І – тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру



бет15/16
Дата05.04.2023
өлшемі493 Kb.
#471743
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
kur -aqsha-qarazhattyrynn-esebi-men-auditin-zhurgizudi-zhetildiru-zholdaryink-zhshs-materialdary-negizinde

Қорытынды


Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында “еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту” - деп көрсету дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.


Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай бір жүйеге келтіру болып табылады.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есеп туралы, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ” Қазақстан Республикасының заңдарына сғйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің жұмыс шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп қолданылдып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Қаржылық есептілікті жасау мына жазбадан тұрады:

  1. бухгалтерлік баланстан;

  2. кірістер мен шығыстар туралы есептен;

  3. ақшалардың қозғалысы туралы есептен;

  4. меншік капиталдағы өзгерістер туралы есептен;

  5. есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме.

Қай саладағы ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуі қажет. Біздің елімізде қызмет ететін ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Ұйымдар жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

  • ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

  • есеп айырысу төлеу тәртібін бақылау, ұйым ақшаларындай кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жалдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалар қозғалысының тексерудегі негізгі құжаттары: кассалық кітапша, кассирдің есебі, шығыс және кіріс ордерлері.
Нарық экономика кезеңіндегі бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделірек болып отыр.
Ұйымдардың көптеген басшылар мен бухгалтерлерін қызықтыратын тақырып – аудиторлық қызмет көрсету бағыты. Кейбір ұйымдар үшін аудитор таңдау кезінде айқындаушы фактор неғұрлым төмен аудит құны болып табылады және содан кейін ғана аудиттің жоғары деңгейі, тексерудің біріңғай әдісі, аудитордың барынша жауапкершілігі, аудитті ең қысқа мерзімде жүргізу қажет болады.
Аудиторлық қызмет көрсету нарығы ұйым қызметінің түріне, жұмыс істеушілердің санына, тауар айналымы және басқа көрсеткіштерге қарай шамамен орташа бағаларды қалыптастырады. Бұл көрсеткіштер жоғары болған сайын, құжат айналымы да көп, яғни аудит та ұлғая түседі. 210 – “аудит бойынша келісімдердің талаптары” аудиттің халықаралық стандартында аудит үшін ақы төлеу әрбір маманның жұмысты орындауына қажетті уақытқа есептелінетіні көрсетіледі. Бұл ретте сағат бойынша ақы төлеу тартылған мамандардың жауапкершілік дәрежесіне қарай олардың тәжірибесі мен біліктілігі ескере отырып, түрлендіріледі.
Аудиторлық қызмет көрсетудің бағаларында айтарлықтай алшақтықтар болуы мүмкін және мұның себебі түрлі жағдайлар болып табылады. Аудит құнын анықтаудың әлдеқайда оңтайлы әдісі аудиторлық ресімдерді жүзеге асыруға қажетті уақыттың санын анықтауды қолдану болып табылады.
Осыған орай нарықтық экономика кезеңінде меншік иелігінің әртүрлі түрлерінде қаржы-шаруашылық жұмыстарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру. Олардың дамуы мен нығаюының басты факторларының бірі болып есептелінеді. Бухгалтерлік есеппен қатар аудиттің рөлі артуда. Курстық жұмыстың мақсаты “ИНК” ЖШС ақша қаражаттарының есебі мен аудиті” тақырыбын толық ашып көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет