашқы Бүкіләлемдік метрология күнін өткізгенде - бұл үлкен оқиға болған еді. Мені таң қалдырғаны, метрология әлемінің барлық өкілдеріне, баршаңызға бұл ұнаған еді. Мен барлық жерден, мен білмейтін көп тілдерге аударылған плакаттарды көремін. Осы Күнді тойлау мақсатында жергілікті және ұлттық деңгейдегі мәжілістер мен біздің жұмысқа бізді қолдайтындарды тарту туралы баяндамаларды тыңдадым.

Мен үшін сіздермен осы үлкен бүкіләлемдік отбасында бірге болу үлкен құрмет және барлығыңызға өз істеріңізде сәттіліктер тілеймін. Ғылым мен инновацияны ынталандыруды жалғастырып, шекарасын кеңейте беріңіздер. Алдағы уақытта Сіздерге деген үлкен алғысым пен ізгі ниетімді қабыл алыңыздар!
Проф. Эндрю Дж.Воллард,

ХӨСБ директоры






Каталог: data -> filedat -> default
default -> Ќазаќстан Республикасы аумаєында уаќыт есептеу тјртібі туралы
default -> Мак пен Ғткметр-дің өткен отырыстарында қабылданған, ұсыныстарды орындау туралы
default -> Vi халықаралық конференция «адам ресурстарын басқару: hr инновациялары»
default -> Халықаралық өлшемдер конфедерациясы (имеко)
default -> Ґлшем бірлігін ќамтамасыз ету саласындаєы сарапшы аудиторлар жјне ґлшем ќўралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жїргізу ережесін бекіту туралы
default -> Исследования эталона времени и частоты на основе первичных стандартов
default -> Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу бойынша ақпарат «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет