I.1 Ақша-кредит саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары
2005 жылдың алдын ала қорытындылары. Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде.
- 9 -
2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 35,7% жетті.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді.
2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда 2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде – жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде қалды.
2005 жылы азық-түлік тауарлары – 8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызмет көрсету – 8,0% қымбаттады. Баға газбен жабдықтауға – 34,5%, жемістер мен көкөніске – 23,1%, білім беру мекемелерінің қызмет көрсетулеріне – 19,5%, күрішке – 18,3%, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне – 12,5% неғұрлым өскенін көрсетті.
Бірқатар факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің артуы 2005 жылы инфляциялық қысымның нығаюына ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар нарықтарындағы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағалардың өсуі сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда Brent сортты шикі мұнайға әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5% өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті тауарларға отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне алып келді.2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге 23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді. Мұның өзі
- 10 -
экономикалық белсенділікті ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның ұлғаюына ықпал етеді.2005 жылы халық кірістерінің өсуінен туындаған инфляциялық күтулер қосымша инфляциялық фактор болды.
2005 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары (2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің деректері іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25% астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде).
Тұтыну бағаларының қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір дәрежеде әсер етті.
Ақшаға сұраныстың өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының 25,2% өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2005 жылы 74,7% өсті.
Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді.2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 8,6% өсіп, 411,8 млрд.теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде өсу 59,0% құрады.2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар) 2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4 млн. долларды құрады.
2005 жылы артық өтімділік деңгейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын күшейту шаралары қабылданды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды.Ішкі валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан шамалы ғана асып кетуі 2005
- 11 -
жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді.
Ақша-кредит саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-кредит саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап депозиттік және кредиттік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты ақша-кредит саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын ақша-кредиттік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт» заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу уақытша тоқтатылды.
Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін өсті.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарын әзірледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды негізге ала отырып, ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды болжайды.
- 12 -
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы 2006 жылы іске асыруға белгіленген шараларды нақтылай отырып, тұтастай алғанда үш жылға (2006-2008 жылдар) берілген, бұл осы құжаттың орташа мерзімді бағытын атап көрсетеді. Келесі жылдарға көрсеткіштер ағымдағы жылдың соңында нақтыланатын болады.
2006-2008 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі сценарийлік нұсқаны қарастырды. Сценарийлік нұсқаларға бөлудің өлшемі мұнайға әлемдік бағалардың деңгейі болып табылады (қалыпты бағалар сценарийі және жоғары бағалар сценарийі). Мұнайға төмен әлемдік бағалардың сценарийін нарықта бағаның күрт төмендеу мүмкіндігі қысқа мерзімді болашақта барынша төмен болғандықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырмайды.Қарастырылып отырған сценарийлік нұсқаларда экономикалық өсудің жоғары қарқыны, макроэкономикалық тұрақтылық және қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктураның сақталуы болжанады.Соңғы жылдардың тәжірибесі сыртқы қарыз алу көлемдерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай ықпалын көрсетіп отыр. Бұл фактор ақша кредит саясатын жүргізген кезде маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Мұның өзі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алу көлемдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы пайыздық ставкаларына қарамастан айтарлықтай болатынына байланысты.Есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу тетігінің өзгерістері есепке алынбады, олар 2006 жылдың екінші жартыжылдығында орын алады.
Болжамдарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігі үлгісінің нәтижелері пайдаланылды.
Мұнайға қалыпты бағалар сценарийі 2006-2008 жылдары «Брент» сортты мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 45-60 доллар шегінде қалғанда, әлемдік пайыздық ставкалар шамамен ағымдағы деңгейде сақталады деп болжайды. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары экономиканың орташа жылдық өсуі 8-9%, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері – 12-38%, ақша массасы – 24-35%, ақша базасы – 20-42% шегінде күтіледі. Экономиканы монетизациялау деңгейі 2006 жылғы 32%-дан 2008 жылы 38%-ға дейін өседі.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі алдағы үш жылдық кезеңде мұнайдың әлемдік бағасының одан әрі өсуін болжайды. Осы сценарий бойынша «Брент» сортты мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асып түседі деп күтіледі. Мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда әлемдік пайыздық
- 13 -
ставкалардың неғұрлым төменгі деңгейіне жету болжанады. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда экономиканың барынша жоғары орташа жылдық өсуі күтілуде. Халықаралық резервтердің, ақша агрегаттарының өсу болжамы мұнайға қалыпты бағалар сценарийіне қарағанда орташа алғанда 7-12 пайыздық тармаққа жоғары болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың сценарийін іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады.
Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайға қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның ішінде ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына байланысты.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-кредит саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.
Ақша-кредит саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006-2008 жылдары ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.
Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық
- 14 -
Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті» қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді.Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр. Өтімділікті шектеу бойынша көзделген шараларға қарамастан, ақша ұсынысы экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта бағамының қысқа мерзімді және алып-сатарлық ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай өзгермелі айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге асырылады.
Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын, қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау
- 15 -
мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Инфляцияны ұстау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен іс-әрекеттерін күшейтуді талап етеді. Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындаҚазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған саясат жалғасады. Сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат етілген тәртібінен жүйелі мониторинг және селективті бақылау жүйесіне тиімді өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің операторларын, провайдерлерін, сондай-ақ төлем жүйелері пайдаланушыларын бақылау және қадағалау жүйелері кіреді. Төлем жүйелерін жоғары ақпарат технологияларымен және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Төлем жүйелерінің үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа резервтік орталықты құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.Қолма-қол ақша айналысы саласында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа енгізеді, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты болып отыр. Банкноталарда жаңа қорғау және машина оқитын элементтер болады.Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету шеңберіндеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.Ақша-кредит саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік
- 1 6 -
органдармен бірлесіп экономиканың әлсіз факторларын ашатын Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау жұмысын жүргізеді. Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры,Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары) белсенді ынтымақтастық жалғастырылады.Интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру, ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің интеграцияланған валюта нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына қатысу жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
1-кесте
Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы (мұнайға қалыпты бағалар сценарийі)
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
|
Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %
|
7,6
|
5,7-7,3
|
5,0-7,0
|
5,0-7,0
|
|
Қайта қаржыландыру ставкасы, %
|
8,0
|
8,0
|
7,5
|
7,5
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері, млрд. АҚШ долл.
|
7,1
|
9,7
|
11,2
|
12,5
|
өзгеруі %-бен
|
-23,8
|
37,7
|
15,4
|
11,7
|
|
Ақша базасы, млрд. теңге
|
663
|
939
|
1184
|
1416
|
|
өзгеруі %-бен
|
14,7
|
41,7
|
26,1
|
19,6
|
|
Ақша массасы, млрд. теңге
|
2065
|
2789
|
3561
|
4413
|
|
өзгеруі %-бен
|
25,2
|
35,0
|
27,7
|
23,9
|
|
Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге
|
1654
|
2228
|
2830
|
3525
|
|
өзгеруі %-бен
|
30,1
|
34,7
|
27,0
|
24,6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- 17 -
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |