ХВҚ-ның атқарушы кеңесі IV бапқа сәйкес Қазақстан Республикасына 2009 жылғы консультацияны аяқтады



Дата03.07.2016
өлшемі110 Kb.
#174937
ХВҚ-ның атқарушы кеңесі

 IV бапқа сәйкес Қазақстан Республикасына 2009 жылғы консультацияны аяқтады

2009 жылғы сегізінші шілдеде Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Атқарушы кеңесі IV1 бапқа сәйкес Қазақстан Республикасына 2009 жылғы консультацияны аяқтады.
Жалпы мәліметтер

2008 жылы IV бапқа сәйкес консультация кезеңінде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2007 жылғы тамызда әлемдік өтімділік талаптарының қатаңдануы ықпалынан бәсеңдеді. Елдің Банктерінің халықаралық қаржы нарықтарына кіруі қысқарды, кредиттің өсуі тежелді, ал жылжымайтын мүліктің бағалары бірнеше жыл бойы қарқынды өсуден кейін бірден төмендеді. Мұнай бағасының жоғары болуы, алайда капитал ағынының кенеттен тоқтатылуы салдарын басында бәсеңдетті және экономикалық өсу қарқыны өткен жылдардағы екі мәнді сандарды көрсететін өсу қарқынымен салыстырғанда 2008 жылдың ортасына қарай 6 пайызға дейін төмендеген.


Әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны және 2008 жылдың аяғында мұнай бағасының төмендеуі ықпалынан нақты сектордағы белсенділіктің төмендеуі жалғасты және тұтастай алғанда экономикалық белсенділік қысқара бастады. Ағымдағы операциялардың сальдо шотының нашарлауы және банктердің ірі төлемдері сыртқы борышты өтеу шотына валюта бағамына қысым жасады және орталық банк ақпанның басында теңгені АҚШ долларына қатысты 20 пайыз құнсыздандырды.
Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі және айырбас бағамының құнсыздануы банктердің баланстарына қысымды шиеленістірді және активтердің одан әрі нашарлауына қарай бұл қысым күшейе түседі. Қазіргі уақытта бірнеше банктер төлем қабілеттілігі проблемаларымен қақтығысты; екі ірі банк және бір шағындау мекеме борыштың негізгі сомасын өтеу шотына төлемдерді тоқтатты жәнеде бұл банктер өз кредиторларымен олардың міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Активтер бағасының жалғасып келе жатқан төмендеуі зейнетақы қорларының активтеріне де ықпал етті.
Ресми органдар тереңдеп келе жатқан экономикалық мәселелерге ортасында банктерді қайта капиталдандыру және экономикалық қызметке қолдау тұрған Ұлттық мұнай қорынан қаржыландыратын 10 млрд доллар сомаға кризиске қарсы жоспарды дайындай отырып жауап қатты. Кризиске қарсы жоспар басқа бюджеттік шаралармен,орталық банктің өтімділігіне қолдаумен және қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан реттеу шараларымен толықтырылады. Экономикалық даму жылдары жинақталған мемлекеттік шетел активтерімінің үлкен қорымен және мемлекеттік борыштың төмен деңгейінде ресми органдар кризисті еңсеру бойынша шаралар қабылдау үшін жақсы жағдайда тұр. Орталық банктің резервтері шамамен 20 млрд доллар деңгейінде тұрақталды және құнсызданудан кейін айырбас бағамына қысым азайды.
ЖІӨ-нің осы жылы 2 пайызға қысқарады, ал 2010 жылы ол 2 пайызға қалыпты өседі деп күтіліп отыр. Мұнай бағасының төмендеуі ағымдағы операциялардың сальдо шоты қайтадан дефицит болатындығына әкеледі, алайда бұрынғыдай тұрақты тікелей шетелдік инвестициялар және екіжақты негізде болатын жаңа қаржыландыру кезінде төлем балансы тұтастай алғанда тұрақты болып қалады. ТБИ өлшейтін инфляция бәсең сұраныс жыл басында жүргізілген құнсыздану нәтижесінде импортқа шығыстың өсуіне аудара салатын өндірушілердің мүмкіндігін шектейтіндіктен алда да ТБИ ұстап тұрады. Экономиканың әлсіреуі және кризисті еңсеруге жұмсалған айтарлықтай шығыстар 2000 жылдан бері алғаш рет осы жылы бюджет дефицитіне алып келеді.
ХВҚ келісімінің баптарының IV бабына сәйкес Қор мүше мемлекеттермен жыл сайын әдетте екіжақты талқылау жүргізеді. ХВҚ қызметкерлер тобы елге келіп, экономикалық және қаржылық ақпарат жинайды және елдің ресми органдарымен экономикадағы өзгерістерді және экономикалық саясатты талқылайды. Қызметкер ХВҚ штаб-пәтеріне оралғаннан кейін Атқарушы кеңесті талқылау үшін негізді құрайтын баяндама дайындайды. Талқылау аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы-директор Кеңестің Төрағасы ретінде атқарушы директорлардың пікірін түйіндейді және осы түйін елдің ресми органдарына жіберіледі.
Атқарушы кеңестің бағасы
Атқарушы директорлар Қазақстан Республикасының алдында банк секторындағы ағымдағы қиындықтар және әлсіз әлемдік конъюктура болып көрінген маңызды міндеттер тұрғандығын атап өтті. Олар экономиканың әлемдік құлдырау ықпалынан қорғауға көмектесі үшін ресми органдар қабылдаған экономикалық саясат шаралары туралы, оның ішінде болжанбаған пайданы зерделеп жинақтауының және ақша-кредит саясатын ырықтандырудың арқасында мүмкін болып отырған бюджеттік ынталандыру туралы мақтай отырып пікірлерін білдірді. Директорлар алдағы басты міндет экономикалық саясаттың кризиске тиісінше жауапты шараларын сақтаған кезде банк секторларының кемшіліктерін жоюда болып отырғандығын атап өтті.
Директорлар банк секторында тереңдеп келе жатқан мәселелер жүйеге деген сенімді қалпына келтіру және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін кешенді шешімдерді талап етеді деп ойлап отыр. Олар ресми органдарға «ТұранӘлем» және «Альянс» банктеріндегі сыртқы борыштың мораториясы мәселелерін созбай шешуді табандылықпен ұсыныс жасап отыр және басқа ірі банктердің тәуелсіз бағаларын жүргізуге шақырды. Банктердің негізгі санацияларын жетілдіру бойынша жақын арада қабылданған шараларды директорлар қолдай отырып, одан әрі іс-әрекеттерге баруға шақырды, қаржылық қадағалау агенттігіне заңды өкілеттіктерін, тәуелсіздік және қажеттілік болған бұрынғы кезеңде нақты кірісуге оның мандатын орындау үшін қажетті ресурстар ұсынуға шақырды. Олар сондай-ақ депозиттерді сақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге қажеттілікті атап өтті. Директорлар қаржы секторында болашақта реттеуді және қадағалауды, оның ішінде жергілікті орында жетілдірілген қадағалау және қашықтан аудит көмегімен нығайтуға және хеджирлеуі жоқ заем алушыларды валюталық кредиттеуін одан әрі шектеуге шақырды.
Инфляциялық қысым бәсеңдеген кезде директорлар ақша-кредит саясаты, резерв талаптарының жәнеинтервенция ставкасының төмендеуін, сондай-ақ өтімділікті тиісті көлемде ұсынуды қоса алғанда, тиісінше экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталғандығын дұрыс деп тапты. Олар болашақта инфляцияны төмендейтін траекторияда ұстап тұру және қаржы секторы мен экономиканы қолдау арасындағы тиісті тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Директорлар тұтастай алғанда айырбас бағамы негізгі экономикалық көрсеткіштерге сәйкес келетін қызметкер бағасын назарға алды. Олар орын алған жағдай кезінде және ақпандағы біржолғы құнсызданудан кейін салымшылардың сенімділігін қалпына келтіру, корпорация секторларының ірі валюта тәуекелдерінен туындайтын тәуекелдерді шектеу және инфляцияның төмендеуіне ықпал ету үшін тұрақты айырбас бағамын сақтау маңызды. Соған қарамастан ахуалдың тұрақтануына қарай анағұрлым икемді бағам саясатына көшу тиімді деп санап отыр.
Директорлар ағымдағы жағдайды ескере отырып, 2009 жылға салық-бюджет саясатына өктемдік бағамын қолдап отыр. Олар кризиске қарсы жоспар шеңберіндегі шығыстарды тиімділігіне баса назар аударуға ұсыныс жасады және «Самрұк-Қазына» қоры арқылы жүргізілетін шығыстардың айқын мониторингінің қажеттілігін атап өтті. Директорлар кризиске жауап қату қажеттілігіне қарай салық-бюджет саясатының икемділігін, сондай-ақ болашақта бюджеттік шоғырлану траекториясына қайту міндеттемесін сақтау ниетін қолдады.
Директорлар іскерлік ахуалды жақсарту және жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша экономикалық саясаттың бастамасын қолдап отыр. Олар әлеуметтік қорғау шараларын нығайту бойынша шараларды қолдап отыр және кризиске қарсы жоспар шеңберінде кез келген қосымша шығыстарды осы салаларға, қосымша денсаулық сақтауға, білімге және инфрақұрылымға жұмсауға ұсыныс жасап отыр.
Директорлар ресми органдарға өндіру саласындағы айқындылықты қамтамасыз ету бойынша бастама шеңберінде алға қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыстарды жалғастыруға ұсыныс жасап отырып. Олар ресми органдарды Қазастан Республикасының заңнамасын халықаралық тиімді тәжірибеге сәйкес келтіру үшін тез арада БОД/ПФТ туралы заң жобасын қабылдауға шақырды.
Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлама ХВҚ көмегі шеңберінде жарияланады, оның пікірлерінің айқындылығын және экономикалық өзгерістер мен саясаттың талдамасын қамтамасыз етуге себеп болады. Тиісті мемлекеттің (немесе тиісті мемлекеттердің) келісімімен жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлама  IV бапқа сәйкес мүше елдермен олар аймақтық деңгейде өзгерістерге жүргізетін қадағалау нәтижесін, бағдарламадан кейінгі кезеңдегі мониторингті және ұзақ уақыт ішінде жүзеге асырылып отырған бағадарламаға мүше мемлекеттерде жағдайды өткенге шолу бағасын Атқарушы кеңес талқыланғанннан кейін жарияланады. Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлама сондай-ақ Атқарушы кеңес шығаруы мүмкін басқа шешімді, ерекше жағдайларды қоспағанда Атқарушы кеңес саясаттың жалпы мәселелерін талқылағаннан кейін жарияланады.

Қазақстан. Жекелеген экономикалық көрсеткіштер, 2005-2010 жылдар



1 болжам / 1 болжам/




2005

2006

2007

2008

2009

2010

(Бір жыл ішінде пайызбен өзгерістер)

Нақты экономика

Нақты ЖІӨ

9,7

10,7

8,3

3,2

-2,0

2,0

ТБИ (кезең аяғы)

7,5

8,4

18,8

9,5

8,5

6,3




(ЖІӨ пайызбен)

Мемлекеттік қаржы

Мемлекеттік кірістер мен гранттар

28,1

27,5

28,8

27,8

25,0

26,3

Мемлекеттік шығыстар

22,2

20,2

24,1

26,5

26,9

26,9

Мембасқару секторының сальдосы 2/

5,8

7,2

4,7

1,1

-2,1

-0,7

Мембасқару секторының мұнай емес сальдосы

-4,8

-3,0

-4,7

-11,3

-12,9

-13,6

Мембасқару органдары секторының борышы (кезең аяғы) 3/

8,1

6,7

5,8

6,6

8,6

8,7

(Бір жыл ішінде пайызбен өзгерістер)

Ақша және кредит

Ақша базасы

12,5

131,0

-2,5

0,5

16,5

14,6

Кең ақша массасы

26,3

78,1

25,9

35,4

12,2

24,4

Экономикадағы банк секторының кредиті

74,2

80,2

55,2

5,2

13,9

16,6

ҚҰБ қайта қаржыландыру ставкасы (кезең аяғы, %-бен)

8,0

9,0

11,0

10,5

...

...

(ЖІӨ пайызбен )

Төлем балансы

Сауда балансы

18,1

18,1

14,4

24,7

13,2

18,2

Ағымдағы операциялардың сальдо шоты

-1,8

-2,5

-7,8

5,1

-2,1

2,3

Сыртқы борыш

76,0

91,4

92,4

79,5

98,9

92,4

Жалпы халықаралық резервтер

Млрд АҚШ долларымен, кезең аяғы

7,1

19,1

17,6

19,9

23,9

33,6

Тауарлар факторлық емес қызмет импорты айлармен

2,6

5,1

4,3

6,4

7,1

8,8

(Бір жыл ішінде пайызбен өзгерістер)

Айырбас бағамы

АҚШ доллары үшін теңге (кезең аяғы)

3,0

-4,4

-5,6

-0,2

...

...

Ресей рублі үшін теңге (кезең аяғы)

-0,8

3,6

1,4

-15,8

...

...

Нақты тиімді жалпы бағам (кезең үшін орташа) 4/

3,7

7,5

2,2

6,8

...

...




Дерек көзі: Қазақстанның ресми органдары; ХВҚ қызметкерлерінің бағалары мен болжамдары.

1/ Қызметкердің болжамдары.

2/Осы анықтама бойынша мембасқару секторының сальдосы, жекешелендіруден болған кірістер қаржыландыру баптары болып табылады және статистикалық айырма кіретін сызықта өлшенеді.

3/ Мемлекет кепілдік берген борышты қоса алғанда жалпы ішкі және сыртқы борыш.



4/ Бағамды плюс белгісімен ұлғайту.



1




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет