Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз
дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық- фонематикалық жетілмеу жатады.
Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздікқор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзарақи ыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
Әуендік – екпіндікбұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақыл дақ және т.б.).мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзікқарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емеске кештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).
Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптердітастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өз арақи ыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріпте поқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
Сөйлеудің жүйелібұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу – есту мен сөйлеу қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г.Ф.Сергееваның зерттеуі бойынша, сөйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. Кейбір жағдайда, айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемалар ажыратылады, енді бір жағдайда айтылуда сараланатын фонемалардың өзі ажыратылмайды. Дыбыстаудағы «тірек» қаншалықты аз болса, фонема бейнелерін қалыптастыур соншалықты ншар болады. Ал, фонемалық есту қабылетін дамыту, тілдің барлық жағын қатар қамтып, дамытумен тікелей байланысты, бұл өз кезегінде, баланың жалпы дамуын қамтамасыз етеді.
Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракуста берілген мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін, ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін. Ал, қалыпты дамудағы балалар, негізінен көру арқылысалыстыру жолын қолданады. Мысалы, кітап оқу: қарапайым мәтіндерді зейін қойып тыңдайды, бірақ, оқылып болғаннан кейін, әңгіме- сұхбат ұйымдастыру өте қиын балалар оқылған кытап бойынша, мүлдем сұрақ қоймайды, тіпті өздері мазмұндап бере алмайды, себебі, монологтық сөйлеу түрінің репродуктивтік жағы қалыптаспаған. Ересек адаммен сөйлесуге қызығушылық болған күнде, әңгіме үдерісінде бала бірден бірге көше береді, оның танымдық қызығушылығы аз уақытқа ғана жетеді, әңгімелесу 5-7 минуттан артық созылмайды. Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты – аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |