I. 2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#151829
1   2   3

2014 жыл есеп. кірістер 35 326 701,1 оның ішінде; мың теңге;



2015 жыл бекітілген. кірістер 20 481 104 оның ішінде; мың теңге;



2015 жыл нақтыланған. кірістер 32 929 409,1 оның ішінде; мың теңге;



Түсімдері

2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, қаланың әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет кірістерін болжамдау кезінде 2014 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың 9 айындағы нақты түскен түсімдердің бағалауы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.

2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді:

2015 жылға – 18 723 283 мың теңге, 2016 жылға – 21 215 917 мың теңге, 2017 жылға – 21 215 917 мың теңге.

Қалалық бюджеттің салықтық түсімдері 2015-2017 жылдарға төмендегідей көлемде белгіленді:

2015 жылға – 16 607 924 мың теңге, 2016 жылға – 19 959 417 мың теңге, 2017 жылға – 19 959 417 мың теңге.

Салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге қалалық бюджеттің жоғары тұрған деңгейдегі бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар бөліну арқылы реттелуі болжамдалуда.

Қалалық бюджетке түсетін жеке табыс салығы бойынша 78,9 пайыз, әлеуметтік салық бойынша 90 пайыз болып белгіленді, тиісінше облыстық бюджетке 21,1 және 10 пайыз.

Қала әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №2721 қаулысына сәйкес республикалық бюджет есебінен 11 714 245 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері бөлінгені ескерілді.

Сонымен қатар, қала бюджетінің кірістері облыстық бюджеттен бөлінген 1 757 821 мың теңге ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттеріне көбейтілді.

2015 жылы қала бюджетінен алып қоюлар 2 091 682 мың теңгені, 2016 жылы 4 019 307 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ қала бойынша кіріс болжамының орындалмауына байланысты 2015 жылғы қала бюджетінің шығыстарына барлығы 845 8025 мың теңгеге қысқарту (секвестр) жасалынды.

Қызылорда қаласы бюджетінің кірістерінің нақтыланған көлемі 32 929 409,1 мың теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 16 071 936 мың теңге, салықтық емес 212 492 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 593 177 мың теңге.

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттерінің түсімі барлығы 15 151 804,1 мың теңге, оның ішінде ағымдағы трансферттер 5 637 603,3 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 9 414 200,8 мың теңге.



Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
Қала бюджетінің шығындары

Қалалық бюджеттің жалпы шығындар көлемі (трансферттер, бюджеттік кредит беру және қарыздарды өтеуді қоса есептегенде) 2015 жылы 20 487 518 мың теңге, 2016 жылы 21 222 331 мың теңге, 2017 жылы 21 222 331 мың теңгеге жоспарлануда.

2015 жылы қала бюджетінен облыстық бюджетке алып қоюлар сомасы 2 091 682 мың теңге, 2016 жылы 4 019 307 мың теңге.

2015 жылға арналған бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген 512 000 мың теңге және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға бөлінген 545 470 мың теңге, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан 2013 жылы жүргізілген бақылау нәтижесінде «Қызылорда қаласының су құбыры-кәріз топтары мен имаратын 2015 жылға дейін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша мақсатсыз жұмсалған 297,9 млн.теңгенің 2014 жылы облысқа 30,0 млн. теңгесі қайтарылғанын ескере, қалған 267,9 млн. теңгесі облыстық бюджетке қайтару жоспарлануда.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайланалымаған) сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. Қала әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №2877 және 23 ақпандағы №2910 қаулыларымен республикалық және облыстық бюджеттен бөлініп, пайдаланылмаған 23 600,4 мың теңге, Есеп комитетінің 2014 жылғы бақылау актісіне сәйкес анықталған нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған 46 078,9 мың теңге, Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің 11 421,2 мың теңгесі толық пайдалануға бағытталғаны ескерілді.

2015 жылдың 1 қаңтарына бос қалдық 482 774,9 мың теңгені құрайды.

Қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің артығымен орындалуы және қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің үнемделген барлығы 401 674,4 мың теңге, қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан жүргізілген тексеру актісінде анықталған дебиторлық берешек 510 мың теңге және 2015 жылдың 1 қаңтарына құралған 932 мың теңге кредиторлық қарызды есепке алғанда, барлығы 401 252,4 мың теңге бағытталды.



Қызылорда қаласы бюджеті 9 рет нақтыланды. Жыл ішінде қала бюджеті 845 802 мың теңгеге қысқартылды.

























мың теңге

ф/г

Атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған жоспар

айырмасы

%




II. Шығындар

  1. 487 518

37 563 059,0

17 075 541,1

183,3

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

514 376

479 385

-34 991

93,2

02

Қорғаныс

5 872

5 574

-298

94,9

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

84 059

98 737

14 380

117,5

04

Бiлiм беру

10 110 156

13 377 576

3 267 420

132,3

05

Денсаулық сақтау

207

207

0

100

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

1 454 667

1 713 230,2

278 563,2

117,8

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

3 361 143

15 181 536,8

11 820 393,8

451,7

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

476 779

495 925

19 146

104,0

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

0

0

0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

126 405

156 837,3

30 432,3

124,1

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

45 874

141 561

95 687

308,6

12

Көлiк және коммуникация

516 065

1 845 963,5

1 329 898,5

357,7

13

Басқалар

  1. 481

418 786

51 305

114,0

14

Борышқа қызмет көрсету

949

1 073

124

113,1

15

Трансферттер

2 359 601

2 416 748,2

57 147,2

102,4

16

Бюджеттік кредиттер

0

35 676

35 676

0,0

17

Қаржы активтерін сатып алу

0

130 359

130 359

0

18

Қарыздарды өтеу

1 063 884

1 063 884

0

100

2015 жыл нақтыланған жоспар. шығындар 36 333 140,0 оның ішінде; мың теңге;




Жыл сайын қала бюджетінің шығындары 17 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Қала бюджетінің шығындарында облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт енгізілген.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.



Ағымдағы нысаналы трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

Мысалы, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге, көлік инфрақұрылымын күрделі жөндеуге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге және тағы басқа.



Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Мысалы көлік инфрқұрылымын дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға және тағы басқа.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде. Жалпы білім беру мектептерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, ауруханалардың, перинатальдық орталықтың, мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдар құрылыстары жүргізілуде.



Білім беру

Қаланың бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 33 017 265 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2015 жылға – 10 110 156 мың теңге, 2016 жылға – 11 315 370 мың теңге және 2017 жылға – 11 591 739 мың теңге. Жыл ішіндегі нақыталу барысында білім саласының шығындары 13 296 316 мың теңгені құрады.



2015-2017 жылдарға білім беру саласы шығындары

мың.теңге

Атауы


2015 жыл бекітілген


2015 жыл нақтыланған

айырмасы

Барлық шығындар:

10 110 156

13 377 576

3 267 420

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

1 222 960

3 730 269

2 507 309

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

8 324 339

9 142 541

818 202

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

562 857

504 766


-58 091

Оның ішінде:

 

 

 

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

0

2 705 501

2 705 501

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

474 809

511 154

0


2015-2017 жылдарға білім беру саласы шығындары
мың теңге;

Аталған шығындар құрамында базаға енгізілген қаржылар есебінде жаңадан іске қосылған білім объектілерін ұстау шығындарына 411 245 мың теңге ескерілді. 2014-2015 оқу жылында 1-2 сынып оқушылары санының артуына байланысты 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қосымша 15 013 мың теңге, методикалық кабинет қызметкерлері қалалық білім бөлімінің штаттан тыс қызметкерлер санынан алынып, штат құрамына енгізілуіне байланысты 10 184 мың теңге, орталықтандырылған бухгалтерияға қосымша 7 штат қосылуына байланысты 4 310 мың теңге, мектеп бітірушілерге сынақ кітапшасын алуға 12 099 мың теңге, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлерін ҰБТ-ге дайындау мақсатында 14 625 мың теңге және жалпыға бірдей міндетті білім қорын 3 пайызға жеткізу мақсатында қосымша 82 192 мың теңге қаржы жоспарланды.

Облыстық трансферттер есебінен жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстау шығындарына барлығы 49 923 мың теңге, оның ішінде Қорқыт ата көшесіндегі 900 орындық мектепті ұстау шығындарына 39 561 мың теңге, №267 мектеп жанынан балаларға қосымша білім беруге арналған көркемдік эстетикалық балалар орталығын ашуға 10 362 мың теңге, сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында класс комплекті саны ұлғаюына байланысты 188 730 мың теңге қаржы бөлінді. Сырдария тынығу лагеріне техникалық төлқұжат пен жер актісін әзірлеуге қосымша 800 мың теңге жоспарланды.

Қызылорда қаласындағы №3 санаторлық балабақшаны ұстау шығындарына 30 254 мың теңге, Шанхай мөлтек ауданындағы балабақшаны ұстау шығындарына 84 605 мың теңге базалық шығындар көлеміне енгізілді, сонымен қатар 2014 жылғы 10 маусымдағы №1987 «Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қала әкімдігінің қаулысымен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту (санаторлық және коммуналдық кәсіпорын балабақшалар) шығындары ауылдық деңгейге берілді, осыған орай Тасбөгет кентіндегі №2 санаторлық балабақшаны, Қызылжарма ауылындағы 280 орындық балабақшаны, Наурыз ауданындағы 140 орындық балабақшаны ұстау шығындарына қаралған қаржы шегеріліп, 123 004 «Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына ауыстырылды.

2014 жылы қамқорлыққа алынған қосымша 34 балаға жәрдемақы төлеуге 238 мың теңге қаржы қаралды.

516 балаға мемлекеттік тапсырыс қалалық бюджеттен қаржыландырылып келген, 2014 жылғы 10 маусымдағы №1987 «Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қала әкімдігінің қаулысымен 79 бала ауылдық округтерге ауыстырылды және 1 балаға 15761 теңгеден есептелді. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен берілетін «Сыр бөбегі», «Сыр еркесі», «Бегім ана» балабақшаларына жанар-жағар май сатып алуға қосымша 18 319 мың теңге жоспарланды.

Қалалық білім бөліміне қарасты №№ 4, 9, 217, 101, 173, 253 орта мектептер, «Баларман» балабақшасы мен Ақсуат, Ақжарма ауылындағы бұрынғы балабақша ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-ын әзірлеуге және жұмыстарына 179 645 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.

2015 жылғы 25 ақпандағы қалалық мәслихаттың №40/1 шешімімен «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі» бюджеттік бағдарламасына айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына және бала санының көбеюіне қосымша 19 824 мың теңге; 464 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасына қалалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс қабылдаған балабақшалардың 1 балаға шығынын бекітілген бюджеттегі 15761 теңгеден 17695 теңгеге көбейту үшін қосымша 10 142 мың теңге қаржы бөлінді. «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бюджеттік бағдарламасынан 12 099 мың теңге кемітіліп, 464 005 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бюджеттік бағдарламасына бағытталды,

2015 жылғы 31 наурыздағы қалалық мәслихаттың 41/2 шешімімен 464 006 015 «Балаларға қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына мектеп жасындағы балалардың мектептен тыс уақытын тиімді өткізу және оқушылардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау мақсатында планетарийге 1 нұсқаушы, робботтық техника үйірмесіне 1 нұсқаушы және мультимедия кабинетіне 1 нұсқаушы мен лаборант, барлығы 4 штаттық бірлікті ұстау шығындарына 2 486 мың теңге, картадром қоршауға 8 000 мың теңге, барлығы 10 486 мың теңге» бағытталды, 5 спорттық картинг машиналарын алуға 5 327 мың теңге, білім орталығына планетарий күмбезін алуға 3 050 мың теңге, 20 робот техникаларын алуға 1 403 мың теңге, мультимедия кабинеттін алуға 5 000 мың теңге, барлығы 14 780 мың теңге бөлінуде.

2015 жылғы 1 шілдедегі қалалық мәслихаттың №44/2 шешімімен қалалық білім бөлімінің ұсынысымен 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасынан үнемделген 10 416 мың теңгені орталықтандырылған есеп бөліміне 1С бағдарламасын орнатуға және 19 832 мың теңгені қаладағы 42 мектептегі «e-leaning» электрондық оқу жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге ауыстырылды.

2015 жылғы 18 қыркүйектегі қалалық мәслихаттың №47/1 шешімімен жаңадан іске қосылған білім беру нысандарын ұстау шығындары 51 038 мың теңгеге көбейтілді, оның ішінде Ипподром мөлтек ауданындағы 900 орындық мектептің ағымдағы шығындарына 45 300 мың теңге, Қорқыт ата көшесі бойындағы №271 мектептің ағымдағы шығындарына 5 738 мың теңге.

2015 жылғы 26 қарашадағы қалалық мәслихаттың №50/1 шешімімен республикалық бюджеттен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 74 108 мың теңге трансферт бөлінді.



Әлеуметтік қолдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет