Хурмет жигер. Конбаева к. Т



Дата09.06.2016
өлшемі86.38 Kb.
#125019
ӘОҚ 338.2

ХУРМЕТ ЖИГЕР. КОНБАЕВА К.Т.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы.
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

(МОҢҒОЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа тұрғысынан тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылады. Тұрғындарды жоғары дәрежеде азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласы – ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.

Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығына маманданған Моңғолия Республикасының бұл саладағы өндіріс көлемі жылдан жылға азайып, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары да кеміп, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай тиімділігі төмендеп отыр. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі келеңсіз мәселелерді шешудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру арқылы бар мүмкіндіктерді пайдаланып тиімділікті жоғарылату.

Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Моңғолия Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Республиканың Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық салада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні меншіктің алуан түріне негізделген шаруашылықтарды нарық жағдайында жүргізудегі жаңа жолдарын құру болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың азаюы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз азық-түлік өнімдерінің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі тағы басқалар өз кезегінде аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр.

Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады. Бұл фермерлік және тағы басқа да агрошаруашылықтардың өнімділігі мен дамуын көтеруді білдіреді. Сондықтан аграрлық кәсіпкерліктің тиімді дамуы олардың тек ауыл шаруашылық бағытында ғана болмай, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсетуді, халықтың кәсіпшілік бұйымдарын өндіруді, сауықтыру-профильді формасында қызмет көрсетуді, ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында қызмет етуді және тағы басқа түрлерін қалыптастыру – олардың өрістеуіне мүмкіндік береді. Дамушы елдерде нарыққа негізделген дамуға қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік сектор мен азаматтық қауым барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл шаруашылығы саласы біршама технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті. Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың негізгі катализаторы болып отырған кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда кешенді көзқарасты қажет етеді.

Сондықтан да Баян-Өлгий аймағында аграрлық саладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, аграрлық өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, саланы тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұлар біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізгі бағытын айқындайды.

Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының аграрлық саласындағы кәсіпкерлік субъектілердің нысандары, нақты және терең зерттеуге аймақтық шағын және орта бизнестің негізі ретінде шаруа қожалықтардың қызметін тиімді дамыту мәселелері алынып отыр.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы төмендегілер болады:



  • ол нарықтық экономикаға икемділік береді;

  • халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;

  • монополияға қарсы әлеуеті бар;

  • ғылыми-техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;

  • нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселелерін шешеді.

Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген экономикалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын түпкілікті қайта құру – қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың өзекті мәселелерінің негізіне айналып отыр. Сондықтан да, агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік және озық идеяларын жүзеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол арқылы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген кәсіпкерлік субъектілері өндіріс шығындарын мейілінше азайтуға, тұтынушы сұранысын максималды қанағаттандыруға тырысады (Сурет 1).

Сурет 1 - Агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орны

Ауыл шаруашылығы өндірісі тұтастай және аграрлық кәсіпкерлікте кез- келген табиғи-климаттық жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыруы қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде жер (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта) оптималды үйлесуін көрсетеді.

Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының статистикалық басқармасында кәсіпкерлікті бағалайтын көрсеткіштердің қолданылатын жүйесі қамтылған көрсеткіштердің сандық мән бергенімен сапалық жағын ашық анықтай алмайды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін негізгі алғашқы мәліметтер қажет екендігі ақиқат. Жоғарыдағы ғылыми зерттеулердегі көрсеткіштер жүйесін зерттеп аймақтың экономикалық дамуында кәсіпкерліктің сипатын анықтайтын келесі көрсеткіштер жүйесін ұсынамын.

Есептеу нәтижесі бойынша жергілікті басқарушы органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі Өлгийде (0,6541) басқа сұмындардан жоғары болса, аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы Сагсайда (0,6427) жоғары дамығанын көріп отырмыз(Сурет 2)

Сурет 2 - Жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі және аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы

Ескерту: Баян-Өлгий аймағының статистика басқармасының 2011ж. мәліметтері негізінде автормен құрастырылды

Кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау көрсеткіштерін екі топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топ көрсеткіштері жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесін сипаттайды. Ал екінші топ көрсеткіштері аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясын сипаттайды. Ең төменгі жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі Булган сұмынында (0,0176) байқалса, кәсіпкерліктің төмен даму қарқыны Дэлүүн сұмынында (0,2678) көрініп отыр. Осыдан жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуын қолдау деңгейі өте төмен екендігін байқаймыз. Бұл көрсеткіштерді «Microsoft Excel» бағдарламасында есептесе өте тиімді және уақыт үнемдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Диаграммаға қарап қай өңірге қандай қолдау қажет екендігін анықтап тиісті шараларды қолдануға болады.

Кәсіпкерліктің сыртқы жағдайларына қазіргі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық және саяси жүйені қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу жатады.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жеткізілген жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық дамуы арқасында екендігі анық. Олай дейтін себебіміз барлық дамыған елдер өндіріс көлемін шектеп, барша сапалы өнім өндіруге негізделсе, Моңғолияда әлі де болса экстенсивті өнім өндіру жолдары қолданылады. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті дамытып, оны ауыл шаруашылығына көптеп енгізу қажет. Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті дамыту келесі бағыттарда жұмыс жасайды: шаруашылық механизмін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін техникалық тұрғыдан дамыту, өсімдіктер мен мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады (Кесте 1).


1 – Кесте – Ауыл шаруашылығы өндірісін ҒТП негізінде дамытудың негізгі бағыттары

Мал шаруашылығы

Егін шаруашылығы

  • асылдандыру жұмыстарын жетілдіру;

  • мал шаруашылығындағы еңбекті механизациялауды дамыту;

  • мал азығын тиімді дайындау мен пайдалану;

  • ветеринарлық қызметті жетілдіру;

  • мал өнімін жақсарту жолдарын жетілдіру;

  • мал шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы байланысты дамыту;

  • минеральды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалануды жетілдіру;

  • тұқым сапасын жақсарту;

  • ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылату;

  • ауыл шаруашылық жерлерін агротехникалық өңдеуді жетілдіру;

  • топырақ құрамын су эрозиясынан қорғау шараларын дамыту

Ескертеу: автормен құрастырылды

Ал Баян-Өлгий аймағының ауыл шаруашылығының дамуы ешқандай инвестиция болмайынша дамуы қиын, сондықтан инвесторлар қажет. Мұнда шетел инвестициясы мен шетелдік несиелер өте қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің инвестициялық белсенділігін ынталандыру керек.

Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері жеке шаруашылықтардың жаңа түрлері арқылы мал шаруашылығында атап айтсақ, мал соятын, консерв шығаратын, тері илеп, тон, былғарыдан тігетін киімдерді, киіз етік (пима) және мәсі, үй бұйымдарын шығаратын, сырмақ, текемет, қазақтың түскиіз, төсек аяқ, кілем, палас шығаратын, жүннен тоқыма киімдер, түбіттен қымбат киімдер тоқитын, сүт өнімдерін өңдейтін цехтар егін шаруашылығында астық, май шығаратын, шөп дайындайтын, неше түрлі қиыршық құрама, жарма жем түрлері мен шырғанақ майын шығаратын, егін егу, мал өсіру, құдық түрлерін көбейту, айдалатын жерлерді молайту, жайылымдық жерде өз иелігіндегі малын семіртіп, экспортқа шығару жұмыстарымен айналысады.

Ауыл шаруашылығында 55 агробизнес субъектілері орта кәсіпкерлікпен шұғылданады. Өндірілген өнімнің жалпы мөлшері 158,9 млн тугригті құраса, яғни теңгемен есептесек 1557220000теңге, оның 45,1 пайызын орта кәсіпкерлік субъектілері иеленеді. Бірақ мал шаруашылығымен шұғылдануға негізінен мал өнімдерінің өзіндік құнының жоғары болуы, оны баптап, бағып күту қиындығы және қолайсыз ауа-райының жағдайында өнімді өткізуге қажетті орындардың аздығы кедергі келтіріп отырған жағдайлар баршылық. Кәсіпкерлік жұмыстың тиімділігі мен тиімсіздігін 3-4 жылда толымды етіп айту қиын, бірақ бизнеспен айналыса бастаған тұлғалардың ұлғаюы, олардың ұйымдаса отырып, өнім өндіруші, оны өңдеу және дайындау, тауар ретінде халыққа ұсыну, одан түсіп жатқан пайда оның басты дәлелі.



Ауыл шаруашылығы өндірісін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерінің өткірлігі шегіне жетті деуге болады. Мысалы, өндірушілер қажет құралдарды сатып ала алмайтындықтан, түрлі машиналардың жетіспеуі салдарынан агротехникалық операциялар мезгілінде орындалмайды, қолмен атқарылатын жұмыс көлемі көбейді және түсім көп ысырап болды. Ал ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тым баяу қарқынмен дамуда. Дегенмен ауыл шаруашылығы саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі нәтижесінде аймақта жұмыспен қамтылғандардың саны да өсіп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпалын тигізіп отыр.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады. Мұндай шаралар нарықтық қатынастың артықшылықтарымен қатар кемшіліктерді де жоюға бағытталған ұсыныстар болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет